-нәтижесі құрылып жатқан жүйе моделі мен оның жүзеге асу жоспары болып табылатын жобалау сатысы;
-нәтижесі жүйенің жүзеге асыруы болып табылатын технологиялық саты;
-нәтижесі жүзеге асырылған жүйені бағалау және оның болашақтағы түзетілімдері үшін қажеттілігі немесе жаңа өнімді «шығару» қажеттілігін анықтау болып табылатын рефлекстік саты. Осы кезектіліктің ең негізгі сәті болып мәселені қалыптастыру, жүйенің моделін құру, оның жүзеге асырылуын бағалау болып табылады.
А.М.Новиковтың пікірі бойынша, әдіснаманы құру және түсіну бір ұстаным мен бір логикада ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамасын, тәжірибелік ,педагогикалық білім беру әрекетінің әдіснамасын және болашақта оқу және ойын әрекетінің әдіснамасын қарастыруға мүмкіндік береді. Әдіснаманың жалпы қызметі – ғылыми немесе жобалық әрекетті басқару.
Тұтас мемлекет немесе жеке аймақ деңгейінде бүкіл білім беру тәжірибесін реформа және педагогика ғылымының парадигмасында өзгеріс болуы мүмкін, бірақ педагогика ғылымында әдіснамалық талдауды жаңартудың әдістері мен ғылыми мазмұнын байытудың қажеттілігі өзгермейді. Қазіргі таңда ғылыми қауымдастықта педагогика әдіснамасының ғылыми мәртебесін түсіну қалыптасты. Педагогика әдіснамасы:
педагогикалық дамудың жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйе ретінде педагогикалық практика объектілерін жобалаудың жаңа әдістерімен, ғылыми жүйе ретінде ізденумен байланысты; осы әрекеттің ұйымдастырылуы, мазмұны, құралдары және нәтижелері қағидаларында теориялық жүйе ретінде түсініледі;
ғылыми таным және педагогикалық болмысты қайта құру әдіснамасы педагогикалық ғылым және педагогикалық практиканы дамыту әдіснамасы ретінде қаралады және біртұтас жүйедегі түрлі әдіснама ретінде қызмет етеді.
Педагогика әдіснамасы мағынасы және мақсаты бойынша ғылыми-техникалық зерттеуді немесе педагогикалық жобалауды ұйымдастыруды қалай жүргізу, педагогика ғылымын немесе практиканы дамытуға қатысты болжам жасау немесе қайшылықсыз педагогикалық теорияны құру, ғылыми ізденудің алынған нәтижелерін дұрыс түсіндіру мәселелеріне жауап береді. Әдіснама зерттеушіге оның ғылыми жұмысындағы ақаулықтарды немесе ауытқұшлықтарды көрсетеді, нақтылы қателіктерді анықтайды және оларды қателердің жалпыға белгілі тұрпатына жатқызып, ғылыми-зерттеу немесе жобалау-қайта құру міндеттерін шешуде нақтылы тапсырмаларды міндеттейді. Нені зерттеу немесе жобалау қажет?-деген сұрақтың орнына әдіснамашы: қалай зерттеу немесе жобалау керек?- деген сауал қояды. Осыған орай педагогика саласында әдіснамалық талдау объектісі педагогика ғылымы мен педагогикалық практиканың міндеттері, үлгілері және түрлері, шарттары мен дереккөздері, логикасы түрлі ғылыми білімнің басқа салаларымен өзара байланысты болады.
Ғалымдардың пікірінше, әдіснаманың негізгі қызметі оның адам қызметінің бүкіл әмбебаптығы арқылы атқарылады.
Негізінен, әдіснама осындай тәжірибеге емес, ғылыми әрекет тәжірибесіне де қатысты түсіндіріледі. Әдіснаманың тағы бір қызметі – гносеологиялық қызметін өткеру қажет. Басқа да қызметтері: тәжірибе мен теорияға қатысты шығармашылықты түрлендіру, педагогикалық болмыс әдістерін, педагогикалық құбылыстардың түрлену әдістемесін жасау. Әдіснама теориясына қатысты ақпараттық қызметті, яғни жалпы жаңа педагогикалық идея мен зерттеудің бағыттарын ашу және негіздеу қажет – жалпы жаңа педагогикалық идея мен зерттеудің бағыттарын іздестіру және табу. Осылайша, әдіснамалық педагогикалық зерттеудің теориялық моделінде бір-бірінен айырылмас күрделі байланысы бар екі негізгі құрамдас бөлігін көрсетеді. Олар нормативті және дескриптивті әдіснама.
Бұл әдіснама типтерінің қызметі әр түрлі. Нормативті әдіснаманың жалпы қызметі жағымды ұсыныстарды жасау мен ғылыми іскерлікті жүзеге асыру ережелері негізінде құрылымды міндеттерді шешумен байланыстырылады. Дескриптивті талдаудың қызметі ретінде жүзеге асырылған танымның ретроспективтік сипаттамасы болып табылады. Заманауи педагогикалық және жеке-дидактикалық зерттеулердің талдауы көрсеткендей, оларда айтарлықтай деңгейде нормативті әдіснамалық талдау көбірек қолданылады.
Жоғарыда айтылған әдіснама типтерінің жалпы қызметтері ішінен жиірек кездесетін қызметтері жүйесі бар, соның ішінде: а) мәселенің құрылымдық, сонымен қатар, формалды тұрғысынан да қойылуын қамтамасыз етеді; б) қойылған міндеттер мен мәселелерді шешу үшін сәйкес жолдарды анықтауға мүмкіндік береді (ғылыми шынайылықтың зияткерлік техникасы); в) зерттеудің ұйымдастырылуының жетілдірілуі.
Дескриптивті әдіснаманы қолдану педагогикада түсініктік құрылым тұрғысынан таным үдерістері мен формаларын зерттеуді қамтамасыз етіп, сонымен қатар, педагогика ғылымының дамуы барысында белгілі бір құбылысты түсіндіру сұлбасын көрсетеді. Дескриптивті, яғни, сипаттаушылық әдіснама нысанның теориялық қалыптасуын да ұсынады. Педагогиканың нормативті әдіснамасы зерттеушінің жұмысына негізгі бағыттарды анықтауға көмек береді.
Аталған қызметтердің түрлілігі педагогикалық зерттеу үдерісі барысында олардың жүзеге асырылу деңгейіндегі қажеттілікке алып келеді. Ғылыми танымда әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлері көрсетіледі. Ең қолайлы көзқарас әдіснамалық талдау үдерісін төрт деңгейлік иерархия түрінде көрсетеді:
1) философиялық әдіснама, яғни, таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы педагогика ғылымының түсініктік аппаратына қатысты құрылымдық-сыни қызметті атқаратын, құрылым сәйкестілігі мен педагогикалық зерттеу мәнін, олардың әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұрғысынан педагогикалық зерттеу нәтижелерінің танымал түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;
2) жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылыми қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешенді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеалдандыру, модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б қатысады). Жалпы ғылымилық әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады. Себебі, дәл осы кезеңде зерттеудің қағидалық бағыты анықталады, оның стратегиясы, нысаны мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады.
3) нақты ғылымилық әдіснама педагогика ғылымының зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара отырып, бір бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктерімен сәйкес байланысатын педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар, педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және т.б ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;
4) зерттеудің әдістемесі және техникасы (технология), яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы. Оның басты қызметі – құралдық немесе құралдық–технологиялық. Бұл әрдайым нақты көрінетін нормативті сипаты бар, яғни тиісті формадағы жоғары мамандандырылған методологиялық білімнің деңгейі болып тадылады. Аталған деңгейдің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуына сай жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымдардың нәтежиелері қалыптасады.
Осылайша, педагогикалық зерттеудің әдіснамасы көп атқарымды және күрделі зерттеуді, есептеу мен түсінуді қажет етеді.
Айта кететін жәйт, әдіснамалық қызметтер философиялық білімнің барлық жүйесін қамтиды. Педагогикалық зерттеуде маңызды рөлді категориялар (мән және құбылыс; себеп пен нәтиже; қажеттілік пен кездейсоқтық; мүмкіндік пен шынайылық; мазмұны мен формасы; бірегейлік, ерекшелік және жалпылық, т.б), заңдар ( қарама–қайшылықтардың күрес заңы; сандық өзгерістердің сапалыққа айналу заңы; терістеуді терістеу заңы), қағидалар (теория мен тәжірбиенің бірлікгі қағидасы; зерттелуші мәселеге нақты тарихи және шығармашылық әдіс қағидасы; объективтілік қағидасы; үдеріс пен құбылыстың жан–жақтылығын зерттеу қағидасы) атқарады.
Педагогика әдіснамасы педагогиканың өзге ғылымдар арасындағы орнын, қағидаларын анықтайды, педагогикалық шынайы болмыс туралы білімге қол жеткізу әдістерін анықтап, әдістердің дамуы мен олардың ғылыми айналымға енуін сипаттайды, құрылымды, педагогикалық теорияның даму мен қалыптасу әдістерін қарастырады, ғылым мен тәжірбиенің арақатынасы үшін тиімділікті орнату тетіктерін іздестіреді, негізгі қағидалары ғылым жетістіктерін педагогикалық тәжірбиеге енгізу әдістері нақтылайды.
Нәтижесінде, педагогика әдіснамасын жүзеге асыру жұмысы келесі салаларды қамтиды:
–ғылыми–педагогикалық білім жүйесі (педагогиканың мақсаты, қызметтері мен пәні; педагогиканың адам туралы ғылымдар саласындағы орны; педагогикалық пәндердің жалпы және айрықша мақсаттары; педагогиканың өзге ғылымдармен байланысы; педагогиканың түсініктік–терминологиялық жүйесі);
–педагогикалық құбылыстарды ғылыми таным үдерісі (зерттеу әдісін таңдау мәселесі; зерттеу әдістерінің байланысы мен ерекшеліктері; зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері; болжаудың әдіснамалық мәселелері);
–тәжірбиені педагогикалық білімдердің жүзеге асыру саласы ретінде қарастыру (тәрбиелеу үдерісінің мәнін, заңдары мен заңдылықтарын зерттеу; тәрбиенің мақсатын, міндеттері мен мәнін анықтау; тұлғаның қалыптасу факторларын зерттеу және салыстыра талдау; тәрбие үдерісінің қағидаларын, формаларын, әдістері мен ұйымдастыру технологияларын жасау).
Педагогика әдіснамасының даму үрдістерін талдай отырып, ғалымдар маңызды мәселе ретінде алдыңғы орынға педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін қояды. Педагогиканыың әдіснамасы ғалымдардың түсіндіруінше:
Достарыңызбен бөлісу: |