Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ғылымның идеалдары мен нормалары- ғылыми қызметтің мақсаты мен мен оған жетудің тәсілдері туралы түсінік ретінде



бет50/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³, 1-stephenie-meyer-twilight, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2, 510 млн км рлы ты ауданы – 149,1 млн км (29%)
63. Ғылымның идеалдары мен нормалары- ғылыми қызметтің мақсаты мен мен оған жетудің тәсілдері туралы түсінік ретінде

Ғылым негіздерінің құрылымын сипаттайтын үш негізгі құрамдас бөлігі бар. Олар, біріншіден, ғылыми зерттеу идеалдары, нормалары мен критерийлері, екіншіден, дүниенің ғылыми бейнесі (көрінісі), үшіншіден, ғылымның философиялық негіздері. Ғылым негіздерінің бұл құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты және бір-бірімен әрекеттестіктікте өмір сүреді.

 

Ғылым негіздері оның теориялық базисін құрады да оның гипотезалары, заңдары мен теориялары сол базиске сүйенеді.



 

Әрбір іс-әрекет сияқты ғылыми қызмет те нақты ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты оқтын-оқтын туып отыратын белгілі мақсаттарды басшылыққа алады. Екіншіден, белгілі бір жалпы танымдық құндылықты көздейді, атап айтқанда, ең алдымен шындық туралы объективтік ақиқат білімге қол жеткізуді көздейді. Үшіншіден, болашақта практикалық қолданыс табуы мүмкін теориялар мен модельдер жасайды.

Бұл мақсаттар мен құндылық бағдарлары ғылыми зерттеудің идеалдары мен нормалары арқылы шындыққа айналады. Бірақ ол идеалдар мен нормалар ғылымның тарихи дамуы барысында өзгеріссіз қалмайды, елеулі өзгерістерге ұшырап отырады, әсіресе ғылымдағы революциялар кезінде ғылымилықтың идеалы және әсіресе ғылыми зерттеудің нормалары өзгереді. Ертедегі гректер, мәселен, дәлелді ақиқат білімді – «эпистеманы» ғылымилықтың идеалы деп жариялады. Бұл идеал Евклид құрастырған геометрияның бірінші аксиомалық жүйесінде — оның «Бастамаларында» нақты іске асқаны белгілі. Онда барлық белгілі геометриялық білімдер логикалық дедукцияның көмегімен дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалардан қорытып шығарылды.

Ертедегі гректердің ғылыми білімді құрудағы аксиомалық және дедукциялық идеалын ертедегі мысырлықтардың ғылымға дейінгі идеалымен салыстырса, олардың арасындағы орасан зор айырмашылықты байқамау мүмкін емес: мысырлықтар дәлелдеудің, қорытындылаудың орнына нақты жекеше есептерді шығарудың мысалын келтірген немесе геометриялық дәлелдеудің орнына сызба чертежын келтіріп, «қараңыз!» деп жазып қойыпты. Ертедегі вавилондықтардың математикасы да осындай ғылымға дейінгі сипатта болған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет