Эксперименттің мәні – зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін айқындау үшін нақты жағдайларды жасаумен анықталады. Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.
Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу:
- міндеттердің қойылуы;
- көрсеткіштерді таңдау;
- өзгермелі факторларды таңдау;
- сандық, сапалық деңгейлерді таңдау.
2. Жоспарлау:
- бақылау сандарын анықтау;
- эксперименттің жүргізілу тәртібі;
- қолданатын реттеу әдісі;
- эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы.
3. Талдау:
- мәліметтерді жинақтау және өңдеу;
- ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және статистикалық есептердің өзін де тексеру;
- нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы).
Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай төрт сатыға бөлінеді :
Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Сонымен қатар, педагогикалық экспериментке мынадай талаптар қойылады:
-эксперименттің мақсаты нақты, айқын болуы тиіс;
-эксперименттің оңтайлы нәтижелі болуы үшін зерттеу әдісіне сәйкес эксперименталдық база ұйымдастырылуы тиіс;
-зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылып, талданып, өңделуі тиіс;
-эксперименттік топ қатысушылары оның мақсаты мен міндеттерін анық білуі тиіс;
-экспериментке ғылыми болжам жасалуы және оның негізделуі анық болуы керек;
-экспериментті жүргізуде жоспарлы, жүйелі іс-әрекет ұйымдастырылуы тиіс;
-экспериментті ұйымдастырушылар экспериментті жүргізуде әрбір қадамын бақылап, үнемі талдау жүргізіп отыруға тиісті;
-экспериментке қатысушы сараптаушылар тобы зерттеушіге және зерттеу мәселесіне тәуелсіз болуға тиіс;
-эксперимент барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер нақты қағазға жазылып алынуы тиіс;
-эксперимент барысында алынған нәтижелер мұқият талдануы тиіс;
-эксперимент нәтижесі бойынша соңғы қорытынды пікір нақты, жан-жақты сипатталынып берілуі тиіс.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.