Ғылым-техника-өндіріс- тұтыну : бірыңғай кешенді құрайды. Қоғамдық еңбек бөлінісінде жаңа айтарлықтай өзгерістер болуда : ғылым өндірісі өз алдына экономиканың бір саласы болуда. Өндірісті басқаруда электронды есептегіш техникалар мен өзге де ғылыми техникалық жабдықтар кеңінен қолданылуда. Ақпарат жинау, өңдеу және беру өндірістің дербес саласы болып қалыптасты. Бұл жаңа постиндустриалдық дәуірдің, ақпараттар экономикасы дәуірінің, басталғандығын білдіреді, есептеу уақыты ХХ ғасырдың 50-60 шы жылдарынан бастау алады. Жаңа дәуірдің басталуы мыналардың нәтижесінде болды : - қызмет саласының өсуі : білім беру, денсаулық сақтау, сауда, байланыс, көлік, өнер, мәдениет, дене шынықтыру мен спорт; - ақпарттандыру саласының дамуы мен өсуі; - ғылымды қажет ететін салалардың дамуы : авиақұрылысы, ракета құрылысы, приборқұрылысы, электроника салалары; -еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау (мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-сәулелікғ радиациялық,биологиялық және басқа технология түрлері); - -ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өндеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және қоқыс, үйінді тастауды жою, яғни қоршаған ортаны ыластамау Жаңа жағдайда өндіріс нәтижелелігін бағалауда бірінші кезекте оның саны емес , өндірлген өнімнің сапасы тұрады Экономикалық өсімнің жаңа сапасының басқа белгісі өндірістің програссивті құрылымын құрумен , ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағы өсуімен , ҒТЖ қортындысымен іске асырылатын және қамтитын қолданыстар енгізілуімен шарттыланады. Экономикалық өсімнің жаңа сапасы ғылымның ролін өзгерту жағдайында пайда болады: қоғамдағы тікелей өндіріс күшіндегі оның іріленуінің аяқталуы. Барлық аталмыш жағдайлар жиынтығы экономика дамуының жаңа сапасы экономиканы қозғайтын қасиет береді. Эконмикалық өсім көздері , яғни белгілі бір мерзімде өндірілетін қызметтің сапасы мен көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, оның өсуінің шарттары экономикалық ресурстар , экономикалық мүдделер мен талпыныстар болады. Негізі жеке меншік болып табылатын нарықтық экономика әрбір адамның еркін экономикалық мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылысы арқасында дамиды.