қосарлама қос сөз - дер (екі түрлі сөзден құралады, мысалы,
ертелі-кеш, әке-шеше, ойнап-күліп, алты-жеті ) деп
атауды қалыптастырған ғалым А.Ысқақов морфологиялық сипатын да, жазылу кезіндегі
дефис келетін ерекшелігін де көрсеткен.
Дара мағыналы сөздердің қосарлануы арқылы жалпылық мағына беретін
(аға-іні, төсек-орын, тау-тас) қос сөздер жасалады және қос сөздердің аталған түрлерінің бәрі
де- фиспен жазылады.
Қосарлама қос сөздер тілдегі сөз таптарын түгел қамтиды, сипаты сол
өздері жасалған сөз таптарына қатысты және компоненттері қызметі жағынан бір-біріне
тең болады (4). Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер - қайталама қос сөздер. Қос
сөздердің құрамындағы сөз саны екіден аспайды. Қос сөздердің жасалуына байланысты
түрлі ауытқулар болады. Бұл жаңадан жасалып жүрген қос сөздерге тән. Ал қазіргі әдеби
тілде