14.Антика ғылымын үш ғылыми-зерттеу бағдарлама тұрғысынан қарастыру: платондық, пифагорлық, атомистік аристотельдік
Антикалық философия (лат. antiquitas "ежелгі") - бзд. VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы (бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық философ саналады.Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті. Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.
Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған.
Сандардың қасиеттерін зерттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.