53. Қазіргі заманғы әлемнің ғылыми жаратылыстық бейнесі. Әлемнің ғылыми бейнесі ғылымда нақты әлем түсінігімен одағы
адамзат орнын пайда болған маңызды жетістіктерді қамтиды. Әлемнің
жалпы ғылыми бейнесінен басқа да жеке ғылымдар тұрғысынан
әлемнің бейнесі болады. Қазіргі әдебиеттерде физикалық әлем
бейнесінің тарихи эволюциясына ғана нақты анализ жасалған. Қазіргі
таңда әлемнің үш бейнесін бөліп көрсетуге болады; ғылыми,
механикалық және эволюциялық. Қазіргі заманға әлемнің
жаратылысты ғылыми бейнесінде өз-өзін жетілдіру ерекше орын
алады. Бұл бейнеде адам мен оның ойы қатысады. Ол эволюциялы және
қайтымсыз. Мұнда жаратылдысты-ғылыми білім гуманиталық
біліммен тығыз байланысты.
Әлемнің жаратылысты ғылыми бейнесі – қазіргі заманғы постиндустриадцы қоғам технологиялардың прогрестерімен, инновациалық (инновация жаңалық) экономикамен, өндіріс аймақтарының бөлінуімен әртүрлілігімен, творчестволық еңбек келемінің көбеюімен сипатталатын, жаратылыстану ғылымының басты мақсаттарының біріболып табылады.
Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар:
1.Астрономия
2.Космология
3.Физика
4.Космогония
54.Ғылым эволюциялық механизм ретінде. Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория.Эволюциялық ілімінің негізін қалауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюция дегеніміз – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және бағытталған тарихи дамуы. Ол популяциялардың генетикалық құрамына, бейімделушіліктің түзілуіне, түрлердің түзілуі мен өліміне, экожүйенің қайта қалпына келуіне тікелей байланысты болады. Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілімінің негізгі бөлімдері:
- эволюциялық идеялар, гипотезалар және концепциялардың пайда болуы мен даму
тарихы;
- жеке филогенетика;
- жалпы филогенетика;
- микроэволюция;
- макроэволюция.
Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:
Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі.
Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.