Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Ортағасырлық Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстағы ғылым. Әл Фараби, әл Бируни, ибн Сина, ибн Рушдтың ғылыми көқарастары



бет25/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³

27. Ортағасырлық Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстағы ғылым. Әл Фараби, әл Бируни, ибн Сина, ибн Рушдтың ғылыми көқарастары

Ал орта ғасырлық Шығыста математикалық, физикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами бастады. ІХ ғасырда Птоломейдің «Астрономияның ұлы математикалық жүйесі» кітабы араб тіліне аударылды. Европада «Альмагест» деп аталатын бұл кітаптың аудармасы мен оған берілетін түсініктемелер аспан денелерінің орнын есептеуге арналған әртүрлі таблицилар мен кестелерді жасауға мүмкіндік береді. Әл-Бируни (973-1048) – орташа салмақ туралы ілімнің авторы, астрономиядан, математикадан, философиядан, филологиядан, географиядан, тарихтан, яғни, ғылымның барлық бөлімін қамтитын 150-ден астам еңбек жазған. Натурфилософ А.Р.Бируни ғылым мен практиканың өнердің пайда болуы туралы прогрессивті идеялар айтқан. «Геодезияда» ғылымды адам өмірінің қажеттілігі тудырғаны, сонан соң олар өзіндік даму барысында жеке-жеке салаларға бөлінгендігі туралы айтылады. Бируни тек білім мен еңбек адамды ізгілендіреді, еңбек жоғары адамгершілік қасиеттерді дамытады деп атап көрсетті.

Абу Али ибн Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, дәрігер. «Медицина канонын» жазды. Ибн Сина «Сауығу кітабы» мен «Білім кітабында» табиғатты зерттеуге көп көңіл бөлді, логикалық ойлау мен тәжірибенің, ақыл мен эксперименттің бірлігі принципін жақтады. Таным процесінде сезімдер мен ақыл-ойдың өзара байланысын көрсете отырып, Ибн Сина танымның жоғары сатысы абстракция деп есептеген; қабылдауға негізделген баяндау мен жинақтаудан туындайтын анықтамаларды бөліп қарастырған. Теория мен практиканың өзара тығыз байланысына ерекше мән берген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет