Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ



Pdf көрінісі
бет85/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

ЕРЕЖЕ
§29. 
Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады: 
qas batyr, baǵy jandy, ıek 
artty, bas tartty, bet burdy, qol jalǵady, qol ushyn berdi, ıin tires, qyrǵı qabaq. 
Бірақ атау сөздің орнына 
жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады: 
basqosý, atsalysý, aqkóńil 
(§38 қараңыз).
Ережеде фразалық тіркестердің бөлек жазылатыны айтылады, алайда кейбір лексика-
ланғандары бірге жазылады. Мысалы, 
басқосу
атау сөздің орнына жүрген жағдайда бірге 
жазылады да, етістік мәнінде бөлек жазылады, мысалы: 
бас қосты
. Ал 
атсалыс
етістігі екі 
жағдайда да бірге жазылады. Мысалы, 
атсалысу, атсалысты, атсалыспақ.
Мұндай бірік-
тіріліп беріліп жүрген құранды етістіктердің бірі – 
таңғалу
етістігі (таң қалу).
Қазақ тілінде дефис арқылы жазылатын күрделі құрамды етістіктер бар. Мысалы: 
ұрып-
соқты, ағып-тамып, ағып-төгіп, азып-тозып, көшіп-қонып, күйіп-пісті, айналып-толғанып, 
күтіп-баптап, айтысып-тартысып, қағып-сілкіп, қақалып-шашалып, қалғып-мүлгіп, ал-
дап-сулап
т.б.
Алайда қазақ тілінде күрделі етістік мәселесінде бұл етістіктер нысанға алына бермейді. 
Бұлай қосарлану арқылы жасалып, біртұтас етістік бірлікке айналған сөздер қазақ тілін-
де көп емес. Жоғарыда аталған мысалдар түсіндірме, орфографиялық сөздіктерде арнайы 
реестр де беріледі.
Сөйлемде кейде бір етістіктің қосарлануы не қайталануы арқылы да күрделі қолда-
ныстар кездеседі. Мысалы: 
көрмей-білмей, айтып-айтпай, сөйлей-сөйлей, жүре-жүре, жа-
за-жаза
т.б.
Бұл сөздер көбінесе реестрлік бірлік ретінде сөздіктерге енгізілмейді. Сөйлеу бірлігі 
ретінде сөйлемдерде қос сөз ретінде қолданылады және дефис арқылы жазылады.


62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет