Әдістерді таңдауда көбінесе кететін қателіктерді төмендегіше сипаттауға болады:
әдісті таңдаудың қалыпты жағдайы (бір үлгіде, өзгеріссіз) және оның нақты жағдайдың, зерттеу шарттарының ескерілмей трафареттік қолданылуы;
белгілі бір әдістің немесе әдістеменің көп тараптылығы, мысалы, анкеталық сұрау және әлеуметтік психологиялық;
теориялық әдістерді ескермеу немесе жеткіліксіз қолдану, әсіресе, дәріптеушілік, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу;
жекелеген әдістен ғылыми ізденіс міндеттерін шешуді тиімді қамтамасыз ететін тұтас әдістеме құрап білмеу;
Кезкелген әдіс өз бетінше тек жартылай дайын, өзгертуді, міндетке және ізденіс жұмысының нақты шартына орай нақтылауды қажет ететін өнім болып табылады. Ақырында, зерттеушілік әдістердің бір - бірін толықтырып, зерттеу пәнін нақтырақ, терең және толық ашатындай, бір әдіс арқылы нәтиже алатын мүмкіндік туғызатындай үйлесімін, яғни байланысын табу керек. Мысалы, оқушылармен алдын ала байқау мен бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдай отырып әңгімелесу нәтижелері немесе оларға арнайы сондай жағдай туғызу арқылы жетектеу олардың білімдерін нақтылауға, тексеруге, тереңдетуге пайдалы болары сөзсіз. Осы айтылғандар зерттеу әдістерін дұрыс таңдаудың кейбір критерийлерін тұжырымдауға мүмкіндік береді:
Зерттеу нысанының, пәнінің, міндеттерінің, әдістерінің жинақталған материалдарға бара-барлығы;
Ғылыми зерттеудің заманауи ұстанымдарына сәйкестігі;
Ғылыми болашағының барлығы, яғни таңдалған әдіс жаңа және үміт күтетіндей нәтиже беретіндігіне негізделген болжамның болуы;
Зерттеудің логикалық құрылымына (кезеңдеріне) сәйкестігі және т.б.
Білім алушылардың тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуына толық бағытталу мүмкіндігінің болуы;
Басқа әдістермен гармоникалық үйлесімді өзара байланыс.
Ғылыми - зерттеу қызметінде әдістермен қатар "әдістеме" ұғымы қолданылады. Дидактикалық зерттеу әдістемесінің өз алдына белгілі бір құрылымы болады. Оның негізгі элементтері:
теориялық - әдіснамалық бөлім, құрылым тұжырымдамасы;
зерттелетін құбылыс, үдеріс, белгілер, параметрлер; тәртіптелген (субординациялық) және үйлестіруші (координациялық) байланыстар және олардың өзара тәуелділігі;
қоланылатын әдістердің жиынтығы, олардың тәртібі және үйлесімі;
әдістердің және әдістемелік амалдарың қолданылу реті;
зерттеу нәтижелерінің жүйелілігі және жалпылау техникасы;
ғылыми ойды жүзеге асыру үдерісіндегі экперттердің құрамы, рөлі және орны;
Жақсы ойластырылған әдістеме зерттеуді дұрыс ұйымдастыру негізі болып табылады, оның негізгі кезеңдерін, базасын айқындайды, талдаулар нәтижесінде нақты материалды алуды, қажетті ғылыми қорытынды жасауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, әдістеме дегеніміз зерттеу нәтижесін алуға және оларды түсіндіруге қолданылатын амалдар мен тәсілдердің жиынтығы. Ол нысанның зерттелу сипатына, әдіснамасына, зерттеу мақсатына, айқындалған әдістерге және олардың жалпы деңгейі мен зерттеушінің біліктілігіне байланысты болады. Әдістеме барлық уақытта да әдіс ұғымынан кең ұғым, тіпті әдістеменің мазмұны қандай болса да бір ғана әдістен тұратын болса да. Айталық, байқаудың әдістемесіне - әдістің өзінен басқа техникасы, бақылау реті, оның түрлерін іріктеу, нәтижені тіркеу және нәтижені жалпылау, бақылаушының орнын және атқаратын қызметін белгілеу және т.б. кіреді. Зерттеу әдістемесін, біріншіден, құбылыстар, оқылатын үдерістер, объектілер және т.б. сырттай қарағанда көрсеткіштерінің, даму критерийлерінің іштей қалай өзгеріп жатқанын айқындаусыз, екіншіден, зерттеу әдістерінің олардың әртүрлі жағдайда көрінуінің бір - бірімен қандай қатысынсыз негіздеу мүмкін емес. Тек осы шарттарды сақтаған жағдайда ғана зерттеу үдерісінде шүбәсіз тұжырымдалған ғылыми қорытындыларды қабылдауға болады. Әдістеменің барлық құрамдас элементтері мен тұтас әдістемені зерттеудің міндеттеріне сәкестігін, жеткілікті дәлелденгендігін, дидактикалық зерттеудің ұстанымдарына толық сәкестігін тексеру керек. Дидактикалық зерттеудің әдістері дидактиканың даму барысында, проблемалар жинағының кеңеюі мен тереңдеуі барысында жаңа элементтермен дамиды және толығады. Қазіргі заманғы дидактикада педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, биологиялық және т.б. кешенді әдістер кең қолданыс табуда.
Достарыңызбен бөлісу: |