Мен ұсынып отырған «Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі»



Дата31.01.2018
өлшемі211,75 Kb.
#36469
Аннотация

Мен ұсынып отырған «Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі» ғылыми жобамда қазақ халқының тарихындағы кеңес дәуірінен бергі жазу үлгісінің өзгерістері мен оны қабылдаудың өзіндік қарама-қайшылықтары туралы таныстырмақпын.

Латын әліпбиіне ауысу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады. Сонымен қатар, латын қарпін қолдану қазақ тілінің мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді.  


Бұл ғылыми жұмыс кіріспе және 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мазмұны

Кіріспе .........................................................................................................3 бет

Негізгі бөлім.

1. Латын қарпіне көшудегі А. Байтұрсыновтың пікірі............................5 бет

2. Жазу үлгісін өзгертудегі кеңес өкіметінің саясаты.... .........................7 бет

3. Латын қарпіне көшудің маңызы ................................. .......................9 бет

Қорытынды..................................................................................................10 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................12 бет

КІРІСПЕ

«Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің

позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді.

Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды

жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап

әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуі-

міз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе.».
Н. А. Назарбаев

Кез-келген халықтың жеке өзіндік ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрі ерекше орын алады.

Халқымыздың тарихындағы әлеуметтік-саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы зор. Осыған байланысты бүгінгі күндегі өзекті мәселе қазақ әлібиіндегі өзгеріс «Латын қарпіне көшу» тақырыбы болып отыр.

Баршамызға белгілі, Елбасы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын қарпіне ауысуды мақсат етіп айқындап берген болатын. Латын әліпбиіне ауысу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады. Сонымен қатар, латын қарпін қолдану қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, табиғи таза қалпының сақталуына мүмкіндік береді.  



Қазақ халқы сонау XVIII ғасырдың басынан бері Ресей патшалығы қол астына кіргеннен бастап білім беру , ағарту саласында үздіксіз өзгерістерді «орыстандыру» саясатының барысында толып жатқан қиыншылықтарды бастан кешті. Кеңес өкіметі орнаған ХХ ғасырдың бірінші жартысында ағарту ісінде үлкен маңызға ие болған халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесінде реформалар жасады. Бұл реформалаудың негізінде қазақ алфавитін ауыстыру 2 рет өзгертілді. 1929 жылы араб жазуының латын жазуына көшуі болды. Бұл шешім 1924 жылы үкімет қабылдап қойған шешімі еді.осының негізінде латын әлібиі жасалды.

1924 жылы А. Байтұрсынов араб әрпінің негiзiнде жасалған қазақ әліпбиін жетiл-дiрдi. Жетiлдiрiлген араб әліпбиі қазақтарға кез келген түркi тiлдi басылымды, соның iшiнде шетелдерде шығатындарын да оқуға мүмкiндiк бердi, бiрақ бұл саяси жағынан

зиянды деп есептелдi. 1929 жылғы араб әріпінен латын әріпіне көшу бiлiм беру жүйесi үшiн қатты соққы болып тидi. Араб әріпімен оқып, сауатын ашқан жүз мыңдаған қазақ-тарға ендiгiде жаңа әліппені меңгеру керек болды. Бүкiлхалықтық сауаттылық үшiн күрес жүргiзе отырып, билiк басындағылар қазақтарды араб әрпімен жазылған кiтап-тарды оқудан, ғасырлар бойы келе жатқан рухани мұрадан айырғысы келдi. [1-159]

1940 жылы латын жазуының кириллицаға ауысуы кеңес өкіметінің негізгі саясатының көрнісі болды.

Қазіргі таңдағы латын қарпіне көшу ол заман талабы болып отыр.

2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуниакциялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген еді.



Зерттеудің мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы араб әліпбиін ауыстыру барысындағы А.Байтұрсыновтың еңбектерін қарастырып, пікірлерін зерттеу.

1940 жылғы кириллица әрпіне ауысудағы кеңес өкіметінің шешімдеріндегі саясатының мақсатын және қазіргі уақыттағы туындап отырған мәселелерін анықтау.

1. Мектепті бітіріп кеткен аға буындардың латын қарпін оқуы.

2. Латын қарпіне көшудің баспалар мен ақпарат құралдарына әсері.
Зерттеудің міндеті: еліміздің жазу жүйесіндегі өзгерістерде бастан кешірген қиыншылықтары мен қазіргі латын жазу үлгісінің тиімді жақтарын ашып көрсету.
Зерттеудің өзектілігі: ХХ ғасырдың 1924-1928 жылдар аралығында араб әріпінің ауысуына ықпал еткен кеңес өкіметінің саясатына қарсы Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылар тобы арасындағы қарама-қайшылықты анықтау.

1940 жылы кириллицаға ауысу ісі ешқандай халық ішінде талқыланбастан кеңес өкіметінің бұйрығымен болған. Бұл шешімнің «орыстандыру» саясаты негізінде жасалғанына көз жеткізу.
Зерттеудің жаңашылдығы: Араб әрпінен латын әрпіне көшуде Ахмет Байтұрсыновтың алфавитті өзгертуге қарсы пікірлерін қарастырып және кеңес өкіметі тұсындағы әкімшіл-әміршіл жүйенің «орыстандыру» саясаты екенін дәлелдеу.

Латын қарпіне көшудің қазіргі заман талабы екеніне көз жеткізу.
Зерттеудің теориялық мәні: Латын білім, ғылым және өндірісті ұштастырған тіл. Латын қарпіне көшу - заман талабы. Кез-келген инновациялық технология, компьютер, смартфон мен гаджеттердің бастапқы программалары латын қарпімен жазылатынын дәлел ете отырып латын қарпіне көшудің тиімділігін айқындау.
Зерттеудің практикалық құндылығы: Жұмыс кіріспеден, Негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Латын қарпіне көшудегі А. Байтұрсыновтың пікірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған.

1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде бекітілген араб жазуының тағдырын кеңестіктер шешіп те қойған еді. Бірақ жаңа құрылған кеңес өкіметі түркі халқының жазуын бірден орыс жазуына ауыстыруға сақтықпен қарады. Сөйтіп алдымен латын әліпбиінің қажеттігін дәлелдейтін желеулер ойлап тапты.

Араб жазуына «дінге жақын» деген айдар тағылып, күшпен өзгертілді. 1926 жылы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында Баку қаласында Бүкілодақтық І түріктанушылардың Съезі шақырылып, күн тәртібіндегі негізгі мәселе – түркі тілдес халықтардың жазуы және оның латын әліпбиіне көшірілуі болды. Съезге Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеев, Нәзір Төреқұлов сынды мемлекет қайраткерлері қатысты. [1-164] Бұл жиын ғалымдардың екіге бөлінген таласымен өтті. Осыған байланысты сол жиынға қатысып сол уақыттың ағымына қарай латын тіліне ауысудың қиындықтары туралы Ахмет Байтұрсынов өз пікірін ашық айтқан. Оны қолдаған адамдарға «дін таратушы» деген айыптар тағылған.

«Әліппе деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жиынтығы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы» [3-325]

Араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу біраз уақыт талқыланған, бірақ соған қарамастан кеңес өкіметі латын жазуына күшпен ауыстырған.

Араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу барысында А.Байтұрсыновтың пікірі қандай болды? Әріп ауыстыру деген жеңіл мәселе емес. Бұл ел жағынан да, елдің шаруасы жағынан да ауырлығы зор мәселе екендігін еске алып отырып шешетін нәрсе. Үстін қарап, ат үстінен айтқандай сөзбен жеңіл шеше қоятын мәселе емес. Салақ қарауға болмайтын салмақты мәселе.

Араб әріпін латын әрпіне алмастыру мәселесі қозғалғаннан бері көп адам екеуін салыстырып, теңеп қарап, артық-кемін тексеру, зерттеуге түсті. Сол терең тексеру арқасында екі әріптің де бұрын назар салынбай, еске алынбай жүрген көп сындары, сипаты көзге түсті.

Екі әріпті теңестіріп, артық-кемін тексеріп, өлшеуге салғанда, таразының табан тірейтін нәрселері мыналар болуға тиіс:

1 – тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?

2 – қайсысымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?

3 – қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?

4 – қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы да сонда)?

5 – үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?

6 – көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық? [3-327]

Осы талаптарды алға тарта отырып Ахмет Байтұрынов ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Өйткені мұнда халқымыздың тіліне орыстану саясатының қаупі төніп тұрды. Сол кезде түркі жұртының 90% араб әрпін пайдаланған. Қалыптасып қалған жазу арқылы мәдениеті дамып хат танып отырған халыққа бір дегеннен әріп ауыстыру оңай мәселе емес еді. Латын әліпбиінде әріп ұлылы1-кішілі болып, екі-екіден келеді. Латын жүйелі әріптер баспаға әбден икемделген, ол икемделуі Европа жұрттарының өздеріне даяр болғанымен, бізге даяр емес. Түрік жұрттары олардың даяр тұрғандарын сол күйінде алып пайдалана алмайды. Ең кем болғанда 25-30% өзгертіліп алынады. [3-333]

Сол жылдардағы латын әрпіне көшудің қиындықтары туралы пікірін айтқанда Ахмет Байтұрсынов бірінші болып латынша әріпке ауысқан әзербайжандықтардың жағдайына тоқталған. Әзербайжандарда латын әріпін жазатын жазу машинасынның болмағандығы, оны 5-6 айдан соң жасатып алдыртқанда онымен жұмыс істейтін адамның болмағаны туралы айтады. «Көптен келе жатқан латыншылары бар, жетілген кент мәдениеті бар, өнерлі кәсібі бар әзербайжандар әліп-би бастыруға сонша әурешілік шексе, басқа түріктер, әсіресе біздің қазақ сияқтылары оп-оңай дайын қып ала алмас» деген. [3-333] Иә, бұл сонау ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің экономикасы да, әлеуметтік жағдайы да көтере алмайтын еді.

Бірақ соған қарамастан кеңес өкіметі латын жазуына күшпен ауыстырған. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.

2. Жазу үлгісін өзгертудегі кеңес өкіметінің саясаты.

1940 жылы Кеңес үкіметі Балтық жағалауындағы елдер мен грузин, армян жазу-ларынан басқа халықтардың барлығының жазуын кириллицамен алмастыру шешімін қабылдады.

1940 жылы ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің V сессиясы «Қазақ жазуын латындықтан орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавитке ауыстыру туралы» заң қабылдады. Қазақ тілінің жаңа алфавиті кириллица негізінде құрылды, ол үшін орыс алфавитінің 32 әрпіне 9 ерекше әріптер қосылды (ә, ө, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, һ).

Бұл саясат – біріншіден, түбі бір түркі тектес халықтарды бір-бірінен алшақтау, тарихынан қол үздіру болса, екіншіден, олардың өскелең ұрпақтарын «орыстандыру» пиғылында жатты. Осылайша қайта-қайта өзгерген жазу үлгісі аз уақыт ішінде халқымыздың сауат ашуы тілдің дамуына, әдебиетіміздің көркеюіне кері ықпал етті. Әсіресе, орыс графикасына көшу барысында жасалған қысым қазақ тілінің үндестік заңы арқылы тіл бұзылуына, дұрыс сөйлеу мен жазу емлесіндегі қайшылықтарға әкеп тіреді. Біздің ана тіліміз өзге туыстас тілдерге ұқсамайтын үндестік заңына бағынады. Амал не, тіліміздің де, грамматикамыздың да орыстануына шеттен келген кірме сөздер, әсіресе орыс тілі және сол арқылы үндіевропа тілдерінен енген сөздер үндестік заңына бағынбасын деген солақай саясаттың ықпалы әсер етті. [2-164]

Араб графикасынан латынға одан кириллицаға ауыстыру нәтижесінде халқымыз ғасырлар бойы ұлттық рухани мәдениетті қалыптастырған журнал, газет ғылыми еңбектер шығарған, тарихи материалдар байлығын жинаған өз жазуларынан кішкене уақыт аралығында айырылып қалды.

Бұл жағдай жер-жерде ұлттық мектептердің жабылуы, жаппай орыс тіліндегі мектептердің көбеюі, жоғары оқу орындары мен мектептерден қазақ тілін алып тастауға дейін әкелді. Оған дәлел ай аттарын орыс тілінде айтып, орыс тілінде жаздық, қаңтар айын январь, кеңес сөзін совет, т.б. сонымен бірге жер-су аттарыда өз ұлттық атауын жоғалтқан еді Алматы – Алма-Ата, Семей – Семипалатинск деген сияқты атаулармен аталды.

Осы кезде ана тіліне араша түсер азаматтар да табылды. 1944 жылы наурыз айында жазушы Ғ.Мүсірепов үкімет басшыларына хат жазып, оқулықтар мен қазақ тіліндегі кітаптардың тіліне сын айта келіп, былай деп жазды:

1) Газет тілі аударма тілге айналып кетті; қазақ сөзінен құрылған сөйлемдердің өзі орысша құралады. Термин емес сөздер де орысша алынады.

2) Қазақ тіліне орыс тілінің заңын бұлжытпай ала саламыз: шетел (шет ел)

3) Мектептерде қазақ тілі – мемлекет тілі есебінде қатты жолға қойылғаны жөн;

4) Республикалық наркоматтар елмен қазақ тілінде сөйлеспейді; егін сал, мал өсір дегенді қазақ тілінде айтуға болмай ма? [2-166]

Ол кезде мұндай ұсыныстар жазған адамдардың талап тілектері Компартияның саясатын қарсы деп көрсетіліп, жауапсыз қалдырылған. Тіпті қуғын-сүргінге ұшыратып, партия мүшелеріне қатаң сөгістер берілген.

Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі– тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген.

Ал атақты авар Расул Ғамзатов «Тілің ертең жоғалады десе, бүгін мен өлуге әзірмін», деп ана тілінің ұлт өмірінің тұтқасы екенін көрсетеді. Ұлттың ұлт екенін көрсететін 3 нәрсесі – ол тілі, жері, халқы. Халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын, тіліміздің тазалығын сақтау үшін күресіп келе жатқан халықпыз одан айырылсақ ұлт болудан қаламыз. «Тілінен айырылған ұлт – ұлт болып мәңгі жасай алмайды» деген М. Жұмабаев.
Осы орайда айта кететін нәрсе қазіргі таңдағы кейбір адамдар түсінігіндегі тіл мәселесі. Біз тілімізді латыншаға емес қарпіміз яғни алфавитті ауыстырамыз. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Әліппе деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жиынтығы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы» [3-325]

Кезінде өз заманына лайық деп араб әліпби үшін латын қарпінің енуіне Ахмет атамыз қарсылық білдірсе, бүгін біз үшін сол латын қарпінің тиімділігі зор. Өйткені тілімізге еніп кеткен нақты аудармасы бар термин сөздерден құтқарады. Совет-кенес, информация-ақпарат, документ-құжат, кабинет-бөлме, сынып т.б.

Сонымен бірге дыбысталуымызда жоқ «ь», «ъ» сияқты әріптерді алып тастар едік. Қазіргі уақытта ел ішінде кейбіреулер бөтен әріпті не істейміз деген пікірлер айтып жүр. Кирилица алфавиті біздің құды бір төл әріпіміз сияқты. Кезінде оны кеңес үкіметі ешкімнің талқылауына, зерттеуіне мүмкіндік берместен енгізді емес пе.

Қазіргі уақытта тәуелсіздік алған көптеген республикалар латын әрпіне көшіп те қойған.


3. Латын қарпіне көшудің маңызы.
Елбасы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын қарпіне ауысуды мақсат етіп айқындап берген болатын. Латын әліпбиіне ауысу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады.

Латын – бұл ғылым мен техниканың тілі. Латын білім, ғылым және өндірісті ұштастырған тіл. Латын қарпіне көшу - заман талабы. Кез-келген инновациялық технология, компьютер, смартфон мен гаджеттердің бастапқы программалары латын қарпімен жазылады. Физика, химия, математика, биология, экономика салаларында қолданылатын формулалар латын қарпінде. Әлем бойынша көп таралған жазба – латын жазбасы, оны  жер шары тұрғындарының 40%-ы қолданады. 



Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді.

Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды.

Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып. 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді. Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық латын кириллицамен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.

Қазірдің өзінде елімізде көше аттары латын әліпбиімен жазылып тұр. Телефондарға келетін хабарламалар да латын әліпбиімен келіп жүр. Бізге енді толық сараптан өткізіп Ахмет Байтұрсынов айтқандай оқуға да жазуға да ыңғайлы, тез меңгеретін әріппен басылған оқулықтар мен оны оқытатын ұстаздар керек.

Латын қарпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады.

_______________________________________________________________

  1. Бас әріп

Қорытынды.

Бүгінгі таңда елімізде «латын қарпіне көшу мәселелері: заманауи зерттеу әдістері мен әдіснамасы» тақырыбына тоқталсам, бұл мәселе сонау кеңес үкіметінің кезінен бері болған. Араб әрпінен латын әрпіне көшудегі туындаған мәселелер мен қазіргі кирилица әрпінен латынға көшудегі туындап отырған мәселелерді салыстырғанда, айтарым қазіргі уақытта ол кездегі қарама-қайшылықтардан гөрі қажеттілік басым болып тұрғаны анық.

Бүгінгі таңда кириллица әріптерін әлемде он екі ел қолданады: Олардың сегізі славян текті халықтар. Атап айтқанда Белоруссия, Босния,  Болгария, Македония, Черногория, Россия, Сербия және Украина. Славян текті болмаған төрт ел Казақстаннан, Кырғызстан, Монголия және Тәжікстан осы әріптерді қолданады. Сонда әлемде алфавит мәселесінде кириллицаға кіріптар болып отырған екі-ақ ел болып отыр. Олар Қазақстан мен Қырғызстан.

Қазақтар мен қырғыздар түркі-мұсылман халықтар тобына жатады. Сондықтан олар, бұрын яғни Кенес Одағына бодан болмастан алдын, түркі-мұсылман халықтар қолданған арап әліпбиін ұстанатын. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы түркі-мұсылман халықтардан Әзірбайжан, Өзбекстан мен Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан уақыт өткізбестен славян халықтарына тән әліпбиден бас тартып бүгінгі таңда түркі-мұсылман халықтар қолданып отырған латын әліпбиіне көшті.

Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда біздің ұтатын жақтарымыз:

1 – Тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

2 – Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Ел ішіндегі аға буын ата-апаларымыз қалай оқиды, олар құжаттар толтыру мәселесінде қиындықтарға тап болмай ма деген сұрақтарға менің өз ойым:

Біріншіден аға буын ата-апаларымыз мен мектеп бітіріп кеткен жастарымыздың бәрі мектепте ағылшын , неміс тілдерін оқыған. Ал ол пәндерді оқыған адамдар үшін латын әрпі еш қиын емес, өйткені латын әрпімен неміс, ағылшын әріптері өте ұқсас.

Қазіргі уақытта компьютер, смартфон мен гаджеттерді бәрі пайдаланады, ондағы кейбір хабарламалардың өзі латын әріптерімен жазылып келеді. Сол хабарламаларды ағылшын алфавиті негізіне алып оқып түсініп отырады.

Екіншіден осы смартфон мен гаджеттерді пайдаланатын жастарымыз өзара хабарламалар жазу барысында қазақша кирилица әріпін пайдалана бермейді. Сол смартфон мен гаджеттерді енгізіліп қойған орысша алфавит пен ағылшын әріптерін қолданады. Мысалы «қалың қалай?» деген сөзді «калын калай», «не жұмыс істеп жатырсың» деген сөздерді «не жумыс истеп жатырсын» деп жаза береді, бұл дегенің таза тілдің шұбарлануы мен қазақ тілінің болашақта жойылып кетуіне апарары сөзсіз.

Сондықтан бұл мәселені осындай халық алдында зерделеп, зерттеп, жан-жақты қарастыру дұрыс деп санаймын.

Қазақстан Өзбекстанға және Әзірбайжанға делегация жіберіп, осы елдердегі латын қарпіне көшу бойынша тәжірибе алуы керек. «Сапалы зерттеу жүргізіп, ненің қате, ненің дұрыс екенін пайымдаса жеткілікті. Сол елдер қандай қателік жібергенін көруіміз керек. Бірінші кезекте сараптама жұмысы жүргізілуі тиіс, сосын ғана мемлекеттік органдарымыз бен депутаттарымыздың талқылауына ұсынылуы керек. Осыдан соң ғана нақтылай сөйлеуге болады», — деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Қорыта келгенде ағылшын  тілін меңгерудің арқасында түгел жастар қазіргі таңда  латын қарпін толық біледі, және бұл жаңалықты қуанышпен қабылдайды. Латын әліпбиі бір ғана қазақ халқының әліпбиі емес, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың әліпбиіне айналуы тиіс.

Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «ел – бүгіншіл, мен – ертең үшін» дегендей бүгінгі қиындықтан қорқып, ертеңімізді ұмытпайық!.

Ұсынысым: Латын қарпіне көшу мәселесінде аға буын үшін теле арналарда арнайы «Латын әрпін оқыту» деген бағдарламалар ашылса, бұл да қиындықтың шешімі болар деп үміттенемін.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. 9 сынып оқулық. Алматы «Атамұра» 2013

2. Ғылымның шығып шыңына. (Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары) Тараз. «Сенім» 2006

3. А.Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы «Жалын» 1991

4. go.mail.ru, /el.kz/

5. http://bilimsite.kz/kizikti/10229-zhana-alipbi-zhobasy-usynyldy.html

Ы. Алтынсарин атындағы

49 мектеп-гимназиясының



11-сынып оқушысы Әбілдабек Диляраның

«Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі»

тақырыбында орындаған ғылыми жобасына
ПІКІР
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе.

Осы орайда жас зерттеушінің «Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі» тақырыбында орындаған бұл зерттеу жұмысы еліміздің болашақта латын қарпіне көшу мәселесіне қосатын үлесінің алғашқы талпынысы дер едім. Жас зерттеуші қазіргі уақыттағы мәселені ашып көрсете отырып тарих түпкіріне, Ахмет Байтұрсынов пікірін ашып көрсете білген тың тақырып.

Латын қарпіне көшудің маңыздылығын қазіргі қоғам дамуындағы инновациялық технология жетістігі екенін нақты көрсете білген. Зерттеу жұмысының мақсат, міндетін нақтылауда дұрыс бағыт ұстанғаны байқалады.

Әбілдабек Диляраның «Латын қарпіне көшудің тарихы мен тиімділігі» тақырыбында орындаған ғылыми жобасы ғылыми талаптарға сәйкес, сауатты орындалған.

Ы.Алтынсарин атындағы

49 мектеп-гимназия директоры: Д.Жумадилова




ТІРКЕЛУ НЫСАНЫ
Аты-жөні,тегі, әкесінің аты Әбілдабек Диляра

Мемлекет, облыс, қала Тараз

Оқу орнының атауы Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия

Сыныбы 11В сынып

Е-mail maglum72@mail.ru



Байланыс телефондары (мемлекет және қала кодымен) 87078215404

87072638581


Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет