ЕРЕЖЕ
§24.
Күрделі сын есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады:
аl qyzyl, qońyr ala, qyzǵylt sary,
qara ala, kók ala, qara kók, aq sur, qula qasqa, qula jıren, tory tóbel.
Қазіргі кезде жазуда қиындық тудырып жүрген күрделі сын есімдердің түрі –
әр
есімді-
гімен кейде тіркесіп, кейде бірігіп жазылып жүрген сын есімдер болып табылады. Мысалы,
әртүрлі
сөзі. Соңғы орфографияда бірге берілгендіктен, тілшілер, журналистер, жазушы-
лар, филологтар сияқты жазарман қауым бірге жазуды басшылыққа алып жүргендіктен,
бірге жазу бір жағынан тұрақтанып та қалды десек болады. Яғни сөздерді нормаға түсіруде
емле, сөздіктерді ұстану қажет. Бұл жазуды нормаға түсіретін бірден-бір заңды құжат бо-
лып табылады.
Әртүрлі
сын есімі жасалу жолы жағынан әрі синтетикалық, әрі аналитикалық тәсіл
арқылы жасалған сөзге жатады. -Лі қатыстық сын есім тудырушы жұрнақ. Қатыстық сын
есімдер шыраймен түрленбейтіні белгілі, ал түрленгенде олар сапалық сын есімдердің се-
мантикасына көшеді. Яғни
әртүрлі
сөзі осындай қатыстық мәннен айрылып, заттың сипа-
тына, түріне қатысты ұғымды білдіріп, яғни лексикаланып, бір ұғымға айналған. Сөйтіп,
заттың түріне қатысты сапаны білдіру мәніне көшкен, екіншіден, шыраймен
әртүрлірек,
әртүрлілеу, тым әртүрлі
деп те арагідік түрлендіре аламыз.
Үстеу
қимылдың, іс-әрекеттің белгісін, жүзеге асу амал-тәсілін, мекенін, себебін, мез-
гілін, жай-күйін білдіретін сөз табы болып табылады.
64
Құрамы жағынан түбір үстеулер, туынды үстеулер, күрделі үстеулер болып бөлінеді. Не-
гізгі үстеулер құрамы жағынан түбір қосымшаға бөлінбейді. Мысалы,
жылдам, әдейі, бұрын,
ұдайы, жаңа, әрі, бері, нағыз, дәл, ерекше, тым, оқыс, мүлде
т.б.
Туынды үстеулер жұрнақ жалғану арқылы және қосарлану, бірігу, тіркесу тәсілдері
арқылы жасалады. Мағыналық жағынан
мезгіл, мекен, сын-қимыл, мөлшер, мақсат
үстеу-
леріне бөлінеді.
Үстеуде жұрнақ жалғану арқылы кейін лексикаланып үстеуге айналған сөздер көп. Мы-
салы, септік жалғауларының көнеленуі арқылы: босқа, бірге, жатқа, артқа, текке, кешке,
мұнда, күнде, лезде, қапыда, шетінен, шалқасынан, кенеттен және т.б.
Бірігу арқылы кірігіп кеткен үстеулер бар:
бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні
(жаздың күні)
. Мұндай үстеулер бірге жазылады.
Қосарлану арқылы жасалған үстеулер дефис арқылы жазылады. Мысалы:
бірте-бірте,
оқта-текте, анда-санда, жапа-тармағай, күні-түні, жата-жастана, бет-бетімен
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |