48.П.Фейерабендтың «эпистемологиялық анархизмі» және оның ғылым тарихын рационалды реконструкциялау мүмкіндігін жоққа шығаруы
П. Фейерабенд (1924-1994) – американдық-австриялық философ және ғылым әдіскері, постпозитивтік философияның радикалды қанатының өкілі. Бұл оның ғылым әдістемесінен де, оның неопозитивизмді сынау сипатынан да көрінеді. Оның ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары дәлелдеген «эпистемологиялық анархизм» тұжырымы кең танымалдылыққа ие болды, мұнда ол ғылыми және дүниетанымдық плюрализмге тоқталады. Контриндукция кеңінен танылған және мойындалған теориялармен және жан-жақты негізделген фактілермен сәйкес келмейтін болжамдарды жасауды және енгізуді талап етеді. Фейерабенд ұсынған бұл принцип «эпистемологиялық анархизм» теориясын тудырды. Кун ғылыми білім мен ғылыми ұтымдылық принциптерінің қатыстылығы туралы тұжырымды ұсынып, оларды ғылыми қауымдастыққа байланыстырса, Фейерабенд ғылыми қауымдастықты жеке тұлғамен алмастырды. Ол: «ғалым қандай да бір нормаларға бағынбауы тиіс, ол фактілер мен құбылыстарды ешқандай идеялар мен теориялардың қысымына түспей, дербес зерттеуі қажет. Ғалым дәстүрлерге, нормаларға, парадигмаларға иек артса, оның зерттеу тақырыбы басқа тақырыптарға тәуелді болса, бұл ол жасаған теорияның объективтілігі мен шынайылығына кепіл болмайды. Басқалардың ғылыми қызығушылықтарын қолдай отырып, өзге көзқарасқа сабырмен қарау қажет, осының өзі жеткілікті» деп жазды. Фейерабендтің ойынша, ғылыми ойлау стандарттары материалдық ықпал күшіне, метафизикалық күшке ие, сондықтан ғалым көп жағдайда оларға бейімделуге мәжбүр болады. Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмін» «идеялардың бассыздығын», иррационализм ретінде түсіндіруге де болады. Ол білімнің сабақтастығына, ғылымның тұрақты дамуына алып келетін факторларға жеткілікті назар аударған жоқ. Алайда, оның шынайы ғылымға берген сипаттамалары көбіне дұрыс болып келетін, сондықтан оның идеялары бірден сынға ұшырап отыратын. Заманауи ғылымға «ішкі жағынан» қарай отырып, Фейерабенд көптеген зерттеушілерге классикаллық ғылымның архаикалық, догматтық идеалдарынан бас тартуға көмектесті. Ол заманауи ғылымда плюрализм, толеранттылық принциптерінің қолданылу құқығының бірдей екендігін, ғылыми элитаның ғана емес, ғалымның да шығармашылық ізденіс жүргізуге құқығы бар екендігін көрсетті. Бұл принциптердің орындалмауы ғылыми танымның тоқырауына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |