кирилдегі қазақша әріптер тұрған жоғарғы жақ қатарға жаңа таңбаларды ор- наластыру. Бұл ағылшын пернетақтасында тұрған латын қаріптерін басуда шатастырмау
үшін тиімді деуге болады. Кирил қаріптері тұрған пернетақтада да қазақ тіліне ғана тән
әріптер осылай жоғарғы қатарға қатар-қатар орналастырылған болатын.
Екіншісі – ағылшын пернетақтасындағы латын қаріптерін сақтай отырып, жоғары
жаққа емес, негізгі үш қатардағы бос орындарға жаңа таңбаларды қою. Осы ұстанымға бас-
шылыққа алып, төмендегідей пернетақта жасалды.
1-сурет. Ағылшын пернетақтасындағы жаңа латын таңбалары Бұл пернетақтада ағылшындағы оң жақтағы тыныс белгілер тұрған бос орындарға
жаңаша таңбаланған ә, ң, ғ, у, ү, ө (á, ń, ǵ, ý, ú, ó) әріптері қойылды. Олар пернетақтаның оң
жақ қол бетіндегі ортаңғы, жоғарғы және төменгі қатарларға екі-екіден орналастырылды.
Бұл пернетақтада әзірге И/Й (I) әрпі орналастырылмады. Себебі соңғы әліпбиде І мен И/Й
әріптері бірдей болып тұр.
Үшіншісі – әлемдік тіл білімінде ұстанылатын принцип –