префикс +түбір + аффикс = қазақ сөзі.
Сөзалды қосымшалар-
дың бәрі кірме болып келеді. Мысалы,
бей
– көне кірме қосымша, екеуінің де бір-бірінен
мағыналық айырмашылығы жоқ:
биуақыт-бейуақыт; беймарал-бимарал
т.б. Ал
авто-, аван-,
агро-
префикстері авангардтық, ғылыми-техникалық жаңалықтарды атайды. Бұл префик-
стердің қазақ сөздерімен бірігу әлеуеті жоғары.
Авто-
префиксі көлік және көлікке қатысты
атаулар құрамында кездеседі, кейінгі келетін түбірлермен бірге жазылады:
автокөлік, ав
-
тожуу, автотұрақ
және т.б. Авторлық қолтаңба, адамның өз бейнесін өзі салуы мағына-
сы осы префикспен беріледі:
автопортрет, автобиография
т.б. Соңғы
авто-
префиксінің
алдыңғы мысалдардағы «өзі жүретін» мағынасын білдіретін префикспен мағыналық бай-
ланысы жоқ.
Авиа-
префиксі кейінгі позициядағы компонентпен бірге жазылады, көбі ауда-
рылмайды:
авиалайнер, авиарейс
т.б.
Анти-
екі түрлі ұғым тудырады: а) әлденеге қарсыла-
су; ә) жоққа шығару. Аталған сөзалды қосымшасымен нигилистік ағым атаулары жасалады,
түбір сөздермен бірге жазылады:
антипоэзия, антимузыка
т.б.
Макси-, мини, -мобиль-, архи-, супер-, гипер-, ультра-
префикстері кейін келетін сөздермен
бірге жазылады, агглютинативтік әлеуеті өте жоғары. Осы префикстер арқылы жасалған
лексиканың негізгі қорын терминологиялық, публицистикалық, мемуарлық, қоғамдық-са-
яси сөздер құрайды:
ýltrakúlgіn, arhıkonservator, sýperavıatsııa, gıperbelsendі, mınımarket,
megajoba, mınıjoba, ınfraqurylym, ıntraqurylym
т.б. Бірге жазылатын сөздердің алдыңғы
сыңары тек префикс түрінде ғана емес, өз алдына жеке мағыналы сөз түрінде де болады:
kınotýyndy, kınoqondyrǵy, kópmándi, kópjaqty, fotosýret, radıohabar
т.б. Бірақ жоспардағы негізгі
нысан сөзалды қосымшалармен келген күрделі сөздер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |