«филология» кафедрасы



бет2/3
Дата11.10.2022
өлшемі46,48 Kb.
#152683
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word
тақпақ, Баланың жеке даму картасы (1)[1], 1543085243, Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсат,міндеттері реферат, перспективка на каз яз для малышей, Грамотей, «Балалар, бұл жол басы даналыққа» баяндама, Баяндама Тіл мен ойлаудың өзара байланысы, Бұлттық технологиялар презентация, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақала
“Әліппе” кезеңі.
Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты – оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.
Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.
Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасайды. Буындап оқытып буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу.
Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады.
Талдау әдісі: сөйлеуден сөйлетуді, сөйлеммен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп аламыз.Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады, сөйлеуге дағдыланады. Талдаудың басты тәсілі – дыбыстық талдау. Мұндау талдауда сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.
Жинақтау әдісі: дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен сөйлеу арқылы тұтас әнгіме шығарамыз.Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз.
Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар:
1. Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау. Дыбыстар мен әріптерді таныту мақсатында сөз бен жеке дыбысты бөліп алу үйретіледі. Бөліп алынған дыбыстың орын ретін анықтайды (басында, ортасында, аяғында). Жеке дыбысты анық естіп, дұрыс дыбыстауды меңгерту. Оның дауысты не дауыссыз екенін айқындау.
3. Таныстырып отырған әрпіміз бойынша жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқуын қалыптастыру, ондағы мазмұнды суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру.
2. Таныстырылатын дыбысымызды сөзге жинақтау, буынның құрамын ажырату, берілген заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру.
4. Жеке әріптерді жазуға үйрету, жазу үлгісі бойынша жазу. Сауат ашу кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстармен, олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді. Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.
1. А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У.
2. Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ұ, Ң, Ы.
3. Е, К, І, Ө, И, З, Ә, Ү, Г.
4. Я, Ю, Х, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, Ь, Ъ.
“Әліппеде” “оқу мен жазу” тұтас бірлікте қарастырылған. Жазу жұмысының өзіндік қиындығы бар. Бала көптеген ережені бір мезгілде орындауға тиісті. Сауат ашу – жазуға төселдіру, үздіксіз жазу жаттығулары арқылы іске асады. Әрбір әріптің жазба нұсқасының бас әрпі мен кіші әрпін таныстыру кезінде әріпті құрайтын элементтердің дұрыс жазылуын басты назарда ұстау керек.
Әріпті жазып үйренудің тәртібі:
1) сөзге дыбыстық талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау;
2) жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету (плакаттан, әліппеден);
3) жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету;
4) жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;
5) жаңа әріпті тұтас жазу;
6) жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;
7) құрамында жаңа әріп бар буын, сөз жазу;
8) сөйлем жазу;
9) баланың жұмысына талдау жасау
Әліппе бағдарындағы сөздер оқу материалының бірі болып табылады. Ондағы сөздер міндетті және мүмкін дейгейде оқу үшін 2 бағанда берілген:
2) тұтас оқу.
1) буындап оқу;
Буын сандарының жасалуын (бағандағы сөздердің) А.Байтұрсыновтың еңбектері тиімді түрлері қарастырылған. Ол:
1. Сөз соңына әріп қосу: шаш..., монша...
4. Сөздегі әріптердің орнын ауыстыру: мақал-қалам.
3. Сөзге буын жалғау арқылы: мал-малта, бақ-бақша
2. Сөздегі бір әріпті өзгерту: мал-мол, баба-бала.
“Әліппе” кезеңіндегі тіл дамыту жұмысы 3 салада жүреді:
1.Сөздік жұмысы – оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру, түсініп оқуға баулу, жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту,әр сабақта бағандағы сөздермен,мәтіндегі сөздермен жүргізіледі.
2.Сөйлем құрастыру- сөздерді бір-бірімен байланыстырып,ауызша құрастыру арқылы жүйелі жазып, баяндауға үйретеміз.
Мысалы:шарапат шашу,шаш (етістік),алма-жеміс (зат есім).
3.Сұрақ-жауап үлгілері,диалог сөйлеуге үйрету материалдары берілген.Мұндай материалдар тек қана сауат ашуға байланысты берілген:жер,су,адам аттарының бас әріппен жазылатынын үйрету.Сонымен қатар тілдік грамматикалық түсінік және тәрбие тақырыптары қоса берілген.
Әліппеден кейінгі кезең
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта “Ана тілі” пәнін оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамына оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл-ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі – мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді. Әліппеден кейінгі кезеңде оқытудың мынандай міндеттері қарастырылады.


1.Буындап оқуды жетілдіре отырып, барлық оқушыны сөздерді тұтас оқуға төселдіру. Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланысты. Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.


2. Оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді жою арқылы сынып білімін теңестіру; әрбір оқушының өздігінен оқып, жазуын қамтамасыз ету.


3. Оқу техникасын жетілдіру арқылы дұрыс оқу, саналы түрде түсініп оқу, мәнерлеп оқу, жылдам оқу машықтарын қалыптастыру. Оқушыларды сөйлемді және мәтінді оқуға үйрету жұмыстарының бәрі мағынасын түсініп оқу мақсатына бағытталады, осы жолда мәтінді мәнерлеп оқу тәсілінің маңызы зор. Бұл шара тыныс белгілеріне қарай кідіріс жасау, екпін мен интонацияны дұрыс қолдана білу дағдыларын меңгерту мақсатында жүргізіледі. Нүкте, сұрақ, леп белгілері не кідіріс жасау арқылы оқушы сөйлемдердің жігін айыра алатын болады. Нүкте қойылған сөйлемнің аяғында дауыс күшінің бәсеңдейтіні, сұрақ белгісі бар сөйлемде сұрау мәні бар сөздің көтеріңкі екпінмен айтылатыны, ал леп белгісі қойылған сөйлем ерекше сазды әуенмен оқытылатыны мұғалімнің өзі оқып, үлгі өнеге көрсету жолымен меңгертіледі.





4. Біршама көлемді, бірақ қызғылықты да түсінікті мәтіндерді: әңгіме, өлең, ертегілерді сыныпта және сыныптан тыс уақытта үнемі үзбей оқуға жаттықтыру, (қосымша оқуға “Әліппе серігіндегі” материалдар ұсынылады).


5. Оқылған мәтін мазмұнын түсініп, мұғалімнің қойылған сұрақтары мен мағыналық бөліктерге бөлген жоспар бойынша әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, өз сөзімен айтып беруге төселдіру.


6. Теріп оқу, рөлге еніп оқу, мәтінге, оның бөліктеріне ат қою, өлең жаттау жұмыстарына арнайы көңіл бөліп отыру.


7. Оқушылардың сауатты, көркем жазуын қалыптастыру; сөздегі әріптердің өзара жалғастық белгілерін меңгерте отырып, біркелкі үзбей жазуға дағдыландыру, шағын сөйлемді көшіру, есте сақтау арқылы жазуға төселдіру.


8. Мазмұнды суреттеу, оқылған мәтіндер және оқушылардың көрген-білгені, серуен, саяхат материалдары, т.б. бойынша шағын көлемді әңгіме жазуға жаттықтыру.


9. Жазылуы мен айтылуы әр түрлі сөздердің емлелік және пунктуациялық нормаларды сақтауға қалыптастыру.


Әліппеден кейінгі кезеңде мәтіндерді оқытудың мынадай әдіс-тәсілдері қолданылады:



  • Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

  • Мәтінді мұғалімнің оқуы.

  • Сөздік жұмысын жүргізу.

  • Мәтінді оқушылардың бөліп-бөліп оқуы (1-2).

  • Мәтінді оқығаннан кейін қысқаша әңгіме өткізу.

  • Мәтінді бөліктерге бөлу.

  • Мәтінді толық оқу.

  • Сұрақтарға жауап беру.

  • Жауаптарды мәтіннен табу.

  • Қорытынды әңгіме (тақырыптардың тәрбиелік мәнін ашу, дамытушылық жұмыстар).

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Мәтінді рөлге бөліп оқыту.

  • Шығармашылық жұмыстар (мақал, ойын, сахналық қойылым, сурет салу, мәнерлеп жатқа айту).

Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезінде де жүргізіледі.


Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан өзгешелігі – оқыту ісіндегі талдау және жинақтау процесінің бірлігінде.
Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойлады: бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілетін жетілдіру, екңншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету. Сөйлем құрастырудың мынадай түрлерін пайдалануға болады.
Әліппеге дейінгі кезең
1. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын байқау.
3. Сөздік қорларын анықтау.
2. Сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсініктер беру.
2. Әліппе кезеңі
2. Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.
3. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
4. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы, т.б.) бірте-бірте жою бағытындағы жұмыстар жүргізу.
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөздік қорларына енгізу.
Әліппеден кейінгі кезең
1. Оқушылардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
2. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге дағдыландыру
3. Сөздерді орынды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
4. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру.
1. Ойыншықтар арқылы ауызша әңгімелесу.
2. Сурет бойынша әңгімелесу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет