Филология және әлем тілдері факультеті «5В020500»-Қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенті; Құрман Дидар



бет1/2
Дата25.12.2021
өлшемі16,83 Kb.
#105246
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
Құрман Дидар 3курс


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология және әлем тілдері факультеті

«5В020500»-Қазақ филологиясы мамандығының 3-курс

студенті; Құрман Дидар

Тексерген: Бейсенбаев П.

15-семинар

Ләйлі – Мәжнүн» дастанының шығыстық нұсқалары

«Мың бір түндегі» ғашықтық туралы әңгімелердің біразында бір – бірімен түсінісе алмаған, немесе ата –анасы қарсы болып қоспаған оқиғалар суреттеледі. Соның нәтижесінде кейде ғашықтар мерт болады.Сондай ғашықтардың ең танымалы – Ләйлі мен Мәжнүн.[4].

Қайғылы ғашықтық сюжетін жырлаған ақынның бірі – Шәкәрім. Шәкәрімнің «Ләйлі Мәжнүні» 1907 жылы жазылып, 1922-23 жылдары «Шолпан» журналында басылып шыққан болатын. Бұл дастанның Шәкәрім жазғанға дейін де қазақ арасында айтылып, жазылып танымал болғандығы анық. Бірақ Шәкәрім бұл дастанды тікелей Физулиден алған екен, 17000 жол өлеңнен тұратын дастан болып табылады.

Автор дастанның кіріспесінде өзі жақсы білетін шығыс ақындарын көпшілікке санамалап, таныстырып өтеді. Кей қазақ біле бермейтін әлемге сөздің нұрын жайған ақындарымен таныстыруы, ақынның ағартушылық ниетінен болар:

Бұрынғы бәйітшіні білемісің?

Мен айтсам, оны кім деп күлемісің.

«Сабырбай, Жанақ, Шөже,Кеншімбай»,-деп

Түк білмей онан өзге жүремісің.

Науаи, Сағди, Шәмси, Физули бар,

Сайхали, Қожа, Хафиз, Фердаусилар...

Бәйітші елден асқан шешін болып,

Әлемге сөздің нұрын жайған солар.

Қарап отырсақ, аталған ақындардың біразы өз заманында « Ләйлі - Мәжнүнді» жыр еткен.

«Ләйлі – Мәжнүн» дастанын екі түрлі түсінуге болады. Оның бірі екі жастың бас бостандыққа ұмтылып, өздерінің адал махаббаты жолындағы күресін сипаттаса, екінші дәл Мәжнүнге ғашық болып, бұл дүниенің қызығынан баз кешіп кету тек сопылық әдебиетке тән дүниелер. Мысалы, Шәкәрімде Ләйлі үйде отырып, шам мен көбелекке қарап мұңын шағады. Ләйлінің шам мен көбелекке қарап сырласып отырған ішкі монологында Мәжнүн туралы бір ауыз сөз жоқ. « Сүйікті досым –бейнет, жауым -рақат» деген автор сөзінің өзі сопылық сарын. «Шам мен көбелек» терминдері әдебиетте Аллаға деген шексіз махаббатты білдіреді.

Шәкәрімнің « Ләйлі –Мәжнүн» дастаны Физули нұсқасына жақын болғанымен, ол өзіндік ерекшеліктерін қоса білді.

Ләйлі мен Мәжнүн шығыс әдебиетінде ертегілік кейіпкер емес, әдеби кейіпкер деп есептелінеді. Олар жайында көптеген дастан, аңыздар бар, Аңыздардың бірінде( Сәйф Сараи «Гүлстанында»(ХІV)) былай айтылады:

Бір патша Ләйлі-Мәжнүн оқиғасын естіп, ғашықтық азабын тартқан қандай адамдар екен, бірін –бірі ынтық қылған неткен жандар екенін білейін деп , іздетеді. Екеуін тауып әкелген соң, таңдана Ләйліге қарапты. Қараса, өз кәнизектерінен асып кеткен сұлулығы жоқ сияқты. Мұны байқаған Мәжнүн сонда: « Уа, патшам, Ләйліге менің көзіммен қараңызшы », - депті ( Ежелгі дәуірдегі...1991).Осы аңызда Шәкәрім өзінің қара сөзінде : «... патша іздеп барып, Ләйліні көрсе: жүзі жансыз қарасұрлау, өткір қара көзді, нәзік қана әйел екен. Патша Мәжнүнге қайтып келіп : «Ләйлі де сонша қызығарлық сұлулық жоқ қой? Шын сұлу болса, оған жанның бәрі құмар болмас па еді?», - дегенде, Мәжнүн айтыпты : « Әр ақылды адам әлемнің қиын сырын түгел аша алмайды... Ләйлінің анық нұрын көремін десеңіз, менің көзіммен қарап, менің жүрегіммен ойласаңыз...» - деп дамытады.

Шәкәрімнің «Ләйлі - Мәжнүн» дастаны аударма емес. Ежелгі әдебиетіміздің нәзира дәстүрін ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне жалғастырып, талантты ақындық қуаттан туған шығарма.

Дастанды оқып отырсақ, Мәжнүннің көрген қиындығы мен тартқан зары Шәкәрімнің өз жан азабымен үндестік табатынын аңғарамыз. Ақынның кіршіксіз жүрегі – Ләйлі мен Мәжнүннің адал махаббатырмен үндеседі де, әділдік таппай , өліп тынған екі ғашықтың жолын құптап:

Басында Мәжнүн болды барға ғашық,

Жолында бір ләйлінің жанталасып,

Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім,

Менікі кеткен жоқ па онан да асып?

Ақ жүрек , ғаділетке қолым жетпей,

Қу жаным , қуарып жүр өліп кетпей.

Ішінде көп арманның жүргенімше,

Құдайым тез алса екен тентіретпей,-

дейді(Құдайбердиев Ш.,)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет