ЕРЕЖЕ §60. Дәстүрлі мәдениетте ерекше орын алған кісі есімдерінің алдында қолданылатын
тұрақты эпитеттер бас әріппен жазылады:
Úkili Ybyraı, Qyz Jibek, Máshhúr Júsip,Qazdaýysty Qazybek bı, Er Tarǵyn, Qaraqypshaq Qobylandy, Jaıaý Musa, Er Tóstik. 10-tapsyrma. Sóılemderdі jańa álіpbımen jazyp, epıtetterdіń jazylýyn taldańyzdar. 1. Бас киіміне үкі тағып, жасынан серілік жолға түскен балаң жігіт Үкілі Ыбырай атанады.
2. Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі – «Қыз Жібек» жыры.
3. Мәшһүр Жүсіп шығармаларын бастырудың неге кешеуілдеп қолға алынғаны да белгілі.
4. Шалқұйрық пен Ер Төстік жер астына түсіп кетеді.
5. Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаздауысты Қазыбек сәлем бере барыпты.
6. Жаяу Мұсаның әншілік, композиторлық өнері халық музыкасымен тығыз байланыста
дамыды.