Семинар сабағының мақсаты:
студенттің «Қорқыт ата кітабының» құндылығын анықтай білуіне;
«Қорқыт ата кітабының» жанрлық, тақырыптық, идеялық ерекшеліктерін ажырата білуіне;
«Қорқыт ата кітабын» мектептерде оқыта білудің әдіс-тәсілдерін меңгере білуіне мүмкіндік беру.
Семинар сабағында қаралатын мәселелер:
- «Қорқыт ата кітабының» зерттелуі;
- «Қорқыт ата кітабының» қазақ әдебиетіне қатысы;
- «Қорқыт ата кітабының» жанрлық, тақырыптық, идеялық ерекшеліктерін мектептерде үйретудің басты шарттары.
Сабақ сұрақ-жауап түрінде өтеді.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І кітап. Алматы, 2001.
2. Дәдебаев Ж., Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті: Ежелгі дәуір. І кітап. Алматы, 2002.
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005.
4. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 2012.
Қосымша:
1. Ежелгі әдебиетті зерттеу мәселелері. Алматы, 2011.
2. Есембеков Т.У. Көркем мәтін поэтикасы. – А.: Қазақ университеті, 2012.
3. Көне түркі әдебиетінің типологиясы. Алматы, 2014.
4. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. 5 томдық. – Алматы, 2019-21.
№5-семинар сабағының тақырыбы: Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын оқып-білудің маңызын түсіндіріңіздер (2 сағат. 5-аптада).
Семинар сабағының мақсаты:
студенттің әл-Фарабидің әдеби-рухани мұраларын анықтай білуіне;
әл-Фараби еңбектерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін ажырата білуіне;
әл-Фараби еңбектерінің болашақ мемлекетіміз бен ұрпағымыздың дамуына берер пайдасын мектептерде оқыта білудің әдіс-тәсілдерін меңгере білуіне мүмкіндік беру.
Семинар сабағында қаралатын мәселелер:
Достарыңызбен бөлісу: |