«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Педагогика әдіснамасының ғылыми мәртебесі және қызметтері



бет15/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Педагогика әдіснамасының ғылыми мәртебесі және қызметтері
Педагогикалық зерттеулер – бұл ғылыми шығармашылық емес, сондай-ақ белгілі бір нормативтік талаптарға сай іс-әрекеттер. Осыған сәйкес әдіскерлер нақты педагогикалық зерттеулерді сапалы түрде талдап оқып-үйренуді ұйымдастыру барысындағы басты мәселе ретінде ғылыми-педагогикалық әрекеттердің жалпы теориясын құрайды, ол жеке танымдық және тәжірибелік қайта өзгерту әрекеттерін түсіндіріп беріп, осы теорияның алғышарттарының зерттеу тәжірибесін анықтап бере алады. Осында педагогикалық әдіснаманың тікелей тәжірибелік маңызы бар және ол педагогикалық ғылым танудың құрамында арнайы пән болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық әрекет теориясының даму нәтижесінде төмендегідей педагогикалық әдіснаманың құрылымы пайда болды:

  • Педагогиканың даму әдіснамасының педагогикалық тәжірибемен ұштасқан ғылыми жүйеліліктің педагогикалық танымы және қайта өзгертумен өзара байланысты.

  • Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы.

  • Педагогикалық жобалаудың әдіснамасы.

Педагогикалық әдіснаманыі эвристикалық шамасы қазіргі кезеңде кіріктірілген үрдістермен көбірек байланысты болғандықтан, жүйелі қолдану мәселелері маңызды болып, ғылыми-педагогикалық тәжірибеде жүйеленген тәсілдеме арқылы әдістемелік бағыттардың жүйеленген шешімдерін шығару арқылы ғылыми ізденістерге және педагогикалық зерттеулердің жүйелі түрде ұйымдастырылуын қажет етеді.
Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анықталады. Әдіснама – бұл объективті нақтылықтың түрленуі мен танымның жалпы қағидалары, ғылыми жетістік жолдары, тәсілдері туралы ғылым. Педагогикалық құбылыстарды диалектика тұрғысынан оқып-зерттеу олардың өзіндік ерекшелігін, басқа құбылыстар мен үдерістер арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Негізінен, әдіснама жаңа, іргелі білімді алу тәсілдерін қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, іргелі зерттеулер құбылыстардың мағынасын айқындайтын болса, қолданбалы зерттеулер таным қорытындыларын тәжірибеге енгізу жолдарын қарастырады. Заманауи ғылыми, соның ішінде, педагогикалық зерттеулер үлгісі барлық аталған қызметтерді қамтиды.
Педагогика әдіснамасының мазмұнын анықтаудың қалыптасқан бағыттарын талдайық.
М.А.Даниловтың педагогика әдіснамасы жайлы ғылыми мақалалары осы саладағы еңбектердің алғашқыларына жатады. Бұған дейін жалпы әдіснама мен педагогиканың әдіснамасы ретінде марксистік-лениндік философия саналып келді. М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайылықты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып табылады».
В.В. Краевский, М.А.Даниловтың ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасын қабылдай отырып, осы анықтаманың нақтылығын, бірақ толыққанды еместігін атап көрсетеді. В.В. Краевскийдің көзқарасы бойынша, педагогиканың әдіснамасы тек білім жүйесі ғана емес, сонымен қатар, оларды жасау әрекеті саласы болып табылады. Педагогиканың әдіснамасы қаншалықты тереңірек зерттелініп, жасалынғанымен, ол маңызды сұрақтарға анық әрі дұрыс жауап бере алмай отыр: педагогиканың әдіснамасымен айналысу нені білдіреді, онымен кім айналысуы қажет; педагогикалық зерттеуді қалайша әдіснамалық қамтамасыз ету керек; педагогикалық зерттеу құрылымында ғылымнан тәжірибеге көшу қалай жүреді?.
В.В.Краевский педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайылықты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды
Педагогика әдіснамасының пәні - педагогикалық шынайы болмыс пен оның педагогикалық ғылымда бейнеленуінің арақатынасы.
Қазіргі кезде педагогикалық зерттеулердің сапасы мәселелері өзекті болып отыр. Әдіснаманың зерттеушіге көмек көрсетуге, онда зерттеу жұмысы саласында арнайы қабілеттердің қалыптасуына бағытталуы күшейе түсуде. Осылайша, әдіснама нормативтік бағыттылыққа ие және оның маңызды міндеті зерттеу жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету.
Жоғарыда келтірілген педагогика әдіснамасының анықтамасынан көріп отырғанымыздай, бұл ғылыми таным саласы екі қырынан көрінеді: білім жүйесі мен әрекет жүйесі. Әрекеттің екі түрі алынып отыр – әдіснамалық зерттеу және әдіснамалық қамтамасыз ету. Әдіснамалық зерттеу педагогикалық тәжірибемен байланысты. Оның міндеттері: педагогика ғылымының даму үрдісі мен заңдылығын анықтау, педагогикалық зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру қағидаларын нақтылау, олардың мағыналық құрамы мен әдістерін талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет