Кіріспе «Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні бойынша бағдарлама. 2010- – 2011 оқу жылы. 8-семестр. 2 кредит.
Курстың қысқаша сипаттамасы: «Филология: қазақ тілі» мамандығының 3-курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша «Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен. 2007ж Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалды.
Курстың мақсаты:
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» курсының мақсаты – студенттерге қазақ әдеби тілінің дамуы, қалыптасуы жайынан түсінік беру; қазақ әдеби тілінің нормалары мен стильдерімен, қызметімен таныстыру.
Курсты оқыту барысында қазақ әдеби тілін қалыптасырудағы көне түркі ескерткіштерінің рөлі айқындалып, әртүрлі жазба мұралардың, әр кезеңге өмір сүрген жыраулық поэзия өкілдерінің тілі талданып, Абай, Ыбырай бастаған ағартушы ақындардың әдеби тілімізді жаңа бағытта дамытуға жасаған ықпалы сөз болады.
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде қазақ тілі және әдебиет мамандарын дайындауда тұрақты түрде оқытылып келеді. Қазіргі әдеби тілге тән қасиет – оның белгілі дәрежеде қалыптасқан нормалары бар, жеке стильдік тармақтарға сараланған және қоғамдық қызметі кең. Қоғамның дамуына байланысты әдеби тіл де үздіксіз даму, өзгеру, жетілу үстінде болады. Осыған орай, әдеби тілдің тарихи кезеңдерде қалыптасу дәрежесі, сипаты өзгеріп, саны мен сапасы жағынан, құрылымы тұрғысынан өзгеріске түсіп отырады.
Курстың міндеттері: Аталған пән студенттерге қазақ әдеби тілі тарихының қалыптасу және даму кезеңдері, қазақ әдеби тілі нормалары мен оның түрлері жөнінде ғылыми тұрғыдан жүйелі білім беру мақсаты мен міндетін көздейді.
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні болашақ филолог мамандарға ұлт тілінің ең жоғары даму көрсеткіші - әдеби тіл мен оның жалпыхалықтық тілмен, ауызекі сөйлеу тілімен арақатынасы сияқты мәселелердің теориялық-практикалық негізін ұғындыруда аса маңызды болып табылады. Осы орайда студент жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік міндетті стандартына сәйкес аталған пән бойынша төмендегідей білім - дағдысын меңгеруі тиіс:
- әдеби тіл ұғымы, сипаты, қоғамдық қызметі, түрлері;
- әдеби тілдің нормалары;
- әдеби тілдің көркем әдебиетімен, функционалдық стильдермен
ара-қатынасы;
- қазақ әдеби тілінің қалыптасуы және даму кезеңдері жөніндегі
ғылыми көзқарастар;
- қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналар;
тарихи арналар мен қазақ әдеби тіліндегі тілдік дәстүр жалғастығы;
қазақ әдеби тілінің қалыптасуында халықтық дәуір;
қазақ әдеби тілінің қалыптасуында ұлттық дәуір;
қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері;
қазақ әдеби тілінің әрбір даму кезеңіндегі әдеби тілдің сипаты, өзгерісі, дамуы, нормалары;
Қазақ тіл білімінде өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қазақ әдеби тілінің статусын айқындау және оның қалыптасуы, даму кезеңдері жөнінде ғылыми зерттеулер талдау көзделеді. Әдеби тілді тарихи кезеңдерге бөлу принциптері, қалыптасу негізі, нормалық белгілері сияқты мәселелер әрбір кезеңге тән әдеби тіл үлгілері жан-жақты оқытылады.
Оқыту әдістемесі: түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап.