Тәуелсіз Қазақстан кинематографы Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда «Катарис» киностудиясы пайда болды (директоры Максим Смағұлов): 1990 жылы түсірілген бес фильмнің үшеуі осы киностудияла жасалды. Алайда сол кезде Қазақстанда киноға қатысты заңдық база болмағандықтан, меценаттар құйған ақшаға жоғары салық салынды, нәтижесінде Смағұловтың ізін кешкен көптеген жеке киностудиялар жабылып қалды.
Қазақфильм» мемлекеттік киностудиясы бұл кезеңде тарихи тақырыптағы фильмдерге көп көңіл бөлді: «Отырар опаты», «Әбілқайыр хан», «Абай», «Жас Жамбыл» сынды тарихи фильмдер шықты. Алайда елдегі кинопрокат жүйесінің дұрыс жолға қойылмауына байланысты қазақстандық көрермендер бұл фильмдерді тамашалай алмады. Ал кино сыншылары «Қазақфильмді» негізгі жұмыстың фестивальдік киноға бағыттап жатыр деп сынады. Абай Қарпықов, Бақыт Килібаев, Александр Баранов сынды режиссерлер Ресейге, ал Серік Апрымов АҚШ көшіп кетті.
2000-жылдары республикада кинотеатрлар құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады: 2009 жылы елде 129 кинозал болса, 2010 жылдың аяғында олардың саны 196-ға жетті. 2005 жылы отандық кино тарихында өзіндік ерекше орынға ие болған «Көшпенділер» фильмі жарық көрді.
Фильм Ілияс Есенберлиннің Шыңғыс хан дәуірінен бастап Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің құрылы мен халықты қиын қыстау кезінде басқарған хандар тізбегі, елдің мұңын жырлаған ақын-жыраулар, халқы мен жерінің тыныштығын күзетіп, жау келген жағдайларда қолдарына найзасын алып, бастарын бәйгеге тіккен батырлар туралы жазылған үлкен алты томдық трилогиясы «Көшпенділер» кітабының желісі бойынша түсірілген.
«Рэкетир» фильмі үлкен аудитория жинап, халық ықыласына ие болды.
Рэкетир — 2007 жылғы қазақстандық көркем фильм. Режиссёрі — Ақан Сатаев. Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов.
Фильмде Саян Беккәрімов есімді бас кейіпкердің өмірі мен 1990 жж. Қазақстан жайлы баяндалады.
Басты рөлдерде Меңтай Өтепбергенов, Болат Қалымбетов, Жан Байжанбаев, Төлеубек Аралбай, Төлепберген Байсақалов, Владимир Вдовиченков, Алмагүл Рулас, Азат Сейтметов, Әсел Сағатова, Саят Исембаев, Мұрат Нұрасылов, Мұрат Бисембин ойнайды.
Саян есімді жігіттің өмірі. Тоқсаныншы жылдардың басында жас боксшы өмірдің рақатын басқа жолмен де көруге болатынын біледі. Ал істеп жүргенінің бәрі бекер екенін түсінгенде бәрі кеш еді. Әр нәрсенің өз құны бар
2008 жылы Қазақ киносына мүлдем қатысы жоқ, беймәлім режиссер Еркін Рақышевтың «Жаралы сезім» туындысы көрерменге жол тартты. Алғаш экранға шығысымен үлкен сынға іліккен туынды, қарапайым халық арасында жақсы бағаланды. Алайда мамандар бұл фильмді, режиссердың атына кір келтіру деп те санады. Бірақ, қанша сынға, теріс пікірге ілінген туынды, ақыры қазақ киносына жаңа леп алып келді.
Жаужүрек мың бала» — Ақан Сатаевтың көркем драмалық фильмі. Фильмнің тұсауы Қазақстанда 2012 жылы 3 мамырда кесілді
Өндіруші — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Компания Новый Киноформат»
Режиссёрі — Ақан Сатаев
Сценарий авторлары — Жайық Сыздықов, Мұхамед Мамырбаев, Тимур Жақсылықов
Қоюшы-оператор — Хасан Қыдыралиев
Продюсерлер — Әлия Увальжанова, Анна Качко
Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы фильмдер
Н.Ә.Назарбаевтың өмірі туралы
«Балалық шағымның аспаны»,
«Теміртау: отты өзен»,
«Тығырықтан жол тапқан» фильмдері (2010-2015, реж. Р. Әбдірәшев)