ЕРЕЖЕ
§29.
Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады:
qas batyr, baǵy jandy, ıek
artty, bas tartty, bet burdy, qol jalǵady, qol ushyn berdi, ıin tires, qyrǵı qabaq.
Бірақ атау сөздің орнына
жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады:
basqosý, atsalysý, aqkóńil
(§38 қараңыз).
Ережеде фразалық тіркестердің бөлек жазылатыны айтылады, алайда кейбір лексика-
ланғандары бірге жазылады. Мысалы,
басқосу
атау сөздің орнына жүрген жағдайда бірге
жазылады да, етістік мәнінде бөлек жазылады, мысалы:
бас қосты
. Ал
атсалыс
етістігі екі
жағдайда да бірге жазылады. Мысалы,
атсалысу, атсалысты, атсалыспақ.
Мұндай бірік-
тіріліп беріліп жүрген құранды етістіктердің бірі –
таңғалу
етістігі (таң қалу).
Қазақ тілінде дефис арқылы жазылатын күрделі құрамды етістіктер бар. Мысалы:
ұрып-
соқты, ағып-тамып, ағып-төгіп, азып-тозып, көшіп-қонып, күйіп-пісті, айналып-толғанып,
күтіп-баптап, айтысып-тартысып, қағып-сілкіп, қақалып-шашалып, қалғып-мүлгіп, ал-
дап-сулап
т.б.
Алайда қазақ тілінде күрделі етістік мәселесінде бұл етістіктер нысанға алына бермейді.
Бұлай қосарлану арқылы жасалып, біртұтас етістік бірлікке айналған сөздер қазақ тілін-
де көп емес. Жоғарыда аталған мысалдар түсіндірме, орфографиялық сөздіктерде арнайы
реестр де беріледі.
Сөйлемде кейде бір етістіктің қосарлануы не қайталануы арқылы да күрделі қолда-
ныстар кездеседі. Мысалы:
көрмей-білмей, айтып-айтпай, сөйлей-сөйлей, жүре-жүре, жа-
за-жаза
т.б.
Бұл сөздер көбінесе реестрлік бірлік ретінде сөздіктерге енгізілмейді. Сөйлеу бірлігі
ретінде сөйлемдерде қос сөз ретінде қолданылады және дефис арқылы жазылады.
|