Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет116/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

Жалқы есімдер емлесі
Тіл білімінде жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөздер мен сөз тіркестерін 
жалқы есім деп атайды. Жалқы есім – А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «... нәрсенің 
дербес өз басына ғана қойылған есімі». Семантикалық және грамматикалық жағынан жал-
пы есімдерден өзгешеленіп тұратын жалқы есімдердің жазылуында да ерекшеліктер бар. 
Бұл құбылыс барлық тілде бірдей емес. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лексикалық 
қабаты өте кең болғандықтан, жалқы есімге қатысты онимдік бірліктердің жазылуында 
бірізділік болмауы заңды нәрсе. Оған қоса елдің географиялық орналасуы мен тұрғын-
дардың көпұлттылығы бір түбірден шыққан кісі есімінің әртүрлі жазу нұсқасының пайда 
болуына әсер ететін факторлар болып табылады. Мысалы, араб тіліндегі «Әли» түбірінен 
жасалған Әли//Ғали//Қали//Әлі, «Юсуф» түбірінен Жүсіп//Нүсіп//Дүсіп//Түсіп// Жұсып 
нұсқалары шыққан. Бұндай жарыспалы қолданатын есімдер өте көп және оларды түбірі-
не байланысты бірізділікке түсіріп жазу мүмкін емес. Олар ғасырлар бойы қалыптасып 
жергілікті халықтың тіліне байланысты игеріліп кеткен. Сондықтан да шет тілінен енген 
антропонимдер балаға есім беруші кісінің ұсынысы бойынша немесе сыңарларының жі-
гіндегі дыбыстар айтылымына сәйкес жазылады: Aıǵyz, Baıgeldi, Jumaǵul, Qaragóz, Kenjáli, 
Bıbajar, Qojahmet. Екі немесе бірнеше түбірден қосылып жасалса да қазақ тілінде кісі есімі 
бірге жазылады. Мысалы, Tóremurat, Aısáýle, Saqypjamal, Ábilqasym, Qasymjomart, Batyrhan, 
Tursynzada, Nurǵalı, Aıgúl, Aqbala.
Қазақ тілінің заңдылығында сөз басында қос дауыссыз қатар келмейтіні және кейбір 
дыбыстардың ықпалдық қасиеті ескеріледі. Араб, парсы тілінен енген кісі есімдері қазақ 
тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес жазылады: Ysqaq, Yrysjan, Yrysaldy, Ysmaıyl немесе 
Symaıyl, Muhambet.... .
Қазіргі қазақ тілінің кісіні атау үлгісіндегі текті көрсету үшін -ov, -ev жұрнағы көп қол-
данылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет