Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет48/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

у 
дыбысы 
v
әрпімен таңбаланды. 1929 жылға дейін
 у
ды-
бысы
 ыу, іу ұу, үу
болып таңбаланды, 1929 жылдан бастап қана 
у
дыбысы жүйелі түрде 
ұу, 
үу 
болып таңбаланды. 1929-1938 жылдар аралығында екі түрлі пікір болды. Бірі 
у
фонема-
сын қосар әріппен (ұ+у, ү+у) таңбалау керек деген көзқарасты ұстанды, ал бірі 
у
фонемасын 
бір таңбамен беруді ұсынады.


30
И, у орфоэпиясы.
Әліпбидегі 
у
әрпі 
ұу, үу
дыбыс тіркестерін, не үнді дауыссыз дыбысын 
беретіні белгілі. Мысалы, 
су – сұу, суық – сұуық, қуат – құуат.
Бірінші буындағы ұ, ү дауысты-
ларының әсерінен екінші-үшінші буында жазылатын езулік дыбытсар еріндікке айналады. 
Мысалы, 
қуғын – құуғұн, қуқыл – құуқұл, туыс – тұуұс. 
Сондай-ақ 
у
дауыссыз дыбысынан басталған буын құрамындағы езуліктер де еріндік бо-
лып айтылады. Мысалы, 
тауық – тауұқ, сауық – сауұқ, керуен – керүуөн.
Әліпбидегі 
и
әрпі 
ый, ій
дыбыс тіркесін береді. Тек 
сый, тый
сөздері мен осы түбірдің 
туынды сөздері ғана 
ый
әріпмен жазылады: 
сыйлық, тыйым, тыйымды
. Қалған жағдайда 
и
әрпі сөз құрамындағы басқа дауыстылардың ырқымен жуан, жіңішке болып оқылады: 
қиын 
– қыйын, жиын – жыйын, тиімді – тійімді, мирас – мыйрас.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыс-
тардың жеке тұрғандағы қалпы жуан дыбысталады: 
мы, ыр, сы, ты, ды, шы. 
Сондықтан
 
ми – мый, мидай – мыйдай, миқи – мыйқый
сияқты сөздерді көрші буындағы жуан дауысты 
арқылы және жоғарыда айтқандай, дауыссыздардың негізгі реңкі арқылы бірыңғай жуан 
үндестікте айтылады.
Тасымал. 
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға та-
сымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, 
қа-раторғай, 
қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті
т.б. Сөз буын жігіне сәйкес 
тасымалданады. Мысалы, 
оқу-шылар, бел-сенді.
Сондай-ақ буын 
й
мен 
у
дауыссыздарынан 
басталғанда 
да-уыс,
(дау-ыс емес), 
са-йат
(сай-ат емес), 
да-йындық
(дай-ындық емес), 
құ-
йын
(құй-ын емес), 
да-йындық
(дай-ындық емес). Сонымен қатар сөз ішінде үш дауыссыз 
дыбыс қатар келгенде сөздің түбірі сақталып тасымалданады: 
күңгірт-теу
(күңгір-ттеу 
емес), 
жаңғырт-ты
(жаңғыр-тты емес). Біріккен және кіріккен сөздер буын жігімен тасы-
малданады: 
де-малыс,
(дем-алыс емес), 
кө-горай 
(көго-рай емес). 

ЕРЕЖЕ
§99. 
Сөз буын жігіне сәйкес тасымалданады: 
oqý-shylar, oqýshy-lar; bel-sendi, belsen-di; beı-
bitshilik, beıbit-shilik, beıbitshi-lik.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет