4. Өз ведомствосына қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша мыналар ажыратылады:
А. алқалы органдар, оларда құзыретінің негізгі мәселелері осы орган мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі мысалы, Үкімет, әкімдіктер алқалы болып табылады;
Ә.дара басшылық органдары, оларда негізгі мәселелерді шешу өкілеттіктері басшының қолына шоғырландырылған мысалы, министрліктер.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің атқарушы билік аясындағы өкілеттіктері Қолданылып жүрген 1995 ж. Конституция бойынша Президент ресми түрде атқарушы биліктің басшысы болмаса да, шындығында оның бұл аядағы рөлі өте зор.
Конституцияның 44 б. 3-т. сәйкес ол Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың ПремьерМинистрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың министрліктерін және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады және таратады; Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын Президент өзі белгілейтін тәртіппен қабылдайды.
Республикалық атқарушы билік органдарының жүйесі де Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президенттің жарлықтарымен бекітіледі. Қазіргі кезде ол «Атқарушы өкіметтің орталық органдарының жүйесін ретке келтіру туралы» Президенттің 1993 ж. 9-маусымдағы жарлығымен айқындалады.
Президент ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етуге, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауға құқылы.
Президент Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрінің және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы. Оның жарлықтарымен атқарушы биліктің қызметі мен механизмінің көптеген маңызды жақтары регламенттелінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Конституцияның V – бөлімінде бекітілген.
3.Заңдылықты қамтамасыз етуді қадағалау Қадағалау мемлекеттік бақылаудың түрі болып келеді.Қадағалау келесі түрлерге бөлінеді:Прокурорлық әкімшілік және соттық қадағалау . Прокуратура мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асырады: -заңның, Президент Жарлығының және т.б. нормативті құқықтық актілердің біркелкі қолданылуы;
-шұғыл –іздеу жұмыстары, тергеу жұмыстарының заңдылығы;
-әкімшілік және атқару өндірісіндегі заңдылық.
Прокуратура өзінің міндетін атқаруда құқылы: 1.Заңның кез келген түрінің бұзылуын айқындауға;
2.Конституцияға және Республика заңына қайшы келетін заңды және басқа да құқықтық актілерге
наразылық білдіруге;