Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ


Күрделі етістіктердің емлесі



Pdf көрінісі
бет83/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

Күрделі етістіктердің емлесі
Етістіктердің күрделі түрі негізінен тіркесу арқылы жасалады. Демек, күрделі етістік 
дегеніміз – екі етістіктің немесе есім/еліктеуіш сөздердің етістіктермен тіркесуі арқылы 
жасалған, екі компоненті бірігіп, біртұтас мағынаны білдіретін, яғни күрделі қимылды біл-
діретін сөздер тобы.
Күрделі етістіктер жазба тілде әрқашан бөлек жазылады. Бұл – норма. 
 
ЕРЕЖЕ
§25. 
Күрделі етістіктердің, есім және еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің 
әрбір сыңары бөлек жазылады: 
baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara 
almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala jazdady; qyzmet etý, jumys jasaý, mán berý, qol shapalaqtaý; 
shap etý, dý ete túsý, baj etý, lap qoıý.
Мұндағы күрделі етістік те есім және еліктеуіштерге тіркескен құрама/құранды етістік-
тер де екі сөздің тіркесуі арқылы жасалғандықтан, күрделі етістік деген ұғымның ішіне 
кіреді. 
Дәстүрлі түрде аталатын күрделі етістіктерге екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалған 
етістіктердің барлығы енеді. Оны өз ішінде жаңа мағыналы сөзжасау сипатына қарай екіге 
бөлуге болады:
Күрделі етістіктер: кіріп шықты.
Аналитикалық етістіктер: айта салды, ұрып жіберді. 
Екі жағдайда да бөлек жазылады.
Күрделі етістіктер тіркесін жасауда екі етістікті байланыстыратын дәнекер форма 
-а/е/й; 
-ып/іп/п
көсемше тұлғалары өнімді қызмет атқарады. Бұл қосымшалардың етістіктің екін-
ші сыңарымен тіркескендегі етістік түбірлерімен тіркесі жиі кездеседі, яғни әртүрлі етістік-
терге тіркескенде бірдей грамматикалық мағына үстеп отырады. Мысалы, 
-ып сал, -а тұр, 
-ып бер, -а қой
. Бұларды тілде етістіктің аналитикалық форманттары деп атайды.
Құрама/құранды етістіктерді есім+етістік формалы және еліктеуіш+етістік формалы деп 
жіктейміз. Есім+етістік формалы құранды етістіктер көбіне
 ет, қыл, бол
көмекші етістіктері 
арқылы жасалады: 
адам бол, еңбек ет.
Еліктеуіш+етістік формалы құранды етістіктер негізінен ет көмекші етістігінің тіркесуі 
арқылы жасалады: 
жарқ етті, лап ету, қаңқ ету. 
Күрделі етістіктердің бірізді нормасы – бөлек жазу. Сондықтан жазуда қиындық тудыра 
бермейді. Төменде біз жазуда біршама қиындық тудыратын кейбір мәселелерге тоқтала-
мыз. Айтуда тұтасып кететін күрделі етістіктер: 
бала қылып алу – балағылып алу. 
Мұндай 
қолданыстар жазушылар шығармаларында да ұшырайды. Бірігіп кеткендері: 
атсалысу 


61
– ат салысу
. Бірігу кезеңінде тұрған универбтенуге жақын кұрама етістіктер: 
қол шапа-
лақтау – қолшапалақтау, иін тіресу – иінтіресу, бас сауғалау – бассауғалау. 
Күрделі етістіктердің мына құрылымда келген түрлеріне қатысты жазуда бұған дейін 
әртүрлі жазылып жүрген сөздер бар. Мысалы, 
 urda-jyq/ur da jyq, asta-tók/as ta tók.
Бұл тура-
лы емленің 27-параграфында былай делінеді:
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет