28. Әл-Хорезмидің еңбектері және олардың маңызы
Мұхамед ибн-Мұса әл-Хорезми (780-850) математикадан бірнеше көрнекті еңбектер жазған, олар латын тіліне аударылып, европада оқулық ретінде қолданылған. Хорезмидің «Әл-Жабр уа әл-Муқабала» атты еңбегі математика тарихындағы алгебраны дербес баяндауға арналған тұңғыш кітап. Сондықтан да кейде Хорезмиді алгебраның атасы деп те атайды. Ал оның «Жер түрлері жайындағы кітап» араб тілінде жазылған бірінші географиялық шығарма болды. Хорезми астрология, күн сағаты туралы еңбектер жазған, астрономиялық, тригонометриялық таблицалар жасаған.
Әл-Хорезми Көне Үнді, Орталық Азия мен Грекияның ойшылдарының еңбектерін жан-жақты зерттеп, олардың негізінде құнды топшыламалар жасаған. Солардың мәліметтеріне және өзінің жеке байқауларына сүйене отырып, орта ғасрлардағы математика мен жаратылыстанудың маңызды бағыттарына бастау болатын еңбектер жазған. Әл-Хорезмидің 10-нан астам жұмыстары сақталған. Олардың арасында алгебралық трактат, арифметикалық трактат, астрономиялық кестелер, географиядан, тарихтан және күн сағаттары мен күнтізбек туралы кітаптары бар. Әл-Хорезми алғашқылардың бірі болып карта сызды.
Достарыңызбен бөлісу: |