«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
БЕКІТЕМІН
СДУ Бірінші проректоры, оқу істері жөніндегі проректоры
ф-м.ғ.д., профессор
Әмірғалиева С.Н.
_______________________
«_____» тамыз, 2015 ж.
«КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ»
(5В030100 «ҚҰҚЫҚТАНУ» бакалавриат мамандығы үшін)
ПӘНІНІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАСКЕЛЕҢ, 2015
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қаулысымен бекітілген және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 5В030100 – Құқықтану мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары» бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Құрастырған(дар): з.ғ.к., ассоц.проф. К.Адилова
МА, ассис.оқытушы Ж.Дүйсебекова
Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.
« » 2015 ж., № ... хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев
Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.
« » 2015 ж., № ... хаттама
Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________ф.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов
«Кәсіби қазақ тілі»
пәні оқу-әдістемелік кешенінің
мазмұны
1.
|
Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компонентке кірсе)
|
2.
|
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
|
3.
|
Студентке арналған пәнді оқу бағдарламасы (Syllabus)
|
4.
|
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
|
5.
|
Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы
|
6.
|
Дәрістік кешен
|
7.
|
Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
|
8.
|
Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқаулар
|
9.
|
Білім алушының өзіндік жұмысына арналған материалдар
|
10.
|
Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар
|
11.
|
Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пән мазмұнына байланысты)
|
12.
|
Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттержәнезертханалар тізімі
|
«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы, п.ғ.к.,ассис.проф.
_______________ Д.Э.Гаипов
«_____» _________ 2015 ж.
«КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ»
(5В030100 «ҚҰҚЫҚТАНУ» бакалавриат мамандығы үшін)
пәні бойынша
ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Қаскелең, 2015
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қаулысымен бекітілген және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 5В030100 – Құқықтану мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары» бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Құрастырған(дар): х.ғ.к., аға оқытушы Жұмақаева Бота Дәлетханқызы
МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова
Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.
« » тамыз 2015 ж., № ... хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев
Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.
« » тамыз 2015 ж., № ... хаттама
Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов
Модуль атауы және шифры
|
KZL 337 «Кәсіби қазақ тілі»
|
Семестр
|
5
|
Кредит саны (ҚР, ECTS кредиті)
|
2 (90 сағат)
|
Модульге жауапты және пән оқытушысы
|
МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова
з.ғ.к., ассоц.проф. К.Адилова
|
Оқыту тілі
|
Қазақ
|
Оқытуды ұйымдастыру үшін қажет сағат саны
|
Семинар/практикалық – 30 сағат, СОӨЖ – 30 сағат, СӨЖ – 30 сағат
|
Модуль атаулары
|
Модуль 1. Берілген кәсіби бағытталған тілдік құзыреттерді қалыптастыру;
Модуль 2. Құқықтық терминология кәсіби қарым-қатынас негізі ретінде.
Модуль 3. Құқықтық дискурс. Тіл мәдениеті.
|
Модуль пререквизиттері
|
Практикалық қазақ тілі
|
Модуль постреквизиттері
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы
|
Модульдің сипаттамасы:
|
Модуль 1.
Тіл және сөйлеу. Сөйлеудің формалары мен түрлері: ауызша және жазбаша. «Кәсіби тіл» және «кәсіби сөйлеу» ұғымдары.
Заң мәтіні жазбаша кәсіби сөйлеуге үйретудің бірлігі ретінде. Заң мәтінін (заң, бап, ескерту) логикалық тұрғыдан құру. Заң мәтінінің тілдік ерекшеліктері. Заң мәтіндеріндегі орфография және пунктуация. Заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормалары. Заң мәтінінің грамматикалық және синтаксистік нормалары.
Функционалдық стильдер, кітаби стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдері. Заң шығарушы ресми стиль. Клише (тілдік стандарттар). Ғылыми стильдегі мәтіндермен жұмыс (аңдатпа, рефераттау, конспектілеу). Ғылыми мәтінді мазмұндау құрылымы және рәсімдеу ережелері. Ресми іскерлік заң құжаттары (айыптау қорытындысы, талап арыз).
Модуль 2.
Мәтіннің лексикалық деңгейі. Лексика түрлері: жалпы қолданыстағы, жалпы ғылыми, терминологиялық лексика, маргиналдық лексика (жаргон, арго). Жалпы және арнаулы құқықтық терминология. Заң мәтініндегі терминдер. Заң терминдерінің жіктелімі. Құқықтық ұғымдар мен категориялар, олардың ғылыми анықтамалары.
Модуль 3.
Тіл мәдениеті ұғымы. Кәсіби мәдениет. Кәсіби мазмұндағы монологтік айтылым. Заңгердің кәсіби сөйлеуіне қойылатын талаптар: жүйелілік, логикалылық, дәлдемелік, тазалық, сөз байлығы, мәнерлілігі. Заңгердің сөйлеу техникасы (дикция, интонация, сөйлеу ырғағы мен қарқыны және т.б.).
Құқықтық дискурс түрлері. Соттағы сөйлеу түрлері: айыптау және қорғау сөзі. Соттағы сөйлеудің құрылымдық ерекшеліктері, композициясы. Соттағы сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінің ерекшеліктері.
Заңгер мен аудитория қарым-қатынасының тілдік әдістері. Заңгердің сөйлеу имиджі. Сөйлеуге дайындық әдістемесі. Дәлелдемелердің басты түрлері, материалды іздеу әдістері. Сөйлеу кезіндегі пікір алмасудың рөлі. Дауласу мәдениеті. Дауды жүргізудің негізгі формалары. Пікірсайысты жүргізу ережелері.
|
Пән құзыреттілігі:
- тіл білімі мәселелерін: олардың негізгі лексика-грамматикалық түсініктерін, олардың басқа ғылымдармен байланысын, қазақ тілінің даму үдерістері мен қазіргі жағдайын, Қазақстандағы тарихи-мәдени және тарихи-әдеби үдерісті меңгереді;
- қазақ тілінің жүйесін пысықтау, қазақ тіл бірліктерінің құрылымы мен қолданылуы барысында халықтың тарихы мен мәдениетімен байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген коммуникативті жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдана алады;
- филология ғылымындағы жаңа жетістіктерді өз мамандығына бейімдеп тиімді меңгереді.
|
АЛҒЫСӨЗ
Пәннің жалпы сипаттамасы: Жалпы тілдік дайындық, сондай-ақ құқық пәндері бойынша қазақ тіліндегі базалық білімдерінің болуы бағдарламада көрсетілген материалды табысты меңгерудің шарты болып табылады. Бағдарлама мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы коммуникативтік қажеттіліктерімен, қазақ тілін кәсіби қызмет құралы ретінде оқытудың мақсат, міндеттерімен, кәсіби заң тілін жақсы меңгерген бәсекелестікке қабілетті маманға деген қоғамның сұранысымен анықталады.
«Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілін оқыту курсы оқу пәні ретінде коммуникативтік-кәсіби бағытты ұстанады және мынадай сипаттарға ие:
пәнаралық (қазақ тіліндегі кәсіби сөйлесімде лингвистикалық біліммен қатар конституциялық құқық, азаматтық құқық және т.б. сияқты заң саласының ғана емес, басқа салалардың, мысалы, экономика, тарих ғылымдарының мәліметтері де қолданылуы мүмкін);
көпдеңгейлік (сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тілдік құралдары мен дағдыларын игеру қажеттілігі);
қызметінің алуантүрлілігі (оқыту мақсаты ретінде де, білімнің түрлі салалары бойынша мәлімет алу құралы ретінде де қолданыла алады);
тілді оқыту кәсіби құқықтық дайындықтың құрамдас бөлігі ретінде кәсіпке оқытумен байланыстырылады.
Кәсіби тілдің ауызша және жазбаша түрлері, заң тілінің барлық деңгейлерінің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) құрылымдық ерекшеліктері, заң мәтіндерінің құрылымдық-семантикалық және логикалық құрылуының, сондай-ақ кәсіби бағытталған шығармаларды құру ерекшеліктері, болашақ заңгердің құқықтық, нормативтік құжаттармен жұмысы кезіндегі сыни ойлауын қалыптастыру оқытудың пәні болып табылады.
Кәсіби қазақ тілі курсының мазмұны бағдарламада коммуникативтік, тілдік және тілдік-кәсіби құзыреттерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін үш тақырыптық модуль түрінде ұсынылған. Кәсіби қазақ тілін оқыту мазмұны құзыреттік әдісі негізінде құрылған. Осымен байланысты коммуникативтік, тілдік, кәсіби бағытталған (алған білім негізінде өз кәсіби қызметін ұйымдастыра алу қабілеті) құзыреттер дамытылады және жетілдіріледі.
Пәннің мақсаты мен міндеттері: Болашақ заңгер студенттердің тілдік қатысымын дамытудың қажеттілігімен анықталған «Кәсіби қазақ тілі» пәнініңмақсаты–қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру, сөйлеу әрекетінің оқылым, жазылым, айтылым, естілім түріндегі коммуникативтік қарым-қатынас дағдылары мен машықтарды дамыту, қоғам өмірінің құқықтық саласы глоссарийін еркін қолдану, әдеби тілдің нормаларын және кәсіби қызметтің феномендерін бейнелейтін арнаулы мақсаттарға арналған тілді игеру. Жоғарыда айтылғанды назарда ұстай отырып, пән мынадай міндеттерді көздейді:
студенттерде өз қызмет саласында кәсіби қарым-қатынасқа түсу үшін жеткілікті
кәсіби қатысымдық тілдік және сөйлеу құзыреттері туралы түсінік қалыптастыру;
кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу және дискурстық
құзыреттерін жетілдіру;
білім алу және оны шынайы жағдаяттарда туындайтын кәсіби бағытталғанпроблемалық міндеттерді шешу үшін қолдану барысында студенттерде өз бетінше іздену-зерттеу қызметінің дағдылары, машықтары мен құзыреттерін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;
сөз мәдениетінің сатыларын таныту;
тілдің эстетикалық табиғатын таныту;
жаңа тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;
стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын жетілдіру;
жұрт алдында сөйлеуге төселдіру, көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын
меңгерту;
Күтілетін нәтижелер:
мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзара қарым-қатынас пен мәдениетаралық қатысымда қолдана алады;
мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін құрметтеу және толеранттық негізінде тұлғааралық және мәдениаралық қатысымға қабілеттілік, ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай отырып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтатын ресми шараларға қатысуға, қолдануға, іске асыруға қабілетті болады;
қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ойды жеткізу, әңгімелесушіге әсер ету, қазақ тілінде мәтінді сипаттау, хабарлау, талқылау үшін пайдаланады;
тілдер мен әдебиет үдерісін Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, мәденитарихи, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен үйлестіреді;
сөз мәдениетінің сатыларын меңгереді;
сөйлеу тілінің ерекшелігі мен стильдік бедерін ажыратады;
сөйлесім әрекеті түрлеріне қатысты сөз мәдениеті дағдыларын біледі;
сөйлеу тіліндегі ықшамдылық, үнемділік қағидаларын біледі;
жұрт алдында сөйлеуге дайындық сатыларын меңгереді;
көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын біледі;
пікірталас түрлерін меңгереді;
ғылыми көпшілік алдында сөйлеудің шарттары мен міндеттерін меңгереді;
әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды мәтіндерді құрайды.
жаңа тілдік жағдаяттарда таңдаған кәсібіне байланысты тілдік құралдарды орынды пайдаланады;
сөйлеуде көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін қолданады;
пікіралмасуда этикеттік орамдарды пайдаланып, сөйлесушілердің әлеуметтік белгілеріне қарай қарым-қатынас жасайды;
ғылыми, ресми стиль түрлерінде тілдік талғамға сай ауызша және жазбаша ойын жеткізеді;
мамандыққа қатысты басылымдарда жарияланған мәтіндерге тілдік, стильдік тұрғыда түзетулер жасайды;
таңдаған кәсібіне байланысты тақырыптарда пікірталасқа түседі;
пікірталас мәдениеті талаптарына сай пікірталас түрлерін ұйымдастырады.
Пәннің пререквизиттері: Практикалық қазақ тілі
Пәннің постреквизиттері: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы
КІРІСПЕ
Тіл – адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы, өмірдін ұлы қаруы. Қарым-қатынас майданына түскен сайын бұл құралдың икемділігі артып, шындала береді. Бірақ тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңіл бөліп, шынайы қамқорлыққа алып отырудың барысында ерекше жандана түседі.
Қазақ тілі пәні студенттердің ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; студенттердің бойына имандылық, әдептілік, адамгершілік қасиеттерін сіңіру, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу; студенттердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын дамыту; мамандығы бойынша лексикалық және терминологиялық минимумдарды меңгерту. Әңгімелеу, мазмұндау, хабарлау сынды түрлі қызметтер жүйесін құру; грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды көріністе дұрыс қолдана білу; кәсіби-оқу тілін дамыту: а) оқудың, тыңдаудың дағдылары мен қалпын қалыптастыру, әдебиеттерді мамандығы бойынша конспектілей білу; б) кәсіби оқу тақырыптары бойынша диалогтар мен монологтар құра білу; в) айтылымның негізгі құрылымдық-мағыналық түрлерін: монолог-сипаттау, монолог-мазмұндау, монолог-талқылау, диалог-әңгіме, диалог-сұхбат түрлерін жеделдетіп (интерактивті) оқыту; кәсіби қазақ тілі: ғылыми-кәсіби тілдің белсенді, жалпылама, кең көлемді болуын, яғни жан-жақтылығын дағдыландыруға қалыптастыра білу мақсатын алға қояды.Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да кедір-бұдырсыз болып, жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс қолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрыс жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз. Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай, дұрыс жұмсалуы және «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сөзімді дәл жеткізе алатындай әсерлі болуы да қажет.Тілде толып жатқан амал-тәсілдер бар. Солардың ішінен қарым-катынас жасаудың мақсатына сай келетін аса қажеттісін талғай білу арқылы ой мен сөзімді дәлме-дәл жеткізе білу шеберлігі – сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұндай шеберлік ең алдымен тіл амалдарын әдеби тіл нормасына сай, дұрыс қолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Ондай қасиетке ие болғанда ғана барып сөйлеуші, жазушы сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді т. б. сапалармен тыңдаушысын я оқушысын баурап алып отырады.
Тіл мәдениеті қазіргі заман талабына сай гуманитарлық ғылымдардың дамуында басты тетік болып отырған жаңа парадигмалардың өзара үндесімінен туындаған білім мен тәрбиенің нәтижесі болып саналады. Яғни, тіл мәдениетін дәл осы кезеңдегі білім аясында таңдап алынуының басты себептері мынадай:
Біріншіден, бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен шешім жасап, жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Олай болса, білімнің мәні - өткеннің тәжірибесін танытып, пәндік іскерліктерді қалыптастыруында ғана емес, ең бастысы, студенттің өзіндік әрекетіне бағыт беруде, оны түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс шешім қабылдай білуге үйретуінде.Жоғары оқу орнын бітіруші жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілей алу үшін оларға берілетін білім өзегінде студенттің қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуеттік күштен студент әрекетін дамытудың тетігіне, практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеурінді күшке айналады. Сондықтан жоғары деңгейдегі жас маман иесіне тілдің танымдық сипаты мен қатысымдық қызметін өмір-тіршілік жағдайларына сай етіп меңгертудің тиімді жолдарын айқындау көзделіп отыр. Бұл тіл мәдениетіне қарым-қатынастың нақты түрлері арқылы жүйелі баулу арқылы шешіледі. Тілдік мәдениеті, қарым-қатынас білігі қалыптасқан адам қай ортада да өзіне сенімді әрекет етеді, айналасындағылармен тіл табысуға қабілетті келеді. Ал тіл табыса алау – еңбек нәтижелілігінің ең қажетті шарты.
Екіншіден, тіл адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық әрекетінің де ерекше түрі болып саналады. Тіл мен сөйлеу – адам болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Бұл тұжырым студенттің қатысымдық дағдыларын дара тұлға мәдениеті тұрғысынан қарастырудың артықшылығын көрсетеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесінде кең өріс ала бастаған мәдениеттану бағытының білім мазмұнымен анық та айқын кіріктірілуі қазақ тілі пәнінде болашақ заңгерге шебер сөйлеу мәдениетін үйретудің қаншалықты деңгейде шешілуімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан аталмыш пәннің білім мазмұнында сөз мәдениеті, пікірталас мәдениетіне қатысты білімдер де қамтылады.
Үшіншіден, сөздің мазмұнын түсіну студенттің логикасын дамытумен қатар оған қалай сөйлеудің нақты жолын түсінуге де жол ашатын болса, бірде таныс, бірде бейтаныс жағдаяттарда өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік беру оның өмірлік дағдыларының тұрақты қалыптасуына жол ашады. Әсіресе, жоғары курс студенттері үшін темірдей теорияларды қайталаудан өздігінен ой түйіндерін жасау, жеке ойларын жеткізе білу қызықтырақ. Білім алушы нені білетіндігіне емес, не істей алатындығына мән береді. Бұл қазіргі таңдағы құзіреттілікті оқу нәтижесі ретінде белгілеп отырған кезеңдегі ең тұғырлы мәселе болып саналады.
Төртіншіден, пәнді оқытуды студенттің қарым-қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен, жазба тіл мәдениетімен орайластырудың негізінде жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру; оларды тілдік талғампаздыққа үйретудің бүгінгі уақыттың жаңа талаптарымен, білімді ізгілендіру, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына көз жеткізіледі. Болашақ заңгердің өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.
Бесіншіден,«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқытудың мәні мен әлеуметтік қызметі – тілдің табиғи әрі ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы екендігіне көз жеткізу. Бұл студенттің сөйлеу әрекетін дамыту арқылы жүзеге асады. Сөйлеу практикалық әрекет ретінде тілдік білімнің түпкі нәтижесі, адам қажетін өтеудің басты тетігі деп белгіленді. Сондықтан әрбір жас маман иесі өз ойын өз тілінің стилистикалық талаптарына сай айта алуға үйретуге басымдылық беріледі. Сөйлеуге үйрену – тілдік білімнің білім алушының қажеттігімен үйлесуі. Сол себепті оқу бағдарламасындағы материалдар логикалық-семантикалық ұстанымына негізделген тіл мәдениеті мен шешендік өнердің сабақтастығының жемісі ретінде ұсынылады.
Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің беделін көтеру сол тілдің даму жүйесін, қоғамдық-әлеуметтік рөлі мен қызметін, тілдің діл қалыптастырушылық маңызын, оның ұлттық құндылық ретіндегі мәнін жас ұрпақтың саналы түсінуіне байланысты.Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің мазмұны мынадай ұстанымдардың негізінде құрастырылған:
Студенттің тіл сезімін дамыту ұстанымы. Бұл студенттің осыған дейінгі игерген сөздік қорын тірек ете отырып оның тілін байыту арқылы шешіледі. Яғни, тіл оның ішкі қажеттіліктерімен үндесуі, ойластырылуы қажет.
Сабақ барысында студент білімді тәжірибе арқылы өзі алуы керек. Мұғалімнің міндеті – балаға жұмысты шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру.
Пәннен өтілетін әр тақырыптың беретін пайдасына студенттің көзін жеткізе оқыту. Бұл қазіргі әлемдік білім жүйесінде басшылыққа алып отырған оқытудың мотивациялық сипатын күшейту бағытымен өзектесіп жатыр. Әсерлі, көркем сөйлеуге талпыныс туғанда ғана білім алушы өзінің сөз мәдениетін жетілдіру қажеттігін шын сезінеді.
Сабақ барысында тілдің ғылыми негіздерін сапалы меңгерту үшін тектік, түрлік ұғымдарды бір-бірінен жігін ажырата оқыту. Бұл теориялық білімді студенттің коммуникативтік біліктілігінің базасы әрі оның ойлауын дамытудың көзі ретінде саналы түсінуінде маңызды рөл атқарады. Атап өтетін мәселе, біздің қазіргі білім жүйесі пәндік білімді негіз етіп ұстанып отырған кезеңде бұл қағида тілімізді жалаң ережелерден арылтып, жас ұрпақтың тіл туралы дүниетанымын кеңейтудің, тіл арқылы ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытудың кілті болып табылады.
Қазақ тілін өз табиғатына сай оқыту. Бұл – қазіргі қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды түбегейлі өзгертудің тетігі болатын ұстаным. Кеңестік кезеңде өзге тілдің қалыбына зорлықпен таңылған қазақ тілінің бүкіл тілдердің әлемдік кеңістігінде қайталамасы жоқ ерекшелігін, даралығын, қасиетін барынша зиялылықпен, тереңдікпен танытуға мүмкіндік беріліп отырған тұста сапалы тілдік білім мен тілді сүюге тәрбиелеудің тізгінін ұстанатын осы қағида қатаң сақталуы тиіс. Өйткені «жас ұрпақтың ұғымы ақпараттарды талдау, топтау, салыстыру, жалпылау, жинақтау секілді логикалық әдістердің көмегімен оның ойлау әрекеті негізінде қалыптасады». Бұл әдістер тек сол тілді өз ерекшелігіне сай меңгеру нәтижесінде таным құралына айналады.
ОҚУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША САҒАТ САНЫ
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Жалпы сағат көлемі
|
Академиялық сағаттың сабақ түрі мен семестр бойынша жіктемесі
|
Қорытынды бақылау
|
Семинар\ Практикалық сабақтар
|
Лабораториялық сабақтар
|
КР
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
3
|
5
|
KZ
2
|
ECTS
2
|
90
|
30
|
-
|
-
|
30
|
30
|
Емтихан
|
Достарыңызбен бөлісу: |