Эпистемология – (грекше таным, оқу, сөз) таным теориясы, гносеология. Бұл терминді американ, француз және неміс философиясында кең қолданылады. Терминнің шығуы философияны онтология және эипстемологияға бөлген шотлан философы Дж. Ф. Ферьеден туындайды («Метафизика негіздері», 1854 ж.). Сонымен Лакатостың ойынша ғылым-зерттеу бағдарламаларының бәсекелесуі сияқты болады. Мұндай көзқарас әртүрлі эпистемологиялар мен ғылымның историография арасындағы байланысты және ғылыми эволюциялық ізденіс кезінде де бірінші жолға қояды.
«Кейбір философтар, өздерінің эпистемологиялық және логикалық мәселелердің шешімін іздегенде қатты қамығады, өйткені айқындылық ғылым тарихы өздерін қызықтырған деңгейде бола алмайды. Егер шынымен тарих өз стандартына сәйкес келмесе, онда олар ғылым туралы барлық жұмыстарын тайсалмай қайта бастаулары тиіс», - деп жазады Лакатос.
И. Лакатостың ойынша, барлық методологиялық концепция историографиялық функциялдануы тиіс. Оның ең терең бағасы ғылым тарихының рациональді реконструкциясын арқылы беріледі. Бұл позициясы Лакатостың Кун мен Поппердің теорияларынан ерекшеленеді. Лакатос Попперді тарихшыл емес деп сөгеді, оның фальсифицкациалану принципінде ол тарихты қателестіретін (жоқ қылатын) логикалық екі мағыналылықты көрсетеді.
«Фальсификация және ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» (1970) жұмысында Лакатос Кунның теориясына келісе отырып, ғылыми революция иррационалды, онда материал тек топтың психологиясына икемді. Лакатостың ҒЗП концепциясы рационалды негізімен теориялық және логикалық байланысқан, олар маңызды идеялар мен теория, гепотезалар жиынтығы.
И. Лакатос Кундік көзқарасқа жақын, бірақ өзінің ғылыми танудың методологиялық концепциясын, яғни ғылыми-зерттеу методологиясының бағдарламасы деп аталатын көзқарасын ұсынды. Ол ғылымның дамуындағы ерекшеліктерінің трактовкасында ғана емес, бірақ ғылыми зерттеулердің әртүрлі логикалық бәсекелесуін бағалауда да қолданады.
Лакатостың айтуынша, бір зерттеу бағдарлама екіншісін ығыстырғанда, ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламалардың бәсекесі болып табылады.
40. Батыс және шығыстың ортағасырлық ғылымы.
Орта ғасырларда Батыс елдері мен Шығыс елдерінің арасында едәуір айырмашылықтар болды. Орта Азия мен Иран жерлерінде Х-ХІІ ғасырларда мұсылмандық ренессанс құбылысы өтті. ІХ-Х ғасырларды мұсылман мәдениетінің “алтын дәуірі” деп атайды. “Мұсылман ренессансы” деген ұғымды шығыс тілі мен мәдениетін зерттеу ғылымына енгізген швейцарлық ғалым Адам Мец бұл құбылыстың тек антика мәдениетінің қайта өрлеуі ғана емес, сондай-ақ араб, парсы, түркі, сирия мәдениетін жаңғырту екенін тілге тиек етеді. Осы өрлеуге ықпалын тигізген жағдайлардың қатарына сауаттылықтың біршама өріс алғанын, қолжазба жинау, аударма ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік және қоғамдық кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады (1). Орта Азия ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған. Бұл жерді атақты Жібек жолы басып өткен. ІХ ғасырда атақты ғалымдардың бірі Әл-Хорезми өмір сүрді. Ислам діні ғылымның дамуына тосқауыл қойған жоқ. Құран кітапта білім мен ғылымның маңызы жоғарғы орынға қойылған. Ғылымның дамуына Әл-Фараби (870-950жж), Әл-Бируни (973-1037), Ибн-Сина (980-1037) сияқты ғұламалар әсерін тигізді. Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям (1040-1123) мұсылмандық теологияның схоластикалық қағидаларын сынға алған. Орта ғасырларда мұсылман елдерінде еңбектерін араб тілінде жазған ойшылдар тобы көбейе түсті.
Егер құлиеленуші қоғамда ғылыми-материалистік жəне диалектикалық көзқарастың бастамасын салған көптеген атақты ойшылдар болса, феодализмде — орта ғасырда (ІҮ-ХҮ ғғ.) ғылыми танымға қарсы діни идеалистік көзқарас үстемдік етті. Философиялық жүйелері теоцентристік болды, яғни ең биік реалдық деп табиғат емес, құдай саналады, ол шексіз билеуші, барлық болмысты тудырушы жəне анықтаушы. Сондықтан барлық көңіл соны тануға аударылуы керек еді.Сол кездегі ойшылдар түгелдей дерлік уағыздаушылар, не діни мектептердің ұстазы болды.Осыдан философия жүйелері мұғалімдік, үйретуші сипатта келеді, оның схолистика (латынша мектеп) аталуы да əділ. Схолистиканың ролі діни қағйдаларды қорғау жəне жүйелеу, абстракциялық логика жолымен дəлелдеу. Философияның басты міндеті құдайдың өмір сүруіне арналған тезистерді бекіту болды.Августин Блаженный (354-3-430) — христиан теологі, шіркеу аталарының бірі. Ол тарихи оқиғалар құдайдың болжаумен болатының, қоғам өмірін екі қарама-қарсы күштердің (күнəкəркəпірлік, құдайлық) күресі екенін айтады. Біріншісі Рим империясының мемлекет мекемелерінде, екіншісі құдайдың рахымын алған шіркеуде орын алған. Олардың күресі шіркеудің толық жеңісіне жеткізеді, католик дінін билуші етеді. Зиялы билікті жоққа шығармаса да Августин оның үстінен дін үстемдігінің болуын қалады. Құдайдың адамға билігі “Қағида” (заповеди) көрсеткендей бір еріктің екіншісіне бұйрық беруі арқылы, сондықтан адам құдайды тыңдамауы мүмкін. Адам “құдайға ұқсас” кейіпте жасалған, басқа табиғи, ұқсас еместігінен құтыла алмайтын жандардан айырмашылығы, сол ұқсастықты өзі мойынмен шешуі керек.Фома Активинский (1225-1274) — ортағасырдың философы жəне дін ғалымы. Ол құдайды болмыстың алғышарты жəне соңғы мақсаты, таза форма деп есептейді. Құдайдың мəні мен болмысы тең, ал оның жасаған заттарында олар тең келмейді. Философия мен дін ғылымы əртүрлі, себебі теология принципі мен діни қашдалар ақыл принципі мен логика заңдары бір-біріне тəуелсіз. Дін философияны аянда берілген ақиқатты адам логикасына жақындату үшін, олардың ақылсыздық емес екенін көрсету үшін пайдаланады, сондықтан философия теологияның құлы.Ортағасырлық философтар жаратылған дүниені тану мүмкіндігінің деңгейі туралы айтысты. Бұл өсіресе екі мектеп-реализм (латынша шындық) мен номинализм (атау) арасында өтті. Айтыс жалпы ұғым, универсалилер туралы болды. Реалистер (Ф.Активинский, А.Кентерберийский) универсалилер шын өмір сүреді, олар жеке заттан бұрынғы рухани мəндер деп, заттарды тудырады деді.Номиналистер (Росцеллин, У.Оккам) шын өмір сүретін жеке заттар, ол универсалилер кейін пайда болады, оны адамдар жасайды, жəй атаулар дегенді қолдады. Олардың пікірінше жалпы үғымдар ақылдың жемісі, бірақ негізін заттардың өзінен алады.
Номиналистер құдайдың алдында алдын-ала берілген жалпы ұғымдар болған жоқ деді. Олар құдайдың еркімен істелген дүниені жарату ісінен соң пайда болады. Осыдан бұл ағым өкілдерінің тəжірибеге, табиғатты тануға көп көңіл бөлуі шығады.
41. Батыс және Шығыс өркениеттік дихотомиясының әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
Мəдениет пен ғылым арасындағы қатынастың механизмі рельефтік түрде техногендік (батыс) жəне дəстүрлі (шығыс) өркениеттерді салыстырғанда айқын.
Батыс өркениеті - бірінші түрде, техногенді өркениет, өзінің бастамасын ежелгі антика кезеніңде тауып ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Еуропада толық қалыптасып, содан Солтүстік Америкаға, Австралия мен Японияға көшті. Осы өркениет үшін табиғаттын байлығы мен күшін меңгеру сипатты: сыртқы əлем адамның ғылыми-техникалық қызметінің кеңістігі, табиғатты жаулау мен өзгертуі, құбылыстарды тануда дискурсивтік, логикалық-математикалық жолға негізгі акцент жасау.Батыс мəдениетінің профессионалдық жəне басқа аумақтарына «жетістік» этикасы сипат, «Мен» жəне «Мен еместі» нақты ажырату, тұлғаның дербестігіне, қайталанбайтындығына назар аудару. Адам биоəлеуметтік жан, экономикалық жəне техникалық прогресс арқылы хайуандықтан қазіргі постиндустриалдық деңгейге дейін бірізгілік қозғалыс жасады. Осының бəрі батыс ғылымының принциптарына, оның бағыттары мен ұстанымдарына əсер еткен: ақиқатқа жету түрінде жаңалық пен біртуманың құндылығы, техника мен технологияның ғылыми идеяның материализациясы ретінде даму, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары мəңгі өзгерісті деген идея, жойылмайтын жаңа фактілер мен ескі заңдылықтар арасындағы қайшылықтар, сол себепті жаңа теориялардың қажеттілігі - осылардың бəрі батыс ғылымның қазіргі негізгі нормалары.Жалпы ғылым адамдары үшін, тек техногендік қоғамның адамдары ғана үшін емес шығармашылық пен дербестіктің мұраты, иілмелі динамикалық ойлауда сипатты, өзінің ғылыми жəне қарапайым сананың рефлексиялығы мен бағытында ашық. Батыстың ғылыми ойлауының классикалық түрі бірізгілік, бірсызықты, бинарлық логикамен негізделген, яғни қайшылықты жəне оның шешімінің бар екенін мойындамау деген. Түбінде, батыс ғылымының даму тенденциялары оны постклассикалық деңгейіне əкелді; яғни, дүниенің ізгіліксіз бейнесіне. Мысалы, плазмадағы ізгіліксіз толқындар, сұйықтық пен газдағы турбуленттік, үлкен ұжымдардың мінез-құлықтары т.б. Сөйтіп, батыс мəдениетінің ғылымының дамуы қоғамдық сананың келесі типтерінің бір-бірін ауыстыруы, кезеңдерге бөлінеді: магиялық, этникалық, полистік, діндік, ғылыми, қалыптаса келе жатқан, постғылыми. Жаһандау мəселелерге қарамастан техногендік мəдениеттің болашағы ғылыми- техникалық жаналықтармен байланысты. Шығыс мəдениетінің дамуы - ол үнді-буддалық (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.), араб- исламдық (б.д. VІІ ғ.), қытай-конфуцийшылдық (б.д.д. VІ ғ.) дүниеге көзқарастар. Келесіде осы мəдениеттерге тəрізді қоғамдар дəстүрлі қоғамдар деп аталады.Ежелгі шығыс көзқарастары бойынша əлем түсінігіне келсек, табиғаты біртұтас, тірі, бір-бірімен байланысты, өзі арқылы жетілген ағза, адам соның бір бөлігі деген түсінікке негізделген; будда көзқарасында дүние бір түрлі, бəрі бір деңгейде, əр зат, құбылыс басқа зат пен құбылысқа тəуелді, өзінің жағдайымен байланысты. Сөйтіп, табиғатты өзгертпей сақтау қажет; мысалы Қытайда жетілген Дао (табиғат синонимы), алғашқыда болған, енді жетілмеген келешегі мен қазіргі жағдайында бар.Батыстан тыс, өзгеше ғылымның идеалы қалыптасқан. Шығыс көзқарасында əлем - ғарыш, ал адам соның бөлігі. Шығыс мəдениетінде де табиғат пен мінез-құлықтарды меңгеру мақсат қойылады. Шығыста адамның бостандыққа жолы - жаңа жолды іздеу емес, ол бар болмыстан бет бұру. Өмір қағидасының бірі - əрекетсіздік, дегеніміз іс-əрекетті жоққа келтіру емес, табиғи жолды бұзбау, адамның органдарының арасындағы жəне табиғатпен үйлесім ырғағы. Табиғи процестердің жағдайын адам өзінің дұрыс емес істерімен бұзады. Сөйтіп, Қытай философиясының бағыттарымен мектептері жалпы жəне ортақ рухани негізден - Дао мəдениетін тамыр қылып алады, өзі ол ғарыштың гармониялық құрылысы мен өмір мəні, инь жəне ян ырғағымен сақталады. Олардың ырғағы мен байланысы табиғат пен Ғарыштың, Əлемнің қозғалыс себебінің өзгерісі. Сөйтіп, шығыс ойлауында дəстүр мен нақты қалыптасқан үлгілерге мəн беріп, жаңа білімге ешқандай құңдылық бермейді. Шығыс ғылымы нақтылықтан абстракциялануға тырыспайды, құбылыс пен, фактілермен жалпы заңдылық арасында шекара жасамайды. Батыс ғылымында ақиқатты тану ол жалпылықты білу, ал Шығыста нақты мен жалпының арасындағы тендік пен үйлесімділікті қажет етеді. Солай, танымның субъектісі мен объектісін қарама- қарсы
42. Теориялық танымның методтары: формалдау, аксиоматикалық, гипотетикалық-дедуктивтік, абстрактылықтан нақтылыққа өту, диалектика, жүйелік әдіс және жүйелі талдау.
Сананың негізінде білім жатыр. Философияда сол сананың пайда болуына байланысты объективті шындықты білуге болады.
Жалпы айтар болсақ таным адамға практикалық күнделікті іс үшін қажет. Білу арқылы адам дүниеде өзін жоғары санай отырып, өмірге өз білімімен әсер етіп, белгілі мақсатқа жетеді. Философияда таным барысында екі көзқарас қалыптасты: гностицизм және агностицизм.
Гностицизм – танымның бүгін мен ертеңіне оптимистік түрде қарайды. Олардың пікірінше әлемді тануға болады. Адамның дүниені танудағы мүмкіндігі өте зор.
Агностицизм – танымның нақты екендігіне күмән келтіреді, тану мүмкіндігін жоққа шығарады. Танымға қарсы алғашқы ілімнің бірі – антика заманының скептицизмі. Олар көрінген пікірге қарсы пікір табуға боладыдеп ақиқат білімді мойындамайды.
Таным теориясы – философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс құрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |