Қысқарған сөздерді тасымалдау тәртібі
Сөздің жолға сыймаған бөлігін келесі жолға көшіру тасымал арқылы буын жігімен жүзе-
ге асырылады. Мысалы,
қа-лам, қа-зір, мек-теп
сияқты сөздерді тасмалдау қажет болса, осы
көрсетілген буын жігінен бірінші буынды жазып, екінші буынды келесі жолға тасмалдауға
болады. Сөзде бірнеше буын болғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған
буындары келесі жолға тасымалданады. Мына сөздерді осы көрсетілгендей буын жігінен
түрліше тасымалдауға болады:
ақыл-дастық, ақылдас-тық, ха-барландыру, хабар-ландыру,
хабарлан-дыру
т.б.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар. Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып,
сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы:
әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер,
әзір
сияқты сөздер тасымалданбайды. Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптен
тұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы,
армия
,
Жәния
сияқты сөздердегі соңғы
я
әрпі келесі жолға тасымалданбайды.
Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б. Қысқартылып алынған кісі
аттары тасымалданбайды: А. Құнанбаев, М. Әуеуов, С. Мұқанов т.б. Цифрмен алынған сандар-
ды оларға қатысты қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды: 15м, 30см, 60 т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |