66. Дүниенің ғылыми бейнесінің негізгі типтері: жалпығылыми, жаратылыстанулық, әлеуметтік және жергілікті (арнаулы)
Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді: Жаратылыстану ғылымы (Биология, Химия, Физика...) ұлы табиғатты зерттейді; Қоғамдық ғылымдар (экономика, психология, әлеуметтану...) жеке адам мен қоғамды зерттейді; формалды ғылым (философия, логика, математика, теориялық компьютер ғылымы...) негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді. Мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар арасына қосуға қарсы пікірлер бар, кезінде Аристотель оларды Құралдық ғылымдар деп атаған. Егер ғылыми білім практикалық қажеттілікті көздесе, тіке технологияға айналып нақты пайда берсе, онда ол (мысалы медицина, инженерия секілді) Қолданбалы ғылым деп атайды. Ол көбінесе нақты қолданысы мәлім жанама жолмен іске асатын Теориялық ғылымға салыстырмалы айтылады.
Ғылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлік, интуиция, эмоция, көңіл-күй, қалау, діни көріпкелдік секілділер қабылданбайды. Қазір академиялық ірі зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар мол қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. Ғылымның дамуына ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта қарап, адамзатқа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы қарастырыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |