Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Жаратылыстану ғылымының классификациясы



бет43/103
Дата31.10.2022
өлшемі436,98 Kb.
#155879
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103
Байланысты:
ылымны тарихы мен философиясыны п ні

77.Жаратылыстану ғылымының классификациясы
Антикалық дәуірдегі білімдерді жүйелеп, Аристотель ғылымдардың алғашқы классификациясын ұсынды. Оның пікірінше, антикалық ғылымда мынадай салалар қалыптасты:
- заттар мен табиғи құбылыстардың қозғалысы туралы ғылым, оны физика деп атаған. Аристотель физиканы қозғалыстың түрлері туралы ғылым деп анықтаған. Осы уақытқа дейін осы пікір өзінің мәнін жоғалтқан жоқ.
- жасырын мәндер туралы ғылым – метафизика, европалық мәдениетте метафизика ақылға негізделген ғылымдар – теология, құдайтану, философия;
- пікір және оны негіздеу туралы ғылыми-аналитика, қазіргі ғылыми жүйеде – логика және методология;
- қоғам туралы ғылым - саясаттану;
- жан туралы ғылым - психология;
- игіліктер туралы жалпы білім – этика.
О.Конт классификациясында табиғат және адамның өзіндік ерекшеліктері қарастырылып, математика, астрономия, физика, химия, биология және социология ғылымдарына ерекше назар аударылды.
Конт классификациясының бастапқы ерекшелігі – оның құрамында бұрын болмаған социология ғылымының орын алуында. Ол осы ғылымның негізін қалаушы болды, қазіргі уақытта социология жан-жақты даму үстінде.
Ф.Энгельс ғылымдарды классификациялауда материя қозғалысының түрлерін есепке алды. Механика, физика, химия, биология әлеуметтік ғылымдар деп жіктеп, оларды материя құрылымының табиғатына қарап орналастырды.
78. Физика – жаратылыстанудың іргесі. Физика және жаратылыстану мен гуманитарлық білімнің синтезі
Жаратылыстану ғылымдарының іргелі саласының бірі – физика. Аристотельдің пікірінше, физика табиғат туралы ғылым, дене мен оның өлшемдерін зертейді.
Аристотельдің анықтамасы осы уақытқа дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Өйткені қазір де физика заттардың қарапайым, сонымен қатар, жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, физиканың заңдары мен ұғымдары, принциптері іргелі және негіздік сипатта.
Физика нақты ғылым, құбылыстардың өлшемдік заңдылықтарын зерттейді. Физиканың негізгі міндеті – қарапайым, бірақ жалпы заңдылықтарды зерттеу, өйткені солар арқылы бүкіл әлемнің үлгісін жасауға болады.
Физика – экспериментальді ғылым, оның заңдары тәжірибе алуымен анықталған фактілерге сүйенеді. Физика экспериментальді және теориялық болып екіге бөлінеді.
Зерттеу нысандарының ерекшелігіне байланысты кішкене бөлшектер физикасы, ядро физикасы, атом мен молекула физикасы, сұйық заттар мен газ физикасы, қатты денелер мен плазма физикасы, ал материяның ұйымдастырылу деңгейіне байланысты макроәлем физикасы, микроәлем физикасы, мегаәлем физикасы болып бөлінеді.
Зерттелетін үдерістердің табиғатына байланысты механика, электродинамика, квантты физика, гравитация теориясы, термодинамика және статистикалық физика бар.
Теориялық физика бұл күндері байқалатын өлшемдердің сандық қатынастарын алу, табиғат заңдарының негізінде жататын себептіліктің, симметрия қасиеттерінің, сақталу заңының жалпы принциптерін іздестіру мәселелерімен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет