Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ғылымды зерттеудің аспектілері: ғылым философиясы, ғылымтану, ғылым әлеуметтануы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы



бет2/103
Дата31.10.2022
өлшемі436,98 Kb.
#155879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
ылымны тарихы мен философиясыны п ні

2. Ғылымды зерттеудің аспектілері: ғылым философиясы, ғылымтану, ғылым әлеуметтануы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы.
Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.Ғылым социологиясы, әлеуметтануы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым социологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғамарасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам.Ғылым психологиясы ХХ-ғасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, ғылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тығыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шығармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психологиялық факторлардың ғылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы ғалымның білім өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицим негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, ғылым психологиясы индивидуальдік-шығармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдағы тұлғааралық қатынастардың ғылым процесіне, ғалымдардың интеллектуалдық қызметіне әсері зерттеу объектісіретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі кезеңде ғылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр.Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы.Ғылымның өмір сүруінің өзіғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзінің жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы.
3. Ғылымның пайда болу алғышарттары
Ғылымның пайда болуы-әр түрлі ғылымдардың дамуы немесе қазіргі ғылыми дүниетанымның тарихы: ғылым бекітетін ғылыми ілімдердің, фактілер мен құбылыстардың, әдіснамалардың, идеялардың, дүниетанымдардың, процестер мен проблемалардың тарихи дамуының көрінісі, олардың әсерін уақыт өте келе байқауға болады[1]. Ғылым, атап айтқанда, ғылыми қауымдастық алған әлем туралы эмпирикалық, теориялық және практикалық білімдердің жиынтығы. Бір жағынан ғылым объективті білімді, ал екінші жағынан оны алу және адамдар пайдалану процесін білдіретіндіктен, ғылымның саналы тарихнамасы тек ой тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның даму тарихын да ескеруі керек. Қазіргі ғылымның тарихын зерттеу көптеген сақталған түпнұсқа немесе қайта шығарылған мәтіндерге негізделген. Алайда, "ғылым" және "ғалым" сөздері тек XVIII—XX ғасырларда қолданыла бастады, бұған дейін жаратылыстанушылар өз кәсіптерін "табиғи философия"деп атады. Эмпирикалық зерттеулер ежелгі дәуірден бері белгілі (мысалы, Аристотель мен Теофрастың еңбектері) және ғылыми әдіс орта ғасырларда (мысалы, Ибн аль-Хайсам, аль-Бируни немесе Роджер Бэкон) жасалған болса да, қазіргі ғылымның басталуы жаңа уақытқа, XVI—XVII ғасырларда Батыс Еуропада болған ғылыми революция деп аталатын кезеңге оралады. Ғылыми әдіс қазіргі ғылым үшін соншалықты маңызды деп саналады, сондықтан көптеген ғалымдар мен философтар ғылыми революцияға дейін жасалған жұмыстарды "ғылымға дейінгі"деп санайды. Сондықтан Ғылым тарихшылары ежелгі және орта ғасырлар кезеңін өз зерттеулеріне қосу үшін біздің заманымызға қарағанда ғылымға кеңірек анықтама береді .
4.Ғылым- қазіргі заманғы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік прогресінің негізі.
Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді. Бұл мәдениеттің иелері өз көркемөнерін, қолөнерін және жазуын жасаған жергілікті түркі тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар еді. Орта Азия мен Қазақстанның 8 – 11 ғасырларда араб халифатына кіруіне байланысты өлкеде ислам діні таралып, мәдени өмірде араб мәдениетінің ықпалы күшейе түсті. Батыс Еуропадағы латын тілі сияқты араб тілі халифат аумағында халықаралық әмбебап тілге айналды. 2000 жылы қайта құрылған ҚР Білім және ғылым минстрлігі – ғылым мен ғылыми - техникалық саладағы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу бағдарламаларына үйлестіретін бірыңғай мемлекеттік өкілетті орган болып табылады. Министрлікке білім және ғылым мен техника саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепілдік етілген көлемде ақысыз білім алуды мемлекеттік оқу орындарында қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғылыми және педагогикалық кадрларды аттестациялау мен даярлау міндеті жүктелген. Министрлік қарамағында әр түрлі бағыттағы 130 ғылыми мекеме бар. Ғылыми зерттеулерді ҚР Президенті ұсынған “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мәдениетін түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ғылыми-техникалыө мәселелерге байланысты өзекті мәселелерді шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру мен ғылыми-техникалық потенциалды дамыту, ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін жасау Қазақстан Республикасының егемендік жолындағы стратегиялық қадамдары болды. Осы мақсатта мемлекет көлемінде ұлттық ғылыми орталықтар құру, академиялық ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғылыми потенциалын арттыру, республика аймақтарында ғылыми зерттеулерді дамыту, ғылымды ұйымдастырудың жаңа формаларын мемлекеттік қолдау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне байланысты жұмыстар жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет