Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ


-лық жұрнағының сөз ұластырушылық қызметі де соңғы позициядағы  аралық



Pdf көрінісі
бет63/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

-лық
жұрнағының сөз ұластырушылық қызметі де соңғы позициядағы 
аралық
сыңарын 
біріктіруге әкеледі. Сондай-ақ 
арақатынас, арақашықтық, аражік, арасалмақ, арагідік, арақа-
тыс; екеуара, өлара, өзара, ішінара
т.б. 
ара
сөзімен терминдік атау жасап, бірге жазылады. 
Тіліміздегі 
құмар
сөзі де 
аңқұмар, арызқұмар, атаққұмар, атқұмар, әзілқұмар, әнқұмар, әң-
гімеқұмар, баққұмар, бәлеқұмар, білімқұмар, даңққұмар, дүниеқұмар, жырқұмар, қалжыңқұ-
мар, кітапқұмар, мансапқұмар, қалжыңқұмар, қонаққұмар, мәжілісқұмар, сәнқұмар, тәт-
тіқұмар, шайқұмар
т.б. көптеген сөздерде қайталана келе бірге жазылады. 
Құмар
сөзінің 
дербес мағынасы көмескіленбесе де, бірге жазылуына мынадай себеп болды: 1) барыс 
септік жалғауының жасырын тұруы; 2) «құмар» сөзінің белгілі затты атамай, субъектінің 
хал-күйінен хабардар етуі. 
Құмар
сөзінің «ынтызарлық» мағынасы бірнеше денотатқа қа-
тысты айтылып,
 (әнге құмар)
, оныңтанықтық бағыты күшейген, сөз жалпы мағынаға көш-
кен. Сол сияқты жай сөзі «қора және соның қасындағылар» мағынасында «қора-жай» қос 
сөзінде көрінді. 
70-80 жылдары «мекен-жай» (адрес) атауында орын тепті. 80-жылдардың ортасында қос 
сөз біріге бастады. Біріккен мекенжайсөзі «орын» мағынасын берді. 
Орынжай
деген тіркес 
те бар. Сөйтіп, «жай» өзінің валенттілігін арттырып алды да, әр текті атаулармен оңай сел-
бесіп, тіпті меңгеріп кетті. Мысалы, 
жағажай, саяжай, әуежай, егінжай, еружай, жылыжай, 
кемежай, қонақжай, қонысжай, қоражай, малжай, мекенжай, панажай, саяжай, тұрақжай, 
орынжай. 
Емлемізде 
тану
сыңарлы сөздердің жүйелі қатары бар. Олар – 
абайтану, ағаштану, әде-
биеттану, әуезовтану, ғибраттану, дүниетану, жануартану, жаратылыстану, жертану, 
шоқантану, мағжантану, кинотану, көлтану, қоғамтану, мектептану, мұражайтану, ор-
мантану, өлкетану, өнертану, театртану
сияқты қазақ тілінің төл сөзі негізінде пайда 


40
болған термин сөздер. 
Таны
етістігіне қимыл атау жұрнағы жалғану арқылы жасалған «та-
нудың» бір мағынасы «затты жан-жақты тексеріп, ажырату, айыру, зерттеу» десек, осы тура 
мағынасында нысанамен тікелей предикаттық қатынас жасай 
(Әуезовті таны)
орналасуы 
анықтық күшін азайтады. Бұл табыс жалғауын жасыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, анықтық 
танықтық бағытына қарай жылжиды. Әуезовті тану жеке субъектінің әрекетін көрсетсе, 
әуезовтану
сөзі ортақ іс, ортақ әрекетті меңзейді. Жанды сыңарлы құрама сөздерде бірге 
жазылады. Мысалы: 
ақынжанды, әйелжанды, дүниежанды, ержанды, жаужанды, итжанды, 
қызылжанды, малжанды, балажанды.
Лексикалық мағынасы кеңейіп, жалпылану, яғни грамматикалану үстінде тұрған, бір 
денотативке байлаусыз, көп денотативке ортақ сөзсоңы сыңарының енді біреуі – 
қап
сөзі.
Мысалы: 
аяққап, шашқап, шынықап, кебежеқап, буынқап, кесеқап, сандыққап, көрпеқап, та-
лысқап, орындыққап, желінқап, керегеқап, қазанқап, теңқап. 
Қап
сөзі тілімізде «қанар», «ме-
шок» мағынасында жеке дара тұрып, актив қолданыла да алады. Сөз мағынасының жалпы-
лануын күрделі сөздің тірек компонентінің мағынасы ол арқылы жасалған бірнеше күрделі 
сөзге ортақ болады да, олардың мағыналық байланыстылығын туғызудан басталып, тірек 
компоненттің жиі қолданылуы нәтижесінде мағынасының абстрактанып, қосымша қата-
рына өтуімен көрінеді. Сондықтан бұндай сөздер сөздің соңғы сыңары ретінде қайталана 
келе бірге жазыла бастаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет