Филология факультеті



бет23/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент Тыңтума әдебиет пен Хорезми мұрасын қарастыра отырып, оны көркемдік тұрғысынан ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Хорезмидің толық аты-жөні, өмірбаяны белгісіз, Сыр бойынан шыққан ақын. «Махаббат-нама» атты поэмасын екі тілде бірдей жазған. Барлығы он бір бөліктен тұратын ғашықтық өлеңдердің үш тарауы парсыша, сегізі түркі тілінде. Дастан 473 бәйіттен тұрады және 58 жол «Хикая» деп аталатын шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек өлең бар. Шығармасында ақын махаббат, адалдық, адамгершілік жайында айтады. Азға қанағат етуді, бұрынғы салт-дәстүрлерден қол үзбеуді өсиет етеді. Хорезми бұл поэмасында «нама» жанрының өзіне дейін болмаған жаңа мүмкіндіктерін ашты, байытты. Өлеңнің араб-парсы поэзиясы арқылы келген ғазал, қасыда, мәснауи, фард дейтін шағын жанрларын да қолданған. «Махаббатнама» – лирикалық дастан (авторы – Хорезми). Кейбір зерттеушілер оны сарай маңында туған одалық шығарма деген пікірде. Шығарманың басында Мұхаммед Хожабекке арналған мадақ бар. Бірақ «Махаббатнаманың» мазмұны одан көп бөлек. Хорезмидің дастанды түркі жөне парсы тілдерінде жазуына қарағанда, бұл кезеңде жазба әдебиет әлемінде екі тіл қатар дамыған секілді. Ә. Қоңыратбаев оның негізін оғыз-қыпшақ тілі десе, М. Жармұхамедов Алтын Орда жағдайында қалыптаса бастаған Дешті- Қыпшақ тілінің жаңа үлгісі ретінде бағалаған. А. Қыраубаева да осы пікірді мақұлдаған.


«Махаббат-нама» дастанының өлең үлгісі негізінен екі тармақты, он бір буынды болып келеді. Сондай-ақ екі, үш, төрт буынды ұйқастардың да ұшырасып отырады. Бұл дастан қазақтың лиро-эпикалық жырларымен сарындас, үндес, идеялас болып келеді. Ескерткіштің әдеби, тілдік, тариха тұрғыдан маңызы зор дастан.
Хорезми Равандидің «Махаббат-наме» атты лирикалық поэмасы XІV ғасырдағы көркем әдебиеттің тамаша үлгісі болып табылады. Оның авторы мен поэманың жазылу тарихы туралы мәліметтер туындының өзінде бар. Онда Хорезмидің көп саяхат жасағаны, Рум (Византия) мен Шамда (Сирия) болғаны және «Махаббат-намені» Ақ Ордада тұрған кезінде Сырдария жағасында 754 жылы (хижра бойынша), яғни 1353-1354 жылдарда бітіргені айтылады. Автордың өзі жазғандай, поэма қоңырат бегі Мұхамедқожаның өтініші бойынша жазылған. Ол 1342 жылы ағасы Тыныбекті өлтіріп, төңкеріс жасау барысында таққа келген Жәнібек ханның туысы. Жәнібек елді 1342-1357 жылдары билеген. Біздің заманымызға дейін жеткен Хорезми қолжазбалары көшірмелер болып табылады. Зерттеушілер кейінгі кезге дейін «Мұхаббат-наменің» екі көшірмесі сақталған деп санап келді: бірі - араб, екіншісі ұйғыр қарпімен жазылған, екеуі де Британ мұражайында сақтаулы. Алайда түрік ғалымдарының жинақтаушы еңбегінде ескерткіштің Стамбул кітапханасында тағы да екі көшірмесі бар екені айтылады. «Махаббат-наме» - орта ғасырлардағы түркі әдебиетіндегі түрі мен мазмұны жағынан жаңа үлгідегі туынды. Ол ғашық жігіттің өз сүйіктісіне жолдаған хаттары түрінде жазылған. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет