Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Танымның эмпирикалық деңгейінің ерекшеліктері және сипаттық белгілері



бет44/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³

53. Танымның эмпирикалық деңгейінің ерекшеліктері және сипаттық белгілері

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады.



54. Негізгі эмпирикалық білімнің, фактілердің (бақылау,эксперимент және өлшеу) қалыптасуы

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады. бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; Эмпирикалық  зерттеуде  бақылау  мен  эксперименттен 


басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты тәсілдер 
қолданылады.  Факт  эмпирикалық  зерттеудің  басты  элементі  және 
ғылыми білімнің формасы болып табылады.  
Факт  (лат.  factum  –  жасалған,  істелген  сөзінен):  а)  шындық 
түсінігінің синонимі, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарама-
қарсылық;  б)  эмпирикалық  білімді  тіркейтін  ерекше  ұсыныс,  яғни 
бақылау  мен  эксперимент  барысында  алынған  білім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет