-лық, -лiк, -дық, -дiк, -тық, -тiк қocымшacымeн кeлeтiн cөздepдiң бipiгiп жaзылaтыны
белгілі. Mыcaлы,
дүнueжүзiлiк, көpcoқыpлық, қoлбaйлayшылықmық т.с.с. Бұл жұрнақтың
cөз ұлacтыpyыштық қacиeтi oның өзi жaлғaнғaн cөздi дepeкciздeндipiп, жaлпылaндыpып
жiбepyiнe бaйлaныcты. Бұл сөздер көбінесе қоғамдық-саяси және дерексіз атаулар жасай-
ды, мысалы:
ауызбірлік, араағайындық, дүниежүзілік. Сондай-ақ
-лы, -лі жұрнағымен ке-
летін үш сыңарлы тіркестің алдыңғы екеуі бірігіп жазылады. Мысалы, «қазақ тілінде жа-
зылған кітаптар» деген мағынаны
қазақ тілді кітаптар, «ағылшын тіліндегі кітаптар» дегенді
ағылшынтілді кітаптар деп жазатын болдық. Бірақ барлық сөздерді бұлай біріктіре
алмайды. Дегенмен анық бірге жазылатын сөздер бар, мысалы,
қолжетімді (көпшілікке
лайықты),
құсқоректі (құстармен қоректенетін),
бұтақмұртты (жәндік),
гүлжапырақты (өсімдік),
бесқас ты (жүзік),
бесмүйізді (өсімдік),
дәмжемісті (өсімдік),
басыбайлы (біреудің
меншігінде, тәуелді),
бессалалы (өсімдік).
-ар, -ер жұрнағы есім сөз бен етістіктен тұрған қандай да бір ұғым, затты білдіретін тір-
кеске жалғанса, сол тіркесті бүтінімен заттандырып, бір атау етіп жібереді. Мысалы, «алып,
оны қайта сатушы» деген мағынаны
алыпсат+ар, «орнында жүретін адам» деген мағынаны
орынбас+ар деген бір бүтін сөз беретініне ешкім таласа алмайды. Мұндай біріккен сөздер
көбіне салт-дәстүр, өсімдік атаулары болып келеді:
тұсаукесер, атқамінер, ізашар. Бірақ
34
орманға барар жол, көлге түсер уақыт дегенде алдыңғы екі сөз бірге жазылмайды. Себебі
бұлар зат не ұғымның атауы емес. Сонымен,
-ар, -ер, -р жұрнағымен келген барлық есім +
етістік тіркесін біріктіре алмаймыз. Тек зат, ұғым атауын беретін сөздерді ғана босаралық-
сыз таңбалай аламыз.
Сондай-ақ
-ғыш, -гіш жұрнағымен жасалған
сиясорғыш, суөлшегіш, қызылшақопарғыш сияқ ты құрал, техника атаулары және жедел өткен шақ жұрнағымен де сөздер бірігіп жа-
зылады. Олардың біршамасы басты етістігімен тіркескен. Сонымен,
балабасты, жұмысбас- ты сөздері, сондай-ақ
немкетті, немқұрайды (нем құриды?),
сүйкейсалды, әлімжетті, жүребітті, көкейтесті, көкейкесті, күнқақты (болу),
қамытқақты (әл-қуаты кеткен),
құлақкесті (құл),
өзекжарды (уайым),
пышақкесті (тыйылу),
сусоқты (болу),
белбеусоқты (ойын),
атсоқты (болу),
желқақты (болу),
қамшыкесті (жылқы малына қатысты), қанқұй-
лы сөздері бірге жазылады. Алайда бұларды
жаза басты (жаңылысты),
қара басты (жолы
болмады)
бауыр басты (жақын тартты) деген фразеологизмдермен шатастырмау керек.
Олар
не істеді? қайтті? деген сауалға жауап береді. Ал
алдыңғылар – атсоқты болып шар- шадым (қайттім?),
пышақкесті тыйылды (не болды?),
көкейкесті мәселе (қандай мәселе?)
деп басқа сөз табына айналып кеткендер.
Сонымен мынадай ұластыруыш қосымшалар арқылы келген ұғым атауы мен термин
сөздер бірге жазылады:
-ар,- лар -лық, -ғыш,- ты, -ыс, -ма, -қ, -қы.