Гик-81 Жумалиева Жанерке Кадрбаев Султан Үмбетәлі Нарбота Алдан Еркебулан



бет1/8
Дата08.05.2020
өлшемі140,88 Kb.
#66637
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
менеджмент


МЕНЕДЖМЕНТ

Ұйымдық өзгерістер



ГИК-81

Жумалиева Жанерке

Кадрбаев Султан

Үмбетәлі Нарбота

Алдан Еркебулан

Ұйымдық өзгеріс – ұйымның қандай да бір бөлігіндегі кез келген елеулі өзгеріс. Соның нәтижесінде, өзгеріс ұйымның іс жүзінде кез келген аспектісін: жұмыс кестесі, бөлімдерге бөлу негіздері, басқарылу мөлшері, құрал-жабдықтар, ұйымдық дизайн, адамдар, т.б. қамти алады. Ұйымдағы кез келген өзгерістің сол өзгеріс болып жатқан нақты сала шегінен шығып кететін салдары болуы ықтимал екенін есте сақтау маңызды. Неліктен ұйымдар өзгерісті қажет етеді? Басты себеп – ұйымға қатысы бар нәрселер өзгерді не болмаса жақын арада өзгеруі ықтимал. Сондықтан ұйымға өзгергеннен басқа жол қалмауы мүмкін. Әрине, ұйымдар көбіне бетпе-бет келетін проблемалардың негізгі себебі – алдын ала болжауға қабілетсіздік не болмаса өзгеріп жатқан жағдайларға орай дұрыс әрекет жасау.

Өзгеріске итермелейтін күштер Ұйымды өзгертуге итермелейтін күштер сыртқы немесе ішкі болуы мүмкін. Өзгерістің сыртқы күштері ұйымның жалпы және жұмыс ортасынан туындайды. Мысалы, екі энергетикалық дағдарыс, жапон машина жасау индустриясының қарқыны, валюта бағамының еркін ауытқу мен халықаралық пайыздық ставканың ауытқуы – жалпы ортаның халықаралық өлшемдерінің барлық көріністері – АҚШ автомобиль жасау компанияларын түбегейлі өзгертті.

Экономикалық аспектіге инфляция, тұрмыс құны және ақшалай қаражаттың ықпалы бар. Әлеуметтік және мәдени аспектіге әлеуметтік құндылықтар әсерін тигізеді, ол нарықта қандай өнімдер мен қызметтер қабылданатынын анықтайды. Жұмыс ортасы өзінің ұйымға жақындығына байланысты, өзгеріс үшін ең мықты күш. Бәсекелестер ұйымға өз баға құрылымы мен өнімдер желісі арқылы әсер етеді. Hewlett-Packard компьютерлердің бағасын төмендеткенде, Dell корпорациясына оның соңынан ілескеннен басқа жол қалмады. Себебі клиенттер қай өнім қандай бағамен сатылатынын анықтап отыратындықтан, ұйымдар клиенттердің талғамы мен ықыласын білуге мүдделі болуы керек. Ұйымның ішіндегі алуан түрлі күштер өзгеріс туғызуы мүмкін. Топ-менеджмент ұйымның стратегиясын қайта қараса, ол ұйымдық өзгеріске әкелуі мүмкін. Электроника компаниясының отандық компьютер нарығына ену не болмаса он жылдық өнімді өткізу жоспарын 3%-ға арттыруға шешім қабылдауы ұйымдағы көптеген өзгерістерге себеп болуы мүмкін. Өзгеру үшін басқа ішкі күштер сыртқы күштердің көрінісі болуы да мүмкін.

Жоспарлы өзгеріс – келешек оқиғаларды күту барысында уақытылы және тәртіппен жасалып, енгізілетін процесс.

Мәжбүрлі өзгеріс – жағдайларға олардың дамуына қарай кезең-кезеңімен жауап беру. Мәжбүрлі өзгеріс асығыс болуы мүмкін, нашар ойластырылуымен қатар орындалу ықтималдығы да арта түседі. Сондықтан, жоспарлы өзгеріс мәжбүрліден гөрі жақсырақ деп есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет