Өздік жұмысының мақсаты:Ауыз әдебиетімен хандық дәуір әдебиетінің арасындағы байланысқа студент назарын аудару.
Әдістемелік нұсқау:Жыраулар поэзиясын батырлар жырымен салыстыр.
Жыраулар поэзиясымен батырлар жырының арсындағы үндестікке назар аудар.
7 СОБӨЖ Жыраулар атынан болашақ ұрпаққа хат-аманат жазу /хат үлгісіндегі толғау-эссе/
Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің тіл байлығын дамыта түсу.
Әдістемелік нұсқау: Асанның хаты. «Уа, жас ұрпақ...Есті көрсең кем деме. Бәрі тұйғын табылмас », «Артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа ». Адамның адамдығы мінген тағы,шыққан тауы атақ – даңқы емес ,ең алдымен адамгершілігі, халқына қызмет етуінде болмақ. Сондықтан «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама ...» Адам күні адаммен –достық, бейбітшілік жер жүзіне ең керекті дүниелер. Сондықтан да «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа... » т.с.с
Ескерту: Аманат хатта – жыраулардың өз толғауларынан мысалдар көп
алынулары керек.