Филология факультеті Педагогикалық шетел тілдер кафедрасы БӨж тақырыбы



бет2/4
Дата30.04.2023
өлшемі34,75 Kb.
#175770
1   2   3   4
Байланысты:
мәдениеттану бөж

«Түрксіб» деректі фильмі
Режиссер В.А. Турин сол уақыттағы ең маңызды тарихи оқиға Түркістан – Сібір темір жолы магистралінің құрылысы жайлы «Түрксіб» атты деректі фильмін түсірді.
Амангелді фильм
1939 жылы «Ленфильм» киностудиясында алғашқы қазақ көркем фильмі — «Амангелді» түсірілді (сценаристтер: В. Иванов, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов; режиссеры М. Левин; басты рөлді сомдаған Е. Өмірзақов). Бұл фильм Қазақстан кинематографының негізін қалады. Оның экранға шығуы Қазақ КСР-ның мәдени өміріндегі үлкен оқиға болды. Фильмнің көрермендерге ұнағандығы соншалық, көрермен залынан шыққан жұрт билетке кезекке қайтадан тұрған. БАҚ та фильмге жақсы баға берді, ал оның авторлары Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан кинематографы
1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің 1941 жылдың 12 қыркүйегінен кейінгі № 762 қаулысы негізінде Алматы көркем фильмдер киностудиясы құрылды. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен Орталық біріккен киностудияға бірікті. Ол Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеп, соғыс кезіндегі отандық фильмдердің 80 % шығарды.
1944 жылы 25 қаңтарда Алматы киностудиясы атауы Алматы көркем және хроника-деректі фильмдер киностудиясы болып өзгертілді. 1945 жылы «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары реэвакуацияланғаннан кейін Алматы киностудиясы өз бетінше жұмыс істеп бастады
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақ КСР кинематографы
Соғыс жылдары кеңестік киноның шеберлері болып табылған мәскеулік және ленинградтық әріптестермен тығыз қызмет жасау арқасында ұлттық кинематографтың кадрлары жасақталды. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ КСР кино индустриясы өз дамуын бастады: олар жылына сегіз толық метражды және елуден аса деректі фильм түсірді. Осы жылдары аса көрнекті қазақ кинорежиссері Шәкен Айманов танымалдылыққа ие болды.
1960 жылдан «Қазақфильм» ұйымдасты. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. «Шоқан Уәлиханов» (1957), «Қыз Жібек» (1972), «Сұлтан Бейбарыс» (1989), «Махаббат бекеті» (1993), т.б. картиналар шықты.
Балаларға арналған “Қанатты сыйлық” (1956), “Менің атым Қожа” (1963), “Қызыл тас заставасы маңында” (1969), “Көксерек” (1973), “Алпамыс мектепке барады” (1976), “Балалық шақтың кермек дәмі” (1983), “Сүйрік” (1984), “Ауылым Алатаудың баурайында” (1985), т.б. секілді фильмдер жарық көрді.
Қазақ КСР-де түсірілген «Атаманның ақыры» және «Транссібір экспрессі» фильмдері аса жетістікпен КСРО мен шет елдердің экрандарынан көрсетілді.
Қайта құру жылдары түсірілген «Ине» («Игла») кинофильмі Қазақстанның ғана емес, бүкіл Кеңес одағының «қайта құру» кинематографының символына айналды
1989 жыл қазақстандық режиссерлерге алғашқы құрметті халықаралық кинофестивальдердегі жүлдерін әкелді: «Прикосновение» лентасы Нант кинофестивалін конкурсында, «Волчонок среди людей» — Майындағы Франкфурт пен Лиссабонда көрсетілді, ал «Влюбленная рыбка» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі Нью-Йоркте өтті. Осы жылы «жаңа қазақ толқыны» анықтамасы пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет