«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет24/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150
Байланысты:
Дәрістер
Презентация по казахскому языку на тему Сөздің грамматикалық құрылымы
Екіншіден, психология мен педагогиканың зерттеу әдістері түрленуде, зерделенетін пәнінің жаңа қырлары айқындала бастады. Оның үстіне, әлеуметтік психология мен педагогика мәселелері алдыңғы қатардан орын алуда. Мұндай жағдайда әдіснаманың басты міндеті – нағыз психологиялық-педагогикалық мәселелерді зерттеу пәні аясынан жоғалтып алмау, зерттеулерді іргелі мәселелерді шешуге бағыттау.
Үшіншіден, философиялық-әдіснамалық мәселелер мен тікелей психологиялық-педагогикалық зерттеу әдіснамасы арасындағы алшақтық анық байқалуда: бір жағынан, психология мен педагогиканың философиясының мәселелері, екінші жағынан, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің арнайы әдіснамалық мәселелері. Бір сөзбен айтқанда, психологтар мен педагогтар нақты зерттеу шегінен тысқары жалпы, іргелі, философиялық мәселелерге жолығып отырады. Ал бұл мәселелер шешімін табуы керек. Сондықтан психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасын жетілдіру мақсатында әдіснамалық қағидалар, тұжырымдамалар қажет-ақ.
Төртіншіден, психология мен педагогика әлеуметтік ғылымдарда математикалық әдістерді қолданудың, математиканың толыққанды бөлімдерінің дамуына ынталандырудың алаңына айналып отыр. Дегенмен сандық талдауды сапалық, әдіснамалық талдаумен толықтырған жөн. Қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулер әдіснамалық негіздемелерге де мұқтаж болып отыр.
Бесіншіден, адам кәсіптік әрекеттің шешуші күші болып табылады. Бұл қағида тарихта субъективті фактордың рөлінің өсуі туралы әлеуметтану заңынан туындайды.
Қазір зерттеудің жалпы әдіснамалық қағидаларын, әдіснаманың құрылымын және оның нақты психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі қызметтерін қарастырған абзал. Бұл сұрақтарға жауаптар да біркелкі мағынада емес. Әдінаманың бірнеше деңгейін қарастырып өттік. Енді әдіснаманы әдіснамалық талдаудың түрлі деңгейлеріне сай бөлшектеп қарастыру қажет.
Жалпы алғанда, философиялық және арнайы ғылыми әдіснаманы бөліп зерделейді. Біріншісі философияның жеке бөлімі түрінде берілмейді: философиялық білімнің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметтер атқарады. Сонымен, әдіснама дегеніміз – зерттеу міндеттерін, нақты ғылым мәселелерін шешуде жалпы қағидалар мен теорияларды пайдалану болса, онда бұл ұстанымдардың жалпыламалылығы әртүрлі. Мұндай жағдайда жалпылама қағидалар, заңдар, категориялар туралы айтуға болады. Олар философиялық сипатта болады, соған сәйкес, диалектика әдіснаманың жалпы деңгейін көрсетеді де, әдіснаманың ядросы, өзегі болып табылады.
Нақты ғылымның өзегі – осы ғылымның зерттеу әдістері жүйесімен бірге зерттеудің тікелей әдіснамасы. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық қағидаларына сипаттама берген жөн.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің тиімді жүргізілуі үшін теория мен тәжірибенің бірлігі қағидасы үлкен рөл атқарады. Тәжірибе теорияның ақиқаттығының өлшемі. Теория практикаға жол ашуы керек.
Келесі әдіснамалық қағида – зерттелетін мәселені нақты тарихи тұғыр арқылы қаратыру. Зерттеу барыснда жаңа деректерге, құбылыстарға дәлелді түсініктемелер беру, қалыптасқан көзқарастарды толықтыру, нақтылау орынды.
Зерттелетін мәселеге шығармашылық тұғыр психологиялық-педагогикалық құбылыстарды зерделеудің объективтілік қағидасымен тікелей байланысты. Бұл қағиданы нақты іске асырудың әдінамалық негізі тұлғаны зерттегенде адамдардың әлеуметтік мәні бар практикалық әрекеті.
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің табыстылығы психологиялық-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды зерделеудің жан-жақтылығы қағидасына бағынышты. Бұл қағида құбылыстарды кешенді түрде қарастыруды талап етеді.
Психологиялық-педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің тағы бір қағидасы – тарихилық пен логикалықтың бірлігі. Нысанды, яғни объектіні тану оның даму логикасын, яғни тарихын елестетеді.

      1. Зерттеудің тағы бір қағидасы – жүйелілік, демек зерттелетін нысанды жүйелілік тұғыр негізінде зерделеу. Жүйелілік тұғыр жүйенің құрылымын және оны басқарудың қағидаларын анықтайды,

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде диалектиканың категориялары (мән және құбылыс; себеп және салдар; қажеттілік және кездейсоқтық; мүмкіндік пен шындық болмыс; мазмұн және форма және т.б. ) маңызды әдіснамалық рөл атқарады. Диалектиканың категориялары педагогқа білім беру үдерісінің күрделі мәселелерін шешуде сенімді әдіснамалық құрал болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық мәселелерді зерттеуде диалектиканың заңдарынан туындайтын әдіснамалық талаптарды орындау да қажет. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы қайшылықтар (ішкі және сыртқы және т.б.) арқылы көрінеді. Психология мен педагогикада тұлға дамуының қайшылықтары жүйеленген (сыртқы факторлар арасындағы қайшылықтар; сыртқы және ішкі факторлар арасындағы қайшылықтар; ішкі қайшылықтар арасындағы қайшылықтар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет