Ұлттық сана – барлық элементтері (саяси сана, құқықтық сана, тарихи сана, эстетти-
калық сана, тілдік сана т.б.) ұлттық тілде қалыптасқан белгілі бір ұлттық-этникалық қа-
уымдастықтың рухани даму деңгейін, ерекшеліктері мен мазмұнын сипаттайтын дүнияуи
және діни, әлеуметтік, экономикалық, ахлақтық т.б. көзқарастардың жиынтығы. Ал ұлт-
тың көзқарастарының жиынтығы жазу арқылы қалыптасады, жүйеленеді, жинақталады,
ұрпақтан-ұраққа жеткізіледі. Сондықтан да ұлттық сананы қалыптастырудағы жазудың
рөлі ерекше. Мұны тарихтың мысалынан анық көруге болады, әдетте ұлттық жазу жүйесі
ерте дамыған мемлекеттер халықаралық қауымдастықта экономикалық, әлеуметтік да-
муы жағынан да жетекші орынды иеленген.
Сондықтан қазақ жазуын латын графикасына көшіруді ең алдымен