Ғылыми Техникалық Төңкеріс


Бұдан өзге, электрлендіру нәтижесінде



бет2/4
Дата15.03.2022
өлшемі35 Kb.
#135660
1   2   3   4
Байланысты:
2 омөж

Бұдан өзге, электрлендіру нәтижесінде телеграф және телефон байланысы, сәл кейін радио және кинематография, телевидение дамыды.
ХІХ ғасырдың соңындағы ірі техникалық жетістіктер әлемдегі барлық индустриалды дамыған елдердің тұтастай экономикасына және өнеркәсіпте құрылымдық өзгерістерді сөзсіз алып келді.
Егер, бұрын ХІХ ғасырдың алғашқ ы жартысында экономикада басымдық жағдайға жеңіл өнеркәсіп ( оның ішінде тоқыма) , ал 70-ші жылдардан бастап аур мндустрия, өнеркәсіп салалары басты орынға шыға бастады.
ХХ ғасырдың ортасында қоғамдық өндіріс саласында ғылымның жетістіктерін қолдану жаңа жетістіктер ашты, ол ғылымның қоғамдағы өндірістік күшке айналуына алып келді.
Өндірістік технологияларда да төңкерісті өзгерістер болып жатты : аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды енгізу, роботтехниканы қолдану өндірістің жалпылай процестерін механикаландыру мен автоматтандыруға алып келді.
Сөйтіп, ҒТТ, тек өндірістік салад ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық секілді өндірістік емес салаларда да сапалы жаңа техникалық құралдар құруға қол жеткізді.
Экономикалық қатынастардағы ҒТТ тің соңғы жетістігі- ол өндірістік күштердің жаңа сапалы деңгейі: экономика салалары құрылымының және өндіріс саласындағы жұмысшының жағдайы жылдам өзгеруі, машиналарды, жүйелерді, өндірістік кешендерді басқару фнукцияларының арнайы автоматтандырылған қондырғы ЭЕМ ( электронды есептеу машиналарына) берілуі және нәтижесінде адам мен өндірісі құралдары арасында өзара байланыс сипаты өзгерді, еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттырудың жаңа факторлары пайда болды.
Ғылыми техникалық төңкеріс жағдайында қоғамдық қажетті шығынның қуаттылық бірлігіне шаққанда төмендеу, өндірілген өнімнің пайдалылылқ эффектісі сияқты жаңа ағым әрекет етеді .
Жетілдірілген технология енгізу, синтетикалық амтериалдар алу, өндірістік процестерде электр энергиясын қолдануды кеңейту нәтижесінде жанар жағар майды, шикізаттар мен матриалдарды ұнемдеудің жаңа мүмкіндігі туды.
Ғылыми техникалық төңкеріс қоғамдық ұдайы өндірістің І ші және ІІ ші бөлімшеерінің арасында, яғни өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну құралдары өндірісі ара қатынасына елеулі ықпалын тигізді, өңдеуші өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы салаларының үлесі төмендеп, қайта өңдеу салалары жеделдете дами бастады.
Өндірістік сала мен өндірісітк емес сала арасындағы ара қатынас, соңғысының пайдасына өзгерді. Инфрақұрылым елеулі өсе бастады.
Инфрақұрылым- бұл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларына қызмет ететін салалар кешені - көлік, байланыс, жолдар қрылысы, көпірлер, аэродромдар, қоймалар, сумен қамту және канализация объектілері, білім беру объектілері, денсаулық сақтау объектілері, тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту.
Түпкілікті төңкерісті өзгерістер өндіріс техникасында болды . кибернетика, электронды есептегіш техника, лазерлі технология, ядролық энергия, қуатты ракеталық қозғағыштар, бұның барлығы кососта игеруге мүмкіндік ашты -бұл өз кезегінде бізге бұрын таныс емес экономика салаларын дамытуға жол ашты : приборлар құрылысы, телевизялық қондырғылар, электронды есептегіш техникалар, ракета құрылысы салалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет