2-межелік бақылауға арналған тапсырмалар. 1-нұсқа. 26. Қазақ әдебиетін оқытудағы негізгі инновациялық технологияларды қолданудың қандай жолдары барын көрсет.
27.Дәстүрлі оқыту үлгісі мен жаңаша оқыту үлгісін салыстырмалы сипаттама бер.
28.Шығармашылық, эстетикалық, танымдық қабілеттерді қалыптастырудағы дамыта оқытудың ролін көрсет.
29. Оқытудың жаңа технологияларын топтап көрсет.
30.Жоғары белсенділікті дамыту әдістемесін ( интерактивті )сабақта қалай қолдануға болады?
31. Әдебиетті пән ретінде оқыту қай жылдары басталды?
32. Тұңғыш қазақ әдебиетінің бағдарламасы қай жылы жазылды?
33. Әдеби шығарманы оқу алдында қандай жұмыстар жүргізіледі?
34. Әдебиетке байланысты үйірме жұмыстарын жүргізудің жолдары қандай?
35. Қандай шығармалар үйде оқылады?
36. Әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға не жатады?
37. Қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасуына алғашқылардың бірі болып еңбегі сіңген адам кім?
38. «Әдебиетті оқыту методикасы» (1966) еңбегінің авторы:
39. Әдебиетке байланысты ұйымдастырылатын үйермелердің қандай түрлері бар?
40. Жазбаша тіл дамыту жұмыстарын қалай жүргізуге болады?
41. Мектептің күнтізбелік-тақырыптық оқу жоспары қалай жасалады?
42. Сабақ формуласы қандай?
43. Әдебиеттік шығарманы оқып үйренуде, талдауда қолданылатын әдістердің ішінде ерекше орын алатыны:
44. Драмалық шығармаларды келістіріп оқудың тиімділігі неде?
45. Әдебиеттік кейіпкерге берілетін мінездеме неше түрге бөлінеді?
2-нұсқа. 46.Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып қанша деңгейге бөлуге болады?
47.Бейнеқұралдарды сабақта пайдаланасыңдар?
48.Электронды құралдарды пайдаланудың тиімділігін дәлелде?
49.Ақын табиғат суреттерін дөп басып көрсету үшін, қандай тілдік салыстырулар жасайды?
50.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсет.
51.Әдебиеттің танымдық-білімдік, тәрбиелік мәнін арттыруда пәнаралық байланыстың ролі қандай?
52.Әнші сазгерлер шығармашылығын бағдарлама бойынша өткенде қандай пәнаралық байланыс болады?
53.Мазмұндама, шығарма жаздыруға үйретуде қазақ тілі мн әдебиеті сабақтарының қызметін анықта.
54.Проблемалық оқыту технологиясы туралы не білесің?
55.Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясының үлгісі қандай?
56.Сабақтың құрылысы мен мазмұнына қандай талаптар қойылады?
57.Жаңа технологиялық әдістердің мәтінді меңгертудегі ролі қандай?
58.Пән мұғалімі мақсатына жету үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланады?
59.Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлерін атап көрсет.
60.Шығарма жазуға төселдірудің қандай жолын білесің?