«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»


Зерттеудің нысаны мен пәнін анықтаудағы келесі қадам



бет65/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Зерттеудің нысаны мен пәнін анықтаудағы келесі қадам – оның ғылыми аппаратының кез келген құрамдас бөлігін түсіну арқылы алынатын ғылыми білімге қатынасын айқындау, мұнда пән жаңа білім алынуға тиісті зерттеу нысанының аспектісін көрсететінін естен шығармау керек. Зерттеу нысаны мен пәнін әдіснамалық рефлексия тұрғысынан қарайтын болсақ, зерттеу нысанын айқындай отырып, не қарастырылады? деген сұраққа жауап беру қажет. Ал пән қарастырылатын аспектіні білдіреді, нысанның қалай зерттелетіні, оның қандай қасиеттері, қызметі мен қандай қатынастары зерделенетіні туралы түсінік береді. Пәннің дәл анықтамасы ізденушіге нысан туралы барлық жаңалықты қамтуға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың пайымдауынша, зерттеу пәнінің анықтамасы ғылымда бар нысанның эмпирикалық сипаттамасы, басқа да зерттеу сипаттамалары туралы барлық мүмкіндіктерді, міндеттерді ескерудің нәтижесі деген сөз. Мысалы, оқыту барысында оқу материалын өзгерту нысанның пәні: мектеп оқулығының мазмұнын құрайтын оқу материалын дидактикалық тиімділік тұрғысынан өзгерту тұғырлары. Нысан бұл жерде: оқу материалын түгелдей өзгерту емес, оқулықтың мазмұнының құрамдас бөліктерін; белгілі бір тәсілмен, белгілі бір шеңберде өзгерту туралы.
Әдіснамашылардың зерттеу нысаны мен пәнін анықтау туралы ғылыми жұмыстарының нәтижелерін түйіндей отырып, ғылыми аппараттың осындай құрамдас бөліктерін тұжырымдауда кандай қиындықтар мен қателіктерге кезігетінін анықтадық, педагогикалық зерттеу пәні мен нысанының әдіснамалық сипаттамасы туралы бағдар-талаптар белгіледік.
Ізденушіге төмендегілерді есте ұстау қажет:
–нысан шексіз кең түрде емес, объективті шынайылық шеңберінде белгіленуі тиіс;
–нысанның кұрамына маңызды элемент ретінде пән кіруі тиіс, ол нысанның басқа құрамдас бөліктерімен тікелей байланыста болуы керек;
–нысан белгілі бір білімдер жүйесі арқылы көрінетін педагогикалық шынайылықты сипаттауы керек. Сондықтан нысанды анықтағанда оны белгілі бір ғылыми ұстаным тұрғысынан бағалау қажет. Нысанды осылайша түсіну педагогикалық тұжырымдамаларды дұрыс түсінуге, уақыт талабына сай үдемелілік жақтарды көре білуге көмектеседі;
–зерттеу нысанын анықтау – мәнді де мазмұнды ғылыми әрекет, ол зерттеушіні пәннің ғылымдағы орны мен қызметін анықтауға бағыттайды;
–зерттеу пәні – нысанның бір жағы, бөлігі ғана емес, сол арқылы нысан көрінетін, «есік» болуы тиіс;
–зерттеу пәнін анықтай отырып, зерттеуші сол саты арқылы соңғы нәтижеге келуге мүмкіндік алады;
–нысан мен пәннің өзара қатынасын былайша сипаттауға болады: нысана объективті, ал пән субъективті;
–пән – нысанның үлгісі (моделі);
–пәннің анықтамасы егер жұмыс белгіленген пәнге сәйкес берілсе, зерттеуші тарапынан белгіленген анықтамаға сәйкес аяқталған зерттеудің толықтығы туралы шағымды болдырмайды;
–зерттеудің нысаны мен пәнін анықтау зерттеушінің оның мәніне терең бойлауы мен зерттеу үдерісінде алға жылжуының көрсеткіші болып қызмет етеді;
–нысан белгілі білім жүйесіндегі көрінісі арқылы берілген педагогикалық шынайлықты сипаттайды;
–зерттеу пәні нысанға қарағанда тар ұғым. Ол нысанның бір бөлігі, бір жағы элементі болып табылады;
Нысан туралы білімнің даму сипатына қарай бұдан кейін таным пәніне айналатын оның жаңа қырлары ашылады. Зерттеу нысаны мен пәнін тұжырымдаудағы қиындықтар:
кейде жекелеген зерттеудің нысаны өзінің ауқымы жағынан бүкіл педагогиканың зерттеу нысанымен сәйкес келіп жатады: ЖОО-ғы педагогикалық үдеріс; оқушыларды педагогикалық ұйымдарда тәрбиелеу саласы; педагогикалық таным әдістері;
кейде зерттеу нысаны мен пәні арасында алшақтық байқалады. Олар әр түрлі ғылым саласына қарай бөлініп, жұмыстың біртұтастығы мен танымдық сипатына, баяндаудың қисыны мен алынған білімнің жүйелілігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Зерттеудің тақырыбынан оның мақсатына қойылатын талаптар туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет