Микробиология ғылымының даму тарихының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз. Л. Пастер, Р. Кохтың еңбектері және олардың Микробиология мен иммунологияның, вирусологияның және басқа да байланысты ғылымдардың дамуындағы маңызы



бет1/3
Дата24.01.2022
өлшемі27,87 Kb.
#113875
  1   2   3
Байланысты:
1,2,3


  1. Микробиология ғылымының даму тарихының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз. Л. Пастер, Р. Кохтың еңбектері және олардың Микробиология мен иммунологияның, вирусологияның және басқа да байланысты ғылымдардың дамуындағы маңызы.

Ғылымға дейінгі дамуы: Адамдар ежелден микроорганизмдермен байланысты процесстерді білді, бірақ оның нақты себептерін түсінбеді. Дегенмен бұл процесстердің табиғаты белгісіз болса да, ол тұрмыста кеңінен қолданылды.  Өз уақытында Гиппократ(460-337ж б.з.б) жұпалы аурулар көзге көрінбейтін организмдердің әсерінен пайда болуы мүмкін деп айтып кеткен болатын. Бірақ, микроәлемнің ашылуына жақынырақ келген Джироламо Фракасторо(1478-1553) болатын. Оның пайымдауынша, инфекцияны кішкентай денешіктер туғызып, ауру адамға тигенде беріліп және оның киімдерінде сақталады деген. Дегенмен бұл уақытта оның ойына көз жеткізу мүмкін емес болды.

Сипатты түрдегі ғылым: Оптикалық аспаптардың дамуы микроорганизмдердің зерттелуіне жол ашты. Ең бірінші микроскопты 1610 жылы Галилей ойлап тапқан болатын. Ал 1665 жылы Роберт Гук алғаш өсімдік жасушаларын көрді, бірақ оның 30 есе үлкейтейтеін құралы қарапайымдыларды немес бактерияларды көруге мүмкіндік бермеді. В.Л.Омелянскийдің пікірі бойынша микроорганизмдердің әлемін ең алғаш ашқан ғалым Афанасий Кирхер(1601-1680) болып табылады, әдетте микроәлемді ашқан деп Антони ван Левенгукты айтамыз. Антони ван Левенгук өзінің хатында 1676 жылдың 24 сәуірінде  бір тамшы судан көрген ағзалар, сонымен қатар бактерияларға сипаттама береді. Ол оларды «өте ұсақ жануарлар» деп санады. Оның жаналығы әлемдік сенсация болды.

Келесі 100-150 жылда микробиологияның дамуы тек жана түрлердің ашылуымен шектелді. Микроорганизмдердің алуан-түрлігін зерттеуде елеулі орын алған дат биологы Отто Фридрих Мюллер болып табылады. Ол 1789 жылға қарай Линнейдің бинарлы номенклатурасы бойынша 379  түрді ашқан болатын. Сондықтан бұл кезеңді біз микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға болады. 
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740—1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады. 
Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын. Тереховский өз зерттеуінде ең алғашқы рет эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмысында пайдалануға мүмкіндігі барлығын дәделдеді. 
Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылым-ның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822— 1895) өзінің зерттеулерінін, нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді. Пастер микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады. 
Осы кезге дейін спирттік ашу процесі және түрлі органикалық қалдықтардың шіруі таза химиялық жолмен жүреді деген пікір үстем болып келді. Әсіресе бұл пікірді қолдаған атақты неміс химигі Ю. Либих еді. Л. Пастер ашу процесінің табиғатын жете зерттей отырып, бұл құбылыстың микроорганизмдер қатысымен жүретінін дәлелдеді. Осының нәтижесінде сүт қышкылды ашу, спиртті ашу процестерін қоздырушы бактерияларды тауып, оларды жекелеп бөліп алып өсіреді. Бұдан әрі ашудың химиялық теориясын — бұл процесте оттегінің міндетті түрде қатысатыны, онсыз ашу процесінін, жүрмейтіні жайында пікір айтты. Пастер 1861 жылы ашудың басқа түрі — май қышқылды ашу процесін тапты. Ол бұл процестің ауадағы оттегінсіз жүретіндігін анықтады. Сөйтіп, Пастер микроорганизмдердін, екі тобының болатындығын, яғни аэробты (оттегі бар жерде тіршілік ететін) және анаэробты (оттегінсіз тірщілік ететін) топтарын ашты. Пастердің бұл жүмысының тағамдық заттарды сақтауда, түрлі ашу процестерінің технологиясын жасауда зор маңызы болды. Көптеген микробиологиялық әдістер де, яғни қоректік ортаны даярлау, оны залалсыздандыру (стерилизация) Пастердің еңбегінің арқасында ашылды. 
Адамда кездесетін жұқпалы аурулардың тегін зерттей келе, Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер екендігін анықтады және мал мен адамды бұл аурулардан сақтандырудың жолдарын көрсетті. Ол — топалан. және қүтырма ауруларына қарсы вакциналар жасап, іс жүзінде қолдана білді. Микробиология ғылымының бұдан былай дамуында Пастердің осы жұмысының зор маңызы болды. Өзінің атақты жұмыстарымен Пастер микробиологияны практикалық маңызы зор ғылымға айналдырды.

Микробиологияның алтын ғасыры: 1880-1990 жылдар микробиологияда өте көптеген ашылулармен ерекшеленеді. Көбінесе бұл жана зерртеу әдістерінің ашылуымен байланысты. Өз кезегінде бұл салада Роберт Кохтың еңбегі зор. Ол туберкулез (өкпе ауруы), холера ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп, олармен күресудің нақты жолдарын көрсетті. Сонымен қатар Роберт Кох белгілі микроорганизмдерді өсіру үшін жеке бөліп алып, тығыз қоректік ортаны қолдануды ұсынған алғашқы ғалым. Бұл әдісті қолдана отырып мамандардың табиғаттағы микроорганизмдер тобынан қажетті түрді жеке бөліп алуларына мүмкіндік туды.

Кохтың әйгілі постулаттары:


  • Ауру тудырушы объект адамда үнемі болуы тиіс

  • Ол таза дақыл түрінде шығарылуы керек

  • Шығарылған организм тәжірибелік жануарларда ауру адамдағы сияқты симптомдар көрсетуі керек

Бұл ережелер тек қана медицинада ғана емес, сонымен қатар экологияда да организмдердің әртүрлі процесстерін анықтауда кеңінен қолданылды. Сонымен қатар Кох бактерияларды бояудың әдістемелері мен микрофотографияны қолдануды енгізді. Кохтың еңбектеріндегі әдістемелерін бүкіл әлемнің микробиологтары қабылдап, әдістемелерді байыту басталды.

Микробиология ғылымына бұдан былай елеулі үлес қосқан КСРО оқымыстылары болды. Бұл салада, әсіресе орыс оқымыстысы И. И. М е ч н и к о в т ы ң (1845—1916) еңбегі зор. Ол микробиологияда бірқатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И. И. Мечников «фагоцитоз және оның иммунитеттегі ролі» туралы тыңғылықты ілім жасады. И. И. Мечников адам баласы қартаюыңың басты себебі болып есептелетін түрлі жұқпалы ауруларды емдеуде қазір қолданылып жүрген дәрілерді (антибиотиктерді) алудың ғылыми теориялық негізі — антагонизм туралы ілім жасады. Антагонизм — тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдердің бір-бірімен күресі. Сөйтіп, И. И. Мечников организмнің ұзақ жылдар бойы тіршілік етуге қабілеттілігі бар екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Ол Ресейде бірінші болып Одесса қаласында бактериологиялық лаборатория ұйымдастырды. Отандық, әсіресе советтік микробиологияны тамаша табыстарға жеткізіп, біздің елімізде денсаулық сақтау жөніндегі барлық маңызды мәселелерді шешуге бар күшін жұмсаған оқымыстылардың бірі — құрметті академик Н. Ф. Гамалея (1859—1949). Ол микробиология және бактериология саласында көп еңбектер жасады. Мечниковпен бірге Россияда бактериологиялық ла-бораторияны ашуға белсене қатысты, ал Мечников қайтыс болғаннан кейін оны өзі басқарды. Ол көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде микробтар дүниесіндегі ерекше организмдер — бактериофагтарды ашып, зерттеді. Сөйтіп, ол соңғы жылдары елімізде зор қарқынмен дамыған вирусология ғылымының негізін қалаушылардың бірі болды. Гамалея оба және туберкулез ауруларының кейбір мәселелерін зерттей отырып, оларды емдейтін отандық препараттар жасады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет