7 апта:
1 кредит сағат
Практикалық сабақ тақырыбы: Талапты басшы қандай болуы керек?
Практикалық сабақ мазмұны:Ұжым жұмысының жақсы жолға қойылуы, ұжым мүшелері арасында кінәратсыз ахуалдың қалыптасуы басшының басқару әдісі мен іс-әрекетіне, мінез-құлқына тікелей байланысты.
Әрине, басқару – кең көлемдегі түсінік, жұмысты жоспарлау, дер кезінде жүзеге асыру, жұмыстың нәтижесін бағалау, шешім қабылдау, жоспарланға жұмысты ұйымдастыруға білікті мамандарды тарта білу – осының баршасы басқару жүйесіне енеді.
Қазіргі замандағы проблемалардың бәрі де күрделі, демек, қандай бір іс үшін оп-оңай рецепт, жеңіл жол жоқ. Талапты, өз ісіне білікті басшы дер кезінде нақты әрі тұжырымды шешім қабылдай алады.
Істің оңға басуының бір тетігі – жоспарланған жұмысты осы салада тәжірибесі мен білімі бар маманға тапсыру. Ал қолынан іс келмейтін, тапсырманы орындауға үстіртін, жүрдім-бардым қарайтын кісіге жүктесеңіз, онда сіз өз қарамағыңыздағы қызметкерлер айтқан сыннан қрқасыз, оның үстіне жоспарлы жұмыстың қажетті деңгейде орындалмайтыны да анық.
Жұмысты бір адамға тапсырғанымен, білікті басшы оның жүзеге асырылуына өзі де қатысып, әрі орындалу барысын ұдайы қааадағалап отырады.
Соңғы шешімді қабылдар алдында өкілеттігі бар адамдармен тағы дар бір рет ақылдасып, кеңесіп алған жөн.
Жеке-дара билік басшы мен ұжым арасындағы түсінікке кедергі келтіреді. Қарамағыңыздағы адам бұндай жағдайда сіздің алдыңыздан тезірек кету үшін жалған ақпарат беруі әбден мүмкін.
Жақсы, лайықты басшы қоғам өміріндегі, ғылым мен техникадағы басты, әрі басым бағыттармен танысып, оларды өз жұмысына енгізуге ұмтылады.
Сөздікпен жұмыс
Кінаратсыз ахуалдың қалыптасуы – формирование здоровой атмосферы
Тікелей байланысты – непосредственно связано
Тарта білу – привлекать
Жолға басу – наладить
Қолынан іс келмеу – не уметь работать, некомпетентный
Ұдайы – постоянно, систематически
Тапсырманы орындауға үстіртін қарау – поверхностно, безответственно относиться к своим обязанностям
Қадағалау – контролировать
Оп-оңай – очень легко
Тетік – механизм
Өкілеттігі бар адамдармен – с компетентными людьми
Жеке дара – персонально, отдельно
Қарамағыңыздағы адам – подчиненный человек
Сіздің алдыңыздан тезірек кету үшін – чтобы быстрее уйти от вас
Лайықты басшы – достойный руководитель
Енізуге – внедрять
Ұмтылады – стремиться
2.Синонимдермен жұмыс істеңіз, сөйлемдерді құраңыз және жазыңыз
Тарта білу, оңға басу
3. Лайықты басшы және басқарудың демократиялық нысаны. Олар өзара үйлесе ме? Осы туралы шағын мазмұндама жазыңыз.
Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж. 370-372бб
2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 116-бет.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Талапты басшы дегеніміз кім?
Іскер басшыға тән негізгі қасиеттер
Басқару – кең көлемдегі түсінік
Тақырыпқа байланысты негізгі сөздік
СӨЖ мазмұны:
1. Өздерің білетін іскер басшы туралы әңгімеле
8 -апта
1 кредит сағат
1-практикалық сағат
Тақырып: І аралық бақылау
Практикалық сабақ мазмұны:
1.Сәлемдесу.Қоштасу:Танысу
2.Визит карточкасы
3. Іскерлік әдеп
4.Жаңалықтардан дер кезінде хабардар болу – заман талабы
5.Маманды қалай таңдайсыз?
6. Жарнама жасау
7.Талапты басшы қандай болу керек?
ОЖСӨЖ мазмұны:
1.Өтілген тақырыптар негізінде құрастырылған тест тапсырмалары
Тест тапсырмалары
1. «Возле министерства» деген тіркестің дұрыс баламасы
А) министрлер ішінде
Ә) министрліктің жанында
Б) министерство ішінде
В) министрдің жанында
2. Төмендегі хабарландырудың қайсысында жұмысқа шақыру туралы айтылған?
А) ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі бөліміне қазақ және ағылшын тілдерін жетік білетін, жоғары білімді маманды жұмысқа шақырады
Ә) Назар аударыңыз! Абай даңғылының бойында «Руханият» кітап дүкені ашылды. Жаңа әрі мазмұнды кітаптарды сатып алуға шақырамыз.
Б) Білім және ғылым министрлігінде қазақ тілін жеделдетіп оқытукурсы ашылды. Біздің мақсатымыз – тілді жеңіл әрі жылдам үйрету. Мемлекеттік тілді меңгеруге ынтасы бар адамдарды шақырамыз!
В) Қараша айының 10-ынан бастап М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының жаңа маусымы ашылды. «Абылай хан» қойылымын көруге шақырамыз!
3. Визит карточкасының деректемелері
А) аты-жөні, жалақысы, жұмыс өтілі
Ә) аты-жөні, лауазымы, телефоны
Б) аты-жөні, жұмыс өтілі, ұлты
В) аты-жөні, білімі, ұлты
4. «поверхностно, безответственно относиться к своим обязанностям» тіркесін қазақшаға қалай аударар едіңіз?
А)тапсырманы орындауға үстіртін қарау
Ә) тапсырманы орындамау
Б) тапсырманы беруге үстіртін қарау
В) тапсырманы жай орындау
5.Тауарлар мен өнімдердің, бұйымдар мен заттардың өнімділігін арттыру үшін, фирманың, кәсіпорынның қызметін таныстыру үшін, фирмаға, кәсіпорынға тұтынушыларды көбірек тарту мақсатында жүргізілетін ашық хабарландыруды қалай атаймыз?
А) Жарнама
Ә) Хабарлма
Б) Жариялау
В) Жарлық
6.Нотариус қандай қызмет атқарады?
А) Ресми құжатты куәландырады
Ә) Ресми құжатты береді
Б) Ресми құжатты дауыстап оқиды
В) Ресми құжатты жазады
7.Қазіргі қоғамдағы әрбір кәсіпкер, әрбір бизнесмен өз жұмысын дұрыс жолға қойып, елеулі табыстарға жету үшін......?
А) әлемдегі барлық қалаларды аралап көруі керек
Ә) әлемдегі барлық банктермен жұмыс жасай білуі керек
Б) көшедегі, мекемедегі жаңалықтар мен қуанышты хабарларды біліп отыруы керек
В) әлемдегі барлық жаңалықтардан, ақпараттар мен мәліметтерден дер кезінде хабардар болып тұруы керек
8.Қысқарған сөздерге септік жалғаулары дұрыс жалғанған нұсқасын табыңыз
А) Ақ-қа, АҚ-тың, ЖШС-ға, ЖШС-ның
Ә) Ақ-ыға, АҚ-ының, ЖШС-іне, ЖШС-нің
Б) Ақ-ға, АҚ-ның, ЖШС-қа, ЖШС-тың
В) Ақ-ке, АҚ-дың, ЖШС-ге, ЖШС-дың
9. В казахском речевом этикете существует мужская форма приветствия, обычно употребляемая по отношению к старшему по возрасту. Это:
А)Ассалаумағалайкүм - Уағалайкумассалам!
Ә) Сәләматсыз ба - Уағалайкумассалам!
Б) Амансыз ба - Уағалайкумассалам!
В) Сәлем! – Сәлемет пе!
10. Қайсысы дұрыс жазылған?
А) Үкімет Қазақстан Республикасы, Министрлік білім және ғылым
Ә) Қазақстанның Республика Үкіметі, Білімнің және ғылымның министрлігі
Б) Қазақстан Республикасы Үкіметі, Білім және ғылым министрлігі
В) Қазақ Республика Үкіметі, Білім, ғылым министрлік
9 апта:
1 кредит сағат
1-практикалық сағат
Практикалық сабақ тақырыбы: Сіздің имиджіңіз
Практикалық сабақ мазмұны:
Сізді басқа адамдар қалай қабылдайды?
Сіз – басшысыз. Сіздің имиджіңіз Сіздің Басшы ретіндегі қабілетіңіздің көрінісі. Сіз қалай сөйлейсіз, жауапты мәселелер бойынша шешімді қалай қабылдайсыз, отырыс-тұрысыңыз, сөз әдебіңіз, киім киісіңіз, іскерлік қабілетіңіз, араласатын ортаңыз, интеллектуалдық ой-өрісіңіз Сіздің имиджіңізді қалыптастырады.
Бұл – қазіргі заманның іскер адамына қойылатын талаптардың бірі. Бастаған ісім өнімді болсын десеңіз, имидж қалыптастыруды ұмытпаңыз.
Телевизиялық имиджді қалыптастыру талаптары
кәсіби имиджіңді танытарлықтай мамандығыңа сай киімді киген жөн.
Тым ерекшеленетін модельдерден аулақ болу;
Қара, ақ түстен, сондай-ақ қара боп көрінетін қою көк түстен қашық болу;
Бет-жүзіңе жақын және жасыл түстілерді кимеу;
Теледидар үшін басты тиімді түстер сапына көбіне қоңыр, көгілдір, сұр түстер енбек;
Ер адамдарға ұзын шұлық киген орынды;
әйелдерге қысқа етектердің әдетте жиырылатынын ескеріп, одан бас тарту ең дұрыс шешім;
бикештерге тым жылтыраған, сылдырлаған асыл бұйымдардан улақ болған жөн;
жарық бет бояуын соғындатады, сол себептен де әйелдерге күнделіктіден сәл-пәл ашығырақ боянған жөн;
ер адамдарға да әдеттегідей косметикадан қашудың жөні жоқ. Олсыз сіздің бейнеңіз слғындау көрінбек;
Маңдайыңызға түскен шашыңыз екі елі көтеріңкі болғаны дұрыс.
Эфирге шықпастан бұрын бәрін мұқият тексеру. Тиек, ілгектеріңіз орнымен салынғанына назар аудару;
Креслоға жатып алмау, өте сақ болу, бірақ тым қысылмау;
Аяқты аяққа салып отыру орынсыз;
Егерде орындығыңыз айналмалы болса, оны пайдаланып қозғалақтай бермеу. Бұндай жағдай көрермендердің назарын аударып, сөйлер сөзіңнің ырғағына әсер етеді.
Әдебиет: 1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қад-шева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы-2001 ж.294-300бб.
2.Г.Ж.Бекова -Тайсойғанова «Қазақ тілі» Астана-2003 ж. 131-132бб
3. А.С.Қыдыршаев, Д.С.Төлегенова «Іскерлік шешендіктану қағидалары»,Орал, 2007
ОЖСӨЖ мазмұны:
Имидж ұғымы
Телевизиялық имидж
Жеке имидж мәселесіне өз көзқарасың.
СӨЖ мазмұны:
Іскер маман ретінде өз имиджіңді ойластырып, қағаз бетіне түсір
10-апта
1 кредит сағат
10-практикалық сағат
Тақырып:Сөйлеу мәдениеті
Практикалық сабақтың мазмұны:
Қазіргі қоғамның адамы өз мақсатына қол жеткізіп, табыс биігіне көтерілу үшін батыл іс-қимыл жасай білуі және шұғыл шешім қабылдай алатын тәуекелшіл адам болуы керек екендігі белгілі. Сонымен қатар заман талабына сай кез-келген іскер адам көпшілік алдында сөз сөйлей білгені жөн. Сөз сөйлей білу дегеніміз айтар ойыңды нақты да дәл, көпшілікке түсінікті тілмен сауатты жеткізе білу. Қазақта «Сөз бастау қиын» деген сөз бар, яғни көпшілік алдында шешен сөйлеу де барлық адамның қолынан келе бермейді.
Қазақ тілі – бай тіл. Тілде әр алуан ойды жеткізуге көмектесетін бояулы, бейнелі, астарлы сөздер, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер өте көп. Мәселе - әр аудитория үшін тіл байлығын қалай таңдай білуде.
Әрине, көбіне, сөйлейтін адам алдын ала дайындалып алады, да оны асықпай оқып береді.
Ал кейбір адамдар айтатын ойын қысқа мазмұнда жазып, тезис түріндегі сөзін қағазға қарамай, байыппен баяндап береді.
Шешендердің тағы бір түрі бар. Олар – дайын мәтінсіз көпшіліктің алдында еркін сөйлейді, тілдің бар байлығын пайдаланып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Американдық миллионерлердің бірі Ф.Армер жасы ұлғайған кезде: «байлығы асып-тасқан бай болғаннан гөрі айтулы шешен болғаным жақсы еді»-деген екен.
Психолог ғалымдардың айтуынша, көп адам жиналған аудитория алдында сөз сөйлейтін адамда ең алдымен қорқыныш болады.
Ал атақты Карнегидің айтуына қарағанда, көпшіліктің алдында сөз сөйлегенде батыл болу қажет, тіпті аудиторияда отырған әрбір адам Сізге қарыздар деп есептесеңіз, онда үлкен табысқа жетесіз.
Шынында, шешен қандай болу керек?
Мәселен, сіз бүгін көпшілік алдында бірінші рет сөйлейсіз. Немесе сіз белгілі саяси қайраткерсіз, парламент мүшесісіз. Белгілі бір тақырып бойынша Сіз Парламент депутаттары алдында баяндама жасайсыз немесе өзіңіз басқаратын ұжыммен жиналыс өткізіп, есеп беруіңіз керек. Дайындығыңыз қандай?
Сөз тіркестерін оқыңыз, орысшаға аударып жазыңыз.
Көпшілік алдында, дайын мәтін, астарлы сөз, саяси қайраткер, шешен маман, баяндап беру, өз мақсатына қол жеткізу, еркін сөйлеу, қысқа мазмұнда сөйлеу.
Мәтін оқып, түсінгеніңізді айтып беріңіз. Мәтінге қосар өз пікірлеріңіз қандай?
Берілген тіркестер арқылы сөйлем құрастырыңыз
ғалымдардың айтуынша
маманның айтуына қарағанда
депутаттың айтуынша
сөйлеушінің айтуына қарағанда
басшының айтуынша
баяндамашының айтуына қарағанда
тілшінің айтуынша
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменова
«Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы «Арман» - 2001 ж. 375-377бб
ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Сөйлеу мәдениеті.
2. Шешен сөйлей білудің басқарудағы рөлі туралы не айтар едіңіз?
3. Әр аудиторияға сай сөз байлығын таңдай білу
СӨЖ мазмұны:
1. Сіз өзіңіз білетін қандай шешен адамдар туралы айта аласыз? Сөзіңізді қалай дәлелдер едіңіз?(әріптестеріңіз, ұжым басшылары, топтағы белсенділер немесе БАҚ-та көпшілік алдында сөз сөйлеп жүрген саяси, меммлекеттік қызметкерлер туралы)
11- апта
1 кредит сағат
Практикалық сабақ тақырыбы: Жарнама жариялай білесіз бе?
Практикалық сабақ мазмұны:
Жарнама – нарықтық қоғамның негізгі атрибуты. Жарнама – тауарлар мен өнімдердің, бұйымдар мен заттардың өнімділігін арттыру үшін, фирманың, кәсіпорынның қызметін таныстыру үшін, фирмаға , кәсіпорынға тұтынушыларды көбірек тарту мақсатында жүргізілетін ашық хабарландыру. Сіз фирма қызметкерісіз. Жарнама тиімді болсын десеңіз, шетелдік менеджер ұстанатын бірнеше ақыл-кеңеске құлақ түріңіз.
Өз тауарыңызды теңдесі жоқ зат, басқалар осындай бұйым жасай алмайды деп мақтанбаңыз.
Жарнама үшін төленетін қаржыға сараңдық жасамаңыз.
Жұмыс істейтін фирманың өнімінің сапасы туралы жұртшылық жақсы көретін беделді адамның айтқаны жөн. Бірақ ол саси қайраткер болмасын, әрине халық қошемет көрсететін, қадірлейтін, қауым сүйіспеншілікпен қарайтын сахнагер, ақын-жазушы қатысқан жарнама тұтынушыны бірден елең еткізеді.
Егер өнімнің сапасының соншалықты жоғары екеніне анық көзіңіз жетпесе, оны жарнамалауға асықпаңыз. Тауарды өсіріп мақтамай, әрі азын-аулақ кемшілігін байқатпай қарапайым хабарландыру берсеңіз де жеткілікті. Кез келген тауарға сатып алушы табылады. Есіңізде болсын, сатылмайтын зат болмайды.
Жарнама
Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын азаматы Волни Пальмер ашты. Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», «Проктер энд Гэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы сәтті сауда маркаларын қолдайды.
Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал 20 жылдан кейін жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.
Джон Ласкер - жарнамамен қамтамасыз ету агенттігінің атасы деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады.
ХХ ғасырдан бастап жарнама жаңа бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі жарнамаға 27миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол бес есеге ұлғайды.
Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:
қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар;
қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар;
қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар;
мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар;
киімге салынатын сурет жарнамалар;
шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын сурет жарнамалар;
кітап, дәптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын сурет жарнамалар;
күнтізбеде салынатын сурет жарнамалар;
плакаттарға салынатын сурет жарнамалар;
визит карточкаларына салынатын жарнамалар;
Жарнаманың қызметі:
- тауардың өтімділігін арттыру;
коммерциялық мақсатта;
жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар ету;
тілдің қолданыс аясын кеңейту;
Жарнаманың ерекшелігі:
насихаттылығы;
тартымдылығы;
дәлдігі;
түсініктілігі;
тосындылығы;
көркемділігі;
мазмұндылығы;
Сөздікпен жұмыс
Өтімділік – сбыт
Тұтынушыларды тарту – привлечь потребителей
Тиімді болу – быть эффективной ( о рекламе)
Құлақ түру – прислушаться
Ақыл- кеңеске құлақ түру – прислушиваться к советам
Мақтау – хвалиться, хвастать
Сараң – скупой, скряга
Сараңдық жасау – скупиться, проявлять скупость
Беделді – уважаемый, авторитеттный
Сахнагер – актер
Жұртшылық – общественность
Саяси қайраткер – политический деятель
Қошемет – почесть, уважение
Қошемет көрсету – оказывать почет, уважение
Қауым – общество
Сүйіспеншілік – любовь
Елең еткізу – привлечь внимание
Көз жеткізу – убедиться
Жарнамалау – рекламировать
Асығу – торопиться
Кемшілік – недостатки
Азын-аулақ кемшілік – незначительные недостатки
Қарапайым – скромный
Жеткілікті – достаточно
Білгеннің артығы жоқ!
Жарнама – қазіргі активті қолданыстағы терминдердің бірі. Оның мағынасы латын тіліндегі reclamo(выкрикиваю) деген сөзге сәйкес келеді. Европалық тілдерде бұл сөздің сату, комерция деген сөздерге қатысы бар.
Қазақ тіліндегі жарнама сөзі екі сөзден тұрады: жар – нама. «Нама» - араб-парсы тілдерінде жазылған сөз деген мағынаны білдіреді. Ал «жар» сөзі хабарлау деген мағынада. Салыстырыңыз: жария- жариялау – жар салу – жарлық.
Мына тіркестермен сөйлемдер құрап жазыңыз
Тұтынушылардың назарын аудару, тұтынушыларды тарту
Мына тіркестердің мағынасын қалай түсінесіз
Көз салу, құлақ түру, көз жету.
Төмендегі сұхбаттарды толтырыңыз.
А) - Әлия Оразбайқызы, Сізге бір жұмыспен келіп едім.
- :::::::::::::::::::::::..
- Біздің кәсіпорынның өніміне жарнама беруіміз керек. Қай газетке берсек болады?
- «Егемен Қазақстанға» дейсіз бе? Неге?
- Шынында да, басқа газеттермен салыстырғанда, бұл газет ,,,,
Б) - ,,,,,,,,,,,,,,,,,
- Әрине, жарнама бергенде, тауарды өсіріп мақтамай, азын-аулақ кемшіліктерін байқатпай қарапайым хабарландыру берген жөн.
- ,,,,,,,,,,,,,,,
- Иә, елге танымал, беделді бір адамның пікірін келтірген дұрыс болар.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Д.Х,Аханова, А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми-іскери қазақ тілі» Алматы-2002 331-335 бб
ОЖСӨЖ мазмұны:
Жарнама – нарықтық қоғамның негізгі атрибуты
Тақырыпқа байланысты сөздікпен жұмыс
Жарнама сөзінің шығу тегі
СӨЖ мазмұны:
1.Белгілі бір өнімді жариялауға жарнама дайындау
12-апта
1 кредит сағат
1-практикалық сағат
Тақырып:Іскерлік кездесу
Практикалық сабақтың мазмұны:
Іскерлік кездесу
Іскерлік кездесуді ұйымдастыру
Практикалық сабақ мазмұны:
Сөздікпен жұмыс
Шаралар белгілеу – определить меры
өзара пікір алмасу – обмениваться мнениями
тез арада шешу – решить в скором времени
тез арада шешуді талап ету – требовать незамедлительного решения
кедергі жасау – чинить препятствия, создавать трудности, помехи
ұйғару – принять решение
дәлелдеу - доказывать
Іскерлік кездесу
Бүгін аудандық әкімшілікте «Шағын бизнесті дамыту жолдары» деген тақырыпқы арналған іскерлік кездесу өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Қ.Ахметов, аудандық кәсіпкерлер одағының басшылары, бір топ кәсіпкер мен газет тілшілері қатысты. Қ.Ахметовтің берген мәліметтерінде ауданда шағын бизнесті дамыту бағытына арналған нақты шаралар жоспарланатыны көрсетілді. Кездесуге қатысқандар осы мәселеге қатысты өзара пікір алысып, тез арада шешуді талап ететін мәселелерді талқылады.
Кәсіпкер Ә.Әубәкірқызы шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге нақты қолдау-көмек жасалынбайтынын, кәсіпкерлердің жұмысына заң органдары, салық органдары, санэпидстанция т.б. мекемелер кедергі жасайтынын фактілермен дәлелдеп айтып шықты.
Кәсіпкерлер одағының басшысы З.Өмірзақұлы өз сөзінде осы кездесуде банк қызметкерлерінің қатысуларының қажеттілігін, банктен шағын бизнес заңына сәйкес несие алудың қиындығын көрсетті.
2.Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, жазыңыз, орысшаға аударыңыз
Іскерлік кездесу, аудандық әкімшілік, шағын бизнес, мәлімет, нақты шаралар, кездесуге қатысқандар, заң органдары, қиындықты көрсету, мәселелерді талқылау, кездесуге қатысқандар, шағын бизнесті дамыту, өз сөзінде, кездесу барысынды
Қазақ тіліне аударыңыз
1.Начальник отдела предупредил, что в пятницу состоится собрание отдела. 2.В постановлении отмечается, что в последнее время наблюдается снижение роста преступности среди молодежи. 3.В статье говорится, что участие в конкурсе могут принять люди с высшим экономическим образованием и стажем работы не менее 3-х лет. 4.По телевидению передали, что в связи с ремонтными работами газ будет отключен на три часа. 5.Докладчик сообщил, что на ближайшем заседании парламента будет обсуждаться проект закона о земле.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменова
«Ресми-іскери қазақ тілі» 1 бөлім Алматы «Арман» - 2001 ж. 320-326 бб
2.Л.Дүйсембекова «Іс қағаздарын қазақша жүргізу»-Алматы «Ана тілі»-2001ж. 121-127 б.б.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Іскерлік кездесу
Іскерлік кездесуді ұйымдастыру
СӨЖ мазмұны:
1.Баспасөз беттерінен мемлекеттік мекеме басшыларының іскерлік кездесуі туралы жазылған мақалалар жинау
13-апта
1 кредит сағат
13-практикалық сағат
Тақырып: ҚР Еңбек кодексі
Практикалық сабақ мазмұны:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Кодексі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі төмендегідей 6 бөлімнен тұрады:
Жалпы ережелер
Еңбек қатынастары
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері
Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау
Мазмұны 40 тарауды құрайды. Әр тараудың бірнеше бабы бар, барлығы 341 бап.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қызметкерлерге берілетін демалыс түрлері туралы 110-114 баптарда толық мәлімет берілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сай қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары
әлеуметтік демалыс
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы)мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, бала күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
Қызметкерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
жалақы сақталмайтын демалыс
оқу демалысы
баланы тууға, жаңа туған баланы асырап алуға
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру тәртібі
Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды.
Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін
Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейінгі үш күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.
еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды.
еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлігі тараптардың келісімі бойынша ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады.
еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін
он сегіз жасқа толмаған қызметкерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |