Филология факультеті



бет8/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент Ислам дәуіріндегі әдебиет пен әл-Фарабидің философиялық-танымдық және моральдық-этикалық мұраларын анықтай отырып, оларды бір-бірінен ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Әл-Фарабидің дүние, жаратылыс жайындағы өзіндік көзқарасы бар ойшыл, философ екендігі. Ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Пифагор, Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, оны әрі қарай дамытқандығы. «Жоғары табиғаттану негізі» еңбегі. Шығыс философиясының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан шығарма екендігі. «Бүкіл ғалам нұр-сәуледен пайда болған» деген ойы. Оның әлеуметтік-этикалық трактаттары. Атап айтқанда: «Бақыт жолы», «Бақытқа жету туралы», «Мемлекет қайраткерлерінің афоризмдері», «Адамзаттық саясат», «Ақыл мен ғылым туралы» трактаттары. Бұл еңбектердің танымдық-философиялық тұрғыдан талдануы және мән-маңызы.


Ғұлама ғалымның гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашатынына кәміл сенуі. Адамзат қоғамындағы барлық мәселелерді шешуге қабілетті ең басты күш ақыл-парасат деп білуі. Сол себепті де, әл-Фараби феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздікке қарсы болуы. Адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқығын қорғауға шақыруы. Осы сияқты мәселелердің біразы «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатынан көрінетіндігі. Бұл еңбектегі «қала» ұғымы мемлекет ретінде алынғандығы. Мемлекеттегі қарым-қатынастың жай-жапсары, этика-мораль, қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің қозғалуы. Халықтың бақытты өмір сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінуі. Бұған қоса, бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеру деп түйіндеуі. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.


Өзін өзі тексеру үшін сұрақтар:



  1. әл-Фараби туралы айтыңыз.

  2. Ислам мәдениетіне әл-Фарабидің қосқан үлесі жайында айтыңыз.

  3. әл-Фарабидің түркі мәдениетінің қалыптасуына әсері туралы баяндаңыз.

  4. әл-Фарабидің қоғамдық-әлеуметтік еңбектері туралы білетіндігіңізді дәлелдеңіз.

  5. әл-Фарабидің этикалық мұраларын қысқаша талдап беріңіз.

  6. әл-Фараби еңбектерінің ерекшелігі туралы айтыңыз.

  7. Орта ғасырлардағы әдеби мұралардан әл-Фараби мұраларының өзгешелігі туралы баяндаңыз.

  8. әл-Фараби мұраларының көтерген басты мәселелеріне тоқталыңыз.

  9. әл-Фараби мұраларын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталыңыз.

  10. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың маңызы және жаңа тәсілдерді қолданудың ерекшеліктері туралы сөз етіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет