78. Физика – жаратылыстанудың іргесі. Физика және жаратылыстану мен гуманитарлық білімнің синтезі
Жаратылыстану ғылымдарының іргелі саласының бірі – физика. Аристотельдің пікірінше, физика табиғат туралы ғылым, дене мен оның өлшемдерін зертейді.
Аристотельдің анықтамасы осы уақытқа дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Өйткені қазір де физика заттардың қарапайым, сонымен қатар, жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, физиканың заңдары мен ұғымдары, принциптері іргелі және негіздік сипатта.
Физика нақты ғылым, құбылыстардың өлшемдік заңдылықтарын зерттейді. Физиканың негізгі міндеті – қарапайым, бірақ жалпы заңдылықтарды зерттеу, өйткені солар арқылы бүкіл әлемнің үлгісін жасауға болады.
Физика – экспериментальді ғылым, оның заңдары тәжірибе алуымен анықталған фактілерге сүйенеді. Физика экспериментальді және теориялық болып екіге бөлінеді.
Зерттеу нысандарының ерекшелігіне байланысты кішкене бөлшектер физикасы, ядро физикасы, атом мен молекула физикасы, сұйық заттар мен газ физикасы, қатты денелер мен плазма физикасы, ал материяның ұйымдастырылу деңгейіне байланысты макроәлем физикасы, микроәлем физикасы, мегаәлем физикасы болып бөлінеді.
Зерттелетін үдерістердің табиғатына байланысты механика, электродинамика, квантты физика, гравитация теориясы, термодинамика және статистикалық физика бар.
Теориялық физика бұл күндері байқалатын өлшемдердің сандық қатынастарын алу, табиғат заңдарының негізінде жататын себептіліктің, симметрия қасиеттерінің, сақталу заңының жалпы принциптерін іздестіру мәселелерімен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |